Accessibility links

ЖАҢАЛЫҚТАР

Кабулдағы рейд барысында 7 адам қаза тапты

Ауғанстанның ұлттық барлау мекемесінің басшысы бүгін Кабулда лаңкестерге қарсы жүргізілген рейдте 7 адамның опат болғанын хабарлады. Әмруллаһ Салехтың мәлімдеуінше, бұл операцияда 2 террорист, жанкештілік шабуыл жасағысы келген бір әйел, сондай-ақ, бір бала мен Ауған қауіпсіздік күштерінің 3 мүшесі қаза тапқан. “Талибан” баспасөз-хатшысының хабарлауынша, өлтірілген екі жауынгердің демалыс күндері жасалған шабуылға қатысы бар. Айта кету керек, әскери парад кезінде орын алған ол шабуылдан президент Хамид Қарзай аман қалған болатын.

Ресейде 3 өзбек азаматы өлтірілді

Мәскеу облысында тағы 3 өзбек азаматы өлтірілді. Тергеушілердің айтуынша, сейсенбі күні Ивакино ауылында белгісіз бір адамдар бір өзбек азаматының мойынын кесіп кеткен. Ал қалған екі өзбек азаматының мәйіттері бүгін таңертең Ешкино ауылындағы құрылыс жұмыстары болып жатқан жерде табылған. Соңғы кездері Ресейде Кавказдық және Орталық Азиялық азаматтарға қарсы нәсілшілдік негіздегі бірқатар шабуылдар орын алған болатын.

Еуропа Одағы Абхазияға қатысты Ресей шешімін сынады

Грузияның жікшілдік бағыттағы Абхазия аймағына қосымша бітімгершілік күштерін жіберу жөніндегі Ресейдің шешімін Еуропа Одағы сынға алды. Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Хавиер Солана сейсенбі күні Люксембургта Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен өткізген келіссөздерінен кейін хабарлады. Солананың айтуынша, бұл әрекет Мәскеу мен Тбилиси арасынлдағы шиеленісті жағдайды жақсартпайды.

“Егер тіпті Ресей бітімгершілік күштері санының көбейтілуі орынды болса да, егер біз теке-тіресті азайтқымыз келсе де, менің ойымша, қазір сарбаздардың санын өсіру ақылды шара емес. Мен бұл туралы достық көңіл-күйде Ресей сыртқы істер министріне де айттым”, - деді Солана.

Ресей Грузияның Абхазияға шабуыл жасау жоспары бар деп ескертіп, ол аймаққа қосымша сарбаз жібереміз деп мәлімдеген болатын. Грузия премьер-министрі Ладо Гургенидзенің айтуынша, Мәскеудің бұл әрекеті аймақты тұрақсыздандырады. Ал президент Михаил Саакашвили алпауыт ел Ресей Грузияны “ғаламдық теке-тіреске” тартпақшы деп мәлімдеді.

Ресейдің Абхазияға қосымша әскер жіберу жөніндегі шешімін Еуроодақ сынады

Грузияның жікшілдік бағыттағы Абхазия аймағына қосымша бітімгершілік күштерін жіберу жөніндегі Ресейдің шешімін Еуропа Одағы сынға алды. Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Хавиер Солана сейсенбі күні Брюссельде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен өткізген келіссөздерінен кейін хабарлады. Ресей Грузияның Абхазияға шабуыл жасау жоспары бар деп ескертіп, ол аймаққа қосымша сарбаз жібереміз деп мәлімдеген болатын. Грузия премьер-министрі Ладо Гургенидзенің айтуынша, Мәскеудің бұл әрекеті аймақты тұрақсыздандырады. Ал президент Михаил Саакашвили алпауыт ел Ресей Грузияны “ғаламдық теке-тіреске” тартпақшы деп мәлімдеді.

Иран мұнайға қатысты операцияларын АҚШ долларында жасамайтын болды

Иран мұнайға қатысты барлық келісімдерді АҚШ долларында жасауын тоқтатты. Бұл туралы Иран мұнай министрлігінің өкілі Хожатолла Ғанимифард хабарлады. Оның айтуынша, мұндай опарациялар бүгін евро мен иена арқылы іске асырылуда. ОПЕК-тің екінші ірі мұнай өндірушісі боп табылатын Иран елі Американдық валюта құлдырап жатқан кезде долларға тәуелділігін азайтып отыр.

Ирақта тағы екі АҚШ әскері қаза тапты

АҚШ ресмилерінің хабарлауынша, Ирақта тағы екі АҚШ әскері қаза тапқан. Олардың екеуі де сейсенбі күні Бағдадтың солтүстік-батысында бүлікшілердің шабуылынан опат болған. Сөйтіп, 2003-ші жылдың наурыз айынан бері Ирақта көз жұмған АҚШ сарбаздарының саны 4 мың 50-ден асып отыр.

АҚШ «Азат Еуропа / Азаттық» радиосының интернет парақшаларына жасалған компьютерлік шабуылды айыптады

«Азат Еуропа / Азаттық» радиосы Беларус қызметінің вебсайтына жасалған компьютерлік шабуылды АҚШ үкіметі айыптап отыр. Мемлекеттік департаменттің баспасөз-хатшысы Джесика Саймонның мәлімдеуінше, бұл оқиға Беларустегі тәуелсіз ақпарат құралдарына қарсы шабуылдардың ең соңғы мысалы боп табылады. Сенбі күні басталған компьютерлік шабуылдар «Азат Еуропа / Азаттық» радиосының тек Беларус қызметінің вебсайтына бағытталған болуы мүмкін. Алайда, ол – «Азаттықтың» 9 редакциясының Интернет парақшаларына кедергі болды.

Иран президенті Теһранға оралды

Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Үндістаннан еліне оралды. Ахмадинежадтың Үндістанға сапырының күн тәртібіндегі басты тақырып Үндістан, Иран, Пәкістан елдерін қосатын газ құбыры мәселесі болды. Үндістан басшыларымен өткізген келіссөздерінен кейін Ахмадинежад 7,5 миллиард долларлық жоба жақын арада аяқталады деп мәлімдеді. Бұл жобаға АҚШ қарсы болып отыр, бірақ Үндістан өз экономикасы үшін қажет болған энергия ресурстарын кез келген бұлақтан алуды қарастыратындығын анық айтты.

Еуроодақ Абхазияға көп әскер жіберу жөніндегі Ресей шешімін сынады

Одақтың Сыртқы істер басшысы Хавиер Солана сейсенбіде, Брюссельде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуден кейін сөйлеген болатын. Абхазияға қарсы әскери шара әзірлеуде, деп Грузияны айыптай келіп, сол себепті ол аймаққа көбірек бейбітшілік күштерін жіберіп жатырмыз, деді Ресей тарапы. Президент Михайл Саакашвили Грузияны Ресей елі әлемдік теке-тіреске тартуға тырысып отыр, деді.

«Азаттық» радиосы Беларус қызметінің веб парақшасына жасалған компютерлік шабуылға байланысты АҚШ үкіметі өкініш білдірді

Беларус еліндегі еркін де тәуелсіз бұқаралық ақпаратқа жасалып отырған шабуылдардың бұл бір мысалы ғана, деді Мемлекеттік департамент өкілі Жесика Симон. Сенбіде басталған бұл шабуыл тек Беларус вебсайтын ғана көздеген сияқты. Алайда оның кесірінен Азаттықтың басқа тоғыз веб парақшалары істен шыққан еді.

Ауғанстанның оңтүстігінде бірнеше жүздеген Британия солдаттары мен АҚШ жаяу әскері ірі шараны бастап кетті

Хельманд аймағындағы Гармсер ауданы Талибандардың бақылауында және мұнда ірі көлемдегі көкнәр өсіріледі. Дүйсенбіде басталған бұл әскери шара мақсаты- Ауған халқының қауіпсіздігін нығайту, делінген НАТО-ның бастауындағы Қауіпсіздік көмек күштері мәлімдемесінде.

Еуропа одағы Сербиямен тығыз қарым-қатынас келісіміне қол қойды

Еуроодақ Сыртқы істер министрлері мен Сербия үкімет басшысының орынбасары Бозидар Джелич келісімге Люксембургте қол қойды. Соғыс қылмыскерлері деп айыпталғандарды БҰҰ-ның трибуналына Белградтың тапсыруын Тұрақтылық және қауымдастық жөніндегі аталған келісімді жүзеге асырудың шарты ретінде Еуроодақ қойды.

БҰҰ азық-түлік дағдарысын реттеу шараларын қолға алды

Бас хатшы Пан Ки Мунның жетекшілігімен ғаламдық азық-түлік бағасының шарықтауын реттеу барысында жедел қызмет ететін орган құрылатын болды. Бұл жөнінде Пан Ки Мун Бернде Әлемдік банк пен Халықаралық қаржы қорының жетекшілерімен кездескеннен кейін баспасөз-мәслихатында хабарлады.

- Біз ғаламдық азық-түлік дағдарысына байланысты БҰҰ-ның күрес шараларын, міндеттерін белгіледік, мен халықаралық арнайы агенттіктердің жетекшілерімен және Халықаралық қаржы қоры мен Әлемдік банк басшыларымен бірге оны атқарудың тиімді механизмдерін қарастыратын боламын, - деді Бас хатшы.

Ғаламдық азық-түлік дағдарысына тойтарыс беру үшін алдыңғы кезекте қолға алынатыны - азық-түлік бағдарламасына арнап 775 миллион доллар бөлу көзделген. Тағы да 1,7 миллиард доллар кедей елдердегі фермерлерге қолдау көрсетуге бөлінеді.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Талибандар бақылауындағы аймақта АҚШ және Британия жасақтары операциялар бастады

НАТО бастауындағы күштер Хелманд провинциясында басты шабуылдарды жүргізуде, себебі бұл аймақ талибандарың бақылауында және мұнда апиын өсірілетін алқаптар көп. НАТО-ның халықаралық бітімгершілік күштері жариялаған мәлімдемеде дүйсенбі күні басталған шабуылдардың мақсаты Гармсер ауданындағы ауған азаматтарының қауіпсіздігін нығайтуды көздейді деп жазылған.

Қауіпсіздік кеңесі Кабулдағы мерекелік шеру барысында болған шабуылды айыптады

Жексенбі күні ауған астанасында орын алған бұл шабуылдан президент Хамид Қарзай аман қалғанымен, үш адам құрбан болған еді. Қауіпсіздік кеңесі аталған қастандықты лаңкестік шабуыл деп атап, оны жүзеге асыру үшін мерекелік шеру өткізіліп жатқан уақыттың таңдалып алынғанын қатты айыптады. Мәлімдемеде шабуылды ұйымдастырғандар мен атқарушылардың әділ жазаға тартылуы керектігі айтылған. Қауіпсіздік кеңесі сондай-ақ өз мәлімдемесінде Ауғанстанға талибан мен әл-Қаиданың, заңсыз есірткі өнімдеріне қатысы бар қылмыстық топтардың қатер төндіріп тұрғаны жөнінде алаңдаушылығын қайталаған.

Бүгін Ресей Грузияны Абхазияға қарсы соғысқа дайындалып жатыр деп айыптады

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Тбилиси бақылауындағы Кодори шатқалының жоғары аймағына Грузия 1500-дей жасағы мен полиция күштерін шоғырландырып жатыр деп жазылған. Грузия қорғаныс министрінің орынбасары Бату Кутелиа бұл айыптауға ешқандай жауап бермеді. Ал бұл аралықта Ресей қорғаныс министрі болса, Грузияның сепаратистік бұл екі аймағындағы жағдай күрделене түскендіктен, Ресей өзінің Абхазия мен Оңтүстік Осетиядағы бітімгершілік жасақтарын нығайтуға мәжбүр болды деп айтқан.

Бүгін Бағдадта Саддам Хусейін режимінде жоғары лауазымды қызметтер атқарған Тариқ Азиздың соты басталады

Ирақ астанасындағы Жоғарғы сотта Саддам тұсында сыртқы істер министрі және вице-премьер болған Тариқ Азизге 1992 жылы БҰҰ-ның санкцияларына қарамастан, бірінші кезектегі тұрмыстық заттарға бағаны өсіріп, қымбаттатып жіберді деп айыпталған 42 саудагерді өлім жазасына кесуге бұйрық берген деген айып тағылуда. Егер бұл айып дәлелденсе, Тариқ Азиз өлім жазасына тартылады. Азизбен бірге айыпталушылар орындығында Саддам режимінің тағы бірнеше өкілі бар.

Ирақ астанасындағы шайқаста 40-тан аса шиит жауынгері мен 4 АҚШ солдаты қаза болды

Құрама Штаттар әскерилерінің айтуынша, сәуірдің 27-інен бері Бағдаттың Садр қала аймағында 45-тей қарулы жауынгер өлтірілген. Бақылау бекетіне шабуылды тойтару үшін АҚШ танкілері оқ ашқан кезде, жексенбіде 22-дей қарулы адам қаза болды.

Тариқ Азизи Ирақтың Жоғарғы сотына тартылмақшы

Ол Ирақ диктаторы Саддам Хусейн билігі кезінде Сыртқы істер министрі және үкімет басшысының орынбасары болған. Ирақтың Кувейтке 1990-шы жылы басып кіргені үшін БҰҰ тарапынан Ираққа тиым салынған тұста, “қажетті тауарларды қымбат бағамен сатты” деген айыппен 42 саудагерді өлтіруге бұйрық берді деп табылса, Азиз өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Түркмен және Ауған министрлері энергия, көлік қатынасы мен мәдениет бойынша келісімдерге қол қойды

Қабылдағы осы басқосу барысында, сондай-ақ Түркмен президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Ауған президенті Хамид Қарзай екі жақты байланыстарды нығайту келісімдеріне қол қойды. Және ол екеуі Түркменстан газын Ауғанстан арқылы Пәкістан мен Үндістанға шығаратын құбыр тарту жоспарын да талқыласты.

«Азаттық» радиосының сегіз веб-парақшасына компьютерлік шабуыл жасалды

АҚШ-тың қаржыландыруындағы бұл халықаралық ақпарат бұлағының айтуынша, шабуыл бұған дейін болмаған және пәрменді деңгейде орын алды. Сәуірдің 26-сында басталған шабуыл кесірінен «Азаттықтың» орыс, иран, әзірбайжан, тәжік, беларус және Балқан елдері тілдеріндегі веб-парақшалары істен шыққан еді. Олардың барлығы да қайтадан іске қосылды.

“Шынайы ақпараттардың тыңдаушыларына жетуіне диктаторлар кедергі келтіре алмайды”, - деді «Азаттық» президенті Жефри Гедмин.

БҰҰ-ның Бас Хатшысы Ауғаныстандағы шабуылды айыптады

БҰҰ-ның Бас Хатшысы Пан Ги Мун Ауғаныстандағы президент Хамид Қарзай қатысқан әскери парадқа болған шабуылды айыптады. Жексенбі күні президент Хамид Қарзай, зымыраннан тақылаған оқтан аман шыққан, бірақ оның ішінде 10 жасар бала мен парламент мүшесі бар үш адам қаза тапты. Және 10 шақты адам жарақат алды. Бұл шабуылға жауапкершілікті талибандар алды. Шабуыл жасаған алты адамның үшеуі атыста өлгені хабарланып отыр.

Бейжин олимпиадасының алауы Пхеньянға келді

Бүгін Бейжин олимпиадасының алау эстафетасын спортшылар Солтүстік Кореяның астанасы арқылы алып жүрді. Олимпиада алауы коммунистер жетекшілік ететін мемлекетте бірінші рет болып отыр. Пхеньян көшелеріне шыққан мыңдаған адам эстафетаның басталуын көріп, кейбір адамдар қытайлық туларды ұстап шыққан. Бұл шара бейбіт жағдайда өтті. Өйткені, Солтүстік Корея билігі Қытаймен одақтас және қоғамдық келіспеушілікті қабылдамайды. Осыған дейін Бейжин олимпиадасының алауы Еуропа, Құрама Штаттар, Латын Америкасы және Азия елдеріне барғанда, Қытайдың Тибет көтерілісшілерін басып тастағаны мен Қытайдағы адам құқына байланысты наразылықтар болған.

Ауғаныстанның шығысындағы шайқаста ондаған бүлікші өлтірілді

АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, Ауғаныстанның шығысындағы шайқаста ондаған бүлікші өлтірілді. Бүгінгі таратылған мәлімдемеде, ол қақтығыс бес бірдей АҚШ және Ауған әскерилерінің өкілдіктеріне содырлар шабуылынан кейін болғаны айтылып отыр. Бұл шайқаста 12 бүлікші жараланып, АҚШ және ауған әскерлері аман қалған делінген бұл мәлімдемеде. Ол шайқас Кунар провинциясының шығысындағы Коренгал жазығында болды.

Түркіменстан мен Ауғаныстан энергия, транспорт келісіміне қол қойды

Түркіменстан мен Ауғанстан министрлері бүгін Қабулда энергетика, транспорт және мәдениет мәселелеріне қатысты келісімге қол қойды. Қол қою рәсімі барысында Түркмен президенті Гурбангұлы Бердымұхаммедов пен Ауған президенті Хамид Қарзай екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға келісті. Сонымен қатар, олар Түркімен газын Ауғанстан арқылы Пәкістан мен Үндістанға тасымалдайтын құбыр салу туралы жоспарды талқылады.

Тағы

XS
SM
MD
LG