Accessibility links

ЖАҢАЛЫҚТАР

Грузиядағы орыс әскері туралы ақпарлар қарама-қайшы

Грузиядан алынған хабарға қарағанда, Ресей әскерінің Грузиядан кетіп жатқан нышаны байқалмайды.
Ал “РИА “Новости” агенттігінің хабарлауынша, әскерді шығару басталды, Оңтүстік Осетиядан шыққан соғыс техникасы Ресейдің Владикавказ қаласына оралуда.
Ресей президенті Д.Медведев өз әскерін Грузиядан бүгін шығара бастауға уәде берген еді. Орыс әскері Грузияға 10 күндей бұрын кірді.
Алайда Кремль әскерді шығарудың ешқандай кестесі болмаған, сондықтан да әскерді шығару қауіпсіздіктің қосымша шараларына қатысты болады деп мәлімдеді.
Батыс елдері Ресейден әскерін шығаруды талап етті, Франция егер Мәскеу оған көнбесе, онда Еуропа Одағы басшыларының арнайы отырысын шақыратынын мәлімдеді.

М.Саакашвили Кремлді келіссөзге шақырды

Алдын-ала таспаға жазылып, теледидардан бүгін берілген жаңа сөзінде грузин лидері М.Саакашвили Ресей әскерінің Грузиядан кетуін талап етті және келешекте қарулы жанжалға мүлде жол бермеу үшін Ресей мен Грузияның өзара келіссөз жүргізуге тиіс екенін мәлімдеді.
Ресей президенті Д.Медведев өз әскерін Грузиядан бүгін шығара бастауға уәде берген болатын. Орыс әскері Грузияға 10 күндей бұрын кірді. Батыс елдерінің басшылары Ресейдің Грузиядан әскерін шығару жөніндегі міндеттемесін қалай орындап жатқанын қадағалайтындарын мәлімдеді.

Батыс орыс әскерінің Грузиядан кетуін бақылайды

Теледидардан бүгін берілетін жаңа сөзінде грузин лидері М.Саакашвили Ресей әскерінің Грузиядан шығарылуын талап етеді және келешекте қарулы қақтығысқа жол бермеу үшін Ресей мен Грузияның тиесілі шара қабылдауға тиіс екенін атап көрсетеді.
Ресей президенті Д.Медведев әскерін Грузиядан бүгін шығара бастауға уәде берген болатын. Орыс әскері Грузияға 10 күндей бұрын кірді. Батыс елдерінің басшылары Ресейдің Грузиядан әскерін шығару жөніндегі міндеттемесін қалай орындап жатқанын қадағалайтындарын мәлімдеді.

Оңтүстік Осетияда үкімет таратылды

Оңтүстік Осетияда үкімет таратылып, республикада төтенше жағдай жарияланды. Ол туралы бүгін “Вест 24” телеарнасынан халықаралық қоғам мойындамаған республиканың президенті Эдуард Кокойты хабарлады. Жексенбі күнгі үкімет мәжілісінде Кокойты қайырымдылық көмекті үлестіріп беруді ұзаққа созғаны және өзінің тапсырмаларын дер кезінде орындамағаны үшін үкімет мүшелерін өткір сынға алған болатын.

Тәліптер жаңа қастандықттарды жоспарлауда

Барлау мәліметтері бойынша, тәуелсіздік мерекесіне байланысты бүгінгі салтанаттың барысында экстремистер бейбіт халық пен қарулы күштерге және үкіметке қарсы түрлі қастандық ұйымдастырмақшы. Ауғанстандағы АҚШ әскерінің қолбасшысы осылай деп ескертті.
Генерал Джеффри Шлессер мәлімдегендей, АҚШ әскері ауған халқына төнген қауіп-қатердің күшейе түскенін хабарлауды дұрыс көрді. 1
919 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздік алуының 89 жылдығы тойланатын Кабулдың ішкі- сыртқы қауіпсіздігін қорғау үшін шамамен 7 мың адам жұмылдырылды.
Өткен сәуірде президент Х.Қарзайдың қатысуымен өткен әскери шеруге содырлар оқ жаудырып, 3 адам қаза тапқан болатын.

Ауғанстанда тағы бір қанды қастандық болды

Бүгін Ауғанстанда болған жарылыстан 9 бейбіт тұрғын мерт болып, тағы 13-і жараланды.
Хост облысының әкімі хабарлағандай, жұмысқа орналасу үмітімен АҚШ-тың әскери базасының қақпасы алдына жиналып тұрған халықтың ортасында жанпидашыл терроршыл өзін-өзі жарып жіберді. Жарылыстың жай-жапсарын тергеуге келген полицейлер тағы бір терроршыны атып өлтірді.

Ресей әскерінің Грузиядан шығарылуы қадағаланады

Батыс елдерінің басшылары Ресейдің Грузиядан әскерін шығару жөніндегі міндеттемесін қалай орындап жатқанын бақылауында ұстайды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы К.Райс Ресей президенті Д.Медведев өзінің уәдесінде тұрып, Ресей әскерін қақтығыс басталған сәтке дейінге шебіне бүгін шегіндіре бастайды деген үмітін білдірді.
Оңтүстік Осетиядағы жанжалға мәмілегер болып қатысып, тараптарды бітімге жеткізген француз президенті Н.Саркози Мәскеуді әскерін шығаруды ұзаққа созбауға шақырды.

Теһранда Иранның ядролық мәселесі талқылануда

Атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігі Бас директорының орынбасары Олли Хейнонен Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын тақылау үшін бүгін Теһранға барды.
Халықаралық қауымдастық Иранды уран шикізатын байытудан бас тартуға көндірмекші.
Жексенбі күні Иран жер серігін алып самғай алатын ғарыш зымыранын ұшырды, ал оған АҚШ алаңдайтынын мәлімдеді. Ақ үйдің пікірінше, Иранның ғарыш зымыранын құрастырып шығаруға пайдаланған технологиясымен ядролық оқтұмсықтарды алып ұша алатын баллистикалық зымыранды да құрастыруға болады.

Пәкістан президенті Мушарраф биліктен кетеді

Өзіне импичмент жариялану қатері төнген П.Мушарраф теледидар арқылы халыққа арнаған жолдауында биліктен өз еркімен кететінін жариялады.
Оның алдында коалициялық үкіметтің мүшелері президентке тағатын айыптарының, оның ішінде Конституцияны бұзды деген айыптар тізімін аяқтап қалғандарын хабарлады. Биліктен кететінін жариялаудың алдында П.Мушарраф өзіне тағылатын айыптарды “нақақ” деп бағалап, оларды мойындамайтынын мәлімдеді.
Президент өзіне импичмент жариялауға жол бермеу үшін кететінін, импичмент ұлттық мүддеге қайшы келетінін атап көрсетті.

Биыл Қазақстанда 120 мектеп пайдалануға берілмек

Бүгін Астанада өткен үкімет кеңесінде Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев қазіргі уақытта республикалық бюджет қаражатына салынып жатқан 79 мектеп пен жергілікті бюджет ақшасына тұрғызылып жатқан 41 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға берілетінін мәлімдеді.
«Солардың арасында 18 мектеп қыркүйектің 1-інен бастап беріледі», - деді министр.
Сонымен бірге ол қазіргі таңда елдің бірқатар аймақтарында апатты жағдайда тұрған мектептердің әлі де көп екендігін, білім ошақтарында балаларға орын жетіспейтіндігін айтты.

Иран алғашқы зымыран-тасығышын ұшырды

Иран жексенбі күні «Сафир-1» деп аталатын өзінің алғашқы зымыран-тасығышын ұшырып, сынақтан өткізді, деп хабарлады Иранның «Пресс-ТВ» телеарнасы. Осы зымыран-тасығышының көмегімен Иран жақын болашақта ғарышқа өзі дайындаған «Омид» телекоммуникациялық спутнигін шығармақшы. Ол спутник Иранның аумағының үстінен тәулігіне 6 рет ұшып өтеді, деп хабарлады телеарна.

Астанада жас тілшілердің форумы өтіп жатыр

Бүгін Астанада «Қаламгер азамат» атты ІІ республикалық форумы басталды. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан жиынға Қазақстанның барлық аймақтарынан жас тілшілер қатысып отыр.

Оңтүстік Осетияда төтенше жағдай жарияланып, үкімет отставкаға кетті

Әлемдік қауымдастық тәуелсіз ел ретінде танымаған Оңтүстік Осетияның президенті Эдуард Кокойты Грузиямен арада болған қарулы жанжал кезінде тиімсіз әрекет жасадыңдар, деп үкімет мүшелерінің жұмысын сынға алды. Кокойты үкіметті таратып, қыркүйектің 17-іне дейін Оңтүстік Осетия аумағында төтенше жағдай болатындығын жариялады.

Үкімет жетекшісінің міндетін уақытша атқару Борис Чочиевке жүктелді. Ол бұған дейін вице-премьер әрі Грузия мен Оңтүстік Осетия арасындағы дау-жанжалды реттеу жөніндегі Аралас бақылау комиссиясының теңтөрағасы болған, деп хабарлайды Ресейдің «Новости» ақпарат агенттігі.

АҚШ-тағы Үлкен шатқал маңында нөсер бөгенді бұзып кетті

Қалың нөсер Аризона штатындағы су бөгенін бұзып, үндістер мекендейтін Хавасупаи қалашығын басып қалды. Билік орындары тұрғындар мен Үлкен шатқалды тамашалауға келген адамдарды - жиыны 400-ден астам кісіні тоғыз тікұшақпен қауіпсіз аймаққа алып шықты.

Бакудегі жарылыстан екі адам қаза тауып, 13 кісі жараланды

17 тамыз күні Баку қаласындағы мешітте кешкі намаз кезінде болған жарылыс салдарынан екі адам қаза болып, 13 кісі әртүрлі дәрежедегі жарақат алды. Жараланғандардың арасында мешіт имамы Гамет Сулейманов та бар, деп хабарлайды Азаттық радиосының тілшісі. Қазір билік орындары жарылысты ұйымдастырғандар мен оған қатысы барларды іздестіріп жатыр.

Қазақстандық әскери күштер Кавказдағы жанжалға қатысқан жоқ – қорғаныс министрлігі

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері Грузия – Оңтүстік Осетия және Грузия – Абхазия арасында болған қарулы жанжалдарға қатысқан жоқ, деген ресми мәлімдеме таратты Қазақстан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әрі ҚР штаб бастықтары Комитетінің төрағасы армия генералы Мұхтар Алтынбаев. Өткен аптада кейбір шетелдік баспасөз құралдарында Қазақстандық әскерилер Грузия жерінде болған ұрыс қимылдарына қатысты деген ақпарат жарияланған болатын.

Ресей өз күштері Грузия аймағын бақылауына алғанын растады

Бүгін Ресей өзінің бітімгершілік күштері Грузия мен оның жікшіл аймағы Абхазия шекарасына жақын Гидроэлектр стансасына бақылауды алғанын растап отыр. Оның алдында Грузия Сыртқы істер министрлігі Ресей армиясы мен Абхазиядағы жікшілдерді электр бекеті мен 13 ауылдық мекенді бақылауында ұстап отыр деп айыптаған еді. Бұл электр бекеті Грузия мен Абхазияға негізгі энергия көзін береді.

Қазақстан Олимпиадада алғашқы алтынға қол жеткізді!

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында бүгін қазақстандық 20 жасар ауыр атлет Илья Ильин 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жиынтық 406 келі салмақты көтеріп чемпион атанды. Ол жұлқа көтеруден 180 кг, сілтей көтеруден 226 кг салмақты басынан асыра ұстап, бақталастарынан озды. Күміс жүлдені Польша атлеті Сизмон Колески, қола медальды Ресей спортшысы Қажымұрат Аққаев иемденді.
Бүгін сондай-ақ, әйелдер арасында еркін күрестен 63 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық Елена Шалыгина үшінші орын үшін өткен айқаста француз Лиз Гелье Леграннан күш асырып, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді. Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Бақыт Сәрсекбаев 69 келіге дейінгі салмақта Өзбекстандық Дильшод Махмудовты 12:7 есебімен жеңіп жартылай финалға шықты.

Сөйтіп, әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль бар.

Ресей президенті: Грузия аймағындағы әскерлер дүйсенбіде шығарылады

Бүгін Дмитрий Медведев ресейлік күштер Грузиядан дүйсенбіден бастап шығады деп айтты. Бұл туралы ол Франция президенті Николя Саркозимен телефон арқылы сөйлескенде айтқан. Саркози Ресей президентімен әңгімесінде егер атысты тоқтату келісімі орындалмаса оның соңы күрделі жағдайға әкеледі деп ескерткен. Ресей бұл бітім келісіміне кеше қол қойған. Ол келісім Ресейдің аймақтағы барлық әскерін әкетуге міндеттейді.

Германия канцлері Грузияға барды

Бүгін Германия канцлері Ангела Меркель Грузия президенті Михаил Саакашвилимен кездесу үшін Тбилисиге барды. Батыс елдері Кавказдағы дағдарысты тоқтатуға дипломатиялық күш салып отыр. Тбилисиге бір күндік сапарынан бұрын Германия канцлері Қара теңіз жағалауындағы Сочи қаласында Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездескен болатын. Меркель Ресейдің Грузиядағы кейбір әрекеттерін “әсіре” деп атап, Ресей күштерінің онда болуы “миға қонымсыз” болды деген.

АҚШ Беларус оппозициясы жетекшісінің босатылуын қоштады

Құрама Штаттар Беларус билігінің белгілі оппозиция жетекшісі Александр Казулинді түрмеден босатқанын оң қабылдады.
Абақтыда 5,5 жыл отырған Казулин президент Александр Лукашенконың рахымшылық жасауымен сенбі күні бостандыққа шықты. 2006 жылы президенттік сайлауда Лукашенконың жеңіске жеткеніне наразылық танытып, көшеге шыққан ол "бұзақылық жасады, қоғамдық тәртіпті бұзды" деген айыппен сотталған еді.

Пәкістан коалициясы сейсенбі күні президентке импичмент жариялауы мүмкін

Пәкістанның жетекші партиясы сейсенбі күні парламенте президент Первез Мушаррафқа импичмент айыптауларын тағады. Елдің Қорғаныс министрі Ахмед Мухтардың айтуынша, бүгін коалиция мүшелері кездесіп, импичменттің конституцияны бұзды, қызметін теріс пайдаланды деген айыптаулары бойынша жұмыс істеп жатыр. Кеше Сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши президент Мушарафтың импичмент ісіне жеткізбей, қызметінен кетуіне екі күн уақыты бар деген. Мушаррафтың өкілі болса, президент қызметінен кетпейді дегенді қайталады.

Ауғанстандағы жарылыстан 10 полицей мерт болды

Ауғаныстанның Қандағар уәлаятындағы жол бойына қойылған бомба жарылысынан 10 полиция қызметкері қаза тапты. Аймақтық полиция басшысы құрбан болған полицейлер сенбі күні Шах Вали Кот ауданында күзетте жүргенде жол бойындағы бомбаға түскен деп отыр. Бұл шабуылды кімдер ұйымдастырғаны әлі мәлім емес. Десе де, полиция басшысы талибандарды кінәлап отыр. Талибан жасақтары нашар жабдықталған ауған полициясына қарсы шабуылын күшейтіп отыр.

Ресей әскері Грузия аймағынан шығарылды ма дегенге түрлі мәлімет айтылуда

Ресей әскерін Оңтүстік Осетия мен Гори қаласынан шығарып жатыр ма дегенге Грузиядан қарама-қайшы хабарлар түсіп жатыр. Орыс генералы Вячеслав Борисов Ресей күштері Оңтүстік Осетиядан шыға бастады десе, Ресей қорғаныс министрі оны жоққа шығарып отыр. Франц пресс агенттігі Борисовтың Горидегі Ресей әскерінің орнын бітімгершілік күштер басып жатыр деген сөзін берсе, Ассошейтед пресс Грузияның Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Александр Ломаяның Ресей әскері аймақтан кетіп жатқан жоқ, қаланы қоршап алуға бекініп жатыр дегенін беріп отыр. Кеше қол қойылған атысты тоқтату келісімі Ресейді аймақтағы барлық әскерін шығаруға міндеттейді. Бірақ Мәскеу құжатта белгілі бір мерзім көрсетілмеген деп отыр.

Олимпиада: Aмерикандық Фелпс 7-ші "алтынды" иемденді

Майкл Фелпс Бейжің олимпиадасынан жетінші алтынды жеңіп алды. Сөйтіп ол 1972 жылы Мюнхендегі ойындарда жеті алтынмен рекордттық көрсеткішке жеткен Марк Спитцпен тең түсіп отыр. 23 жасар американдық бүгін 100 метрлік суға жүзуден қарсыласы сербиялық Милорад Чавичті рекордтық көрсеткішпен жеңді.

Тағы

XS
SM
MD
LG