Accessibility links

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ирақ ісіне қатысты Блэрдің бұрынғы баспасөз хатшысынан жауап алынуда

2003 жылы Ирақтың басып алынуына қатысты оқиғаларға байланысты қоғамдық тергеу ісінде бүгін Тони Блэрдің бұрынғы баспасөз хатшысынан жауап алынуда. Британияның бұрынғы премьер-министрінің бұқарамен байланыс бойынша хатшысы болған Алистэр Кембелл Ирақтың даулы жаппай қырып-жою қаруына қатысты үкіметтің құжаттамасын реттеуде маңызды рөл атқарған болатын. Бұл құжаттамада Ирақтың жаппай қырып-жою қаруы 45 минут ішінде қолданылуы мүмкін деген болжам айтылған-ды.

Британияның Ирақ соғысындағы саясатын зерттейтін тәуелсіз комиссия құрылды. Кейінірек Тони Блэр де комиссияның сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.

Жәкішев: Менің ісімді алқабилер соты қарасын

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев оның ісін алқабилер сотының қарауын қалайды. Бұл туралы Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев мәлімдеді деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі. Бейсекеевтің айтуынша, Жәкішев өзіне тағылған айыптар бойынша айыпты емес екендігін айтып, бұл айыптардың ойдан шығарылғандығын сотта дәлелдемекші.

Жәкішевке ұйымдасқан топ құрып, мемлекетке ірі көлемде материалдық залал келтірді және мердігер кәсіпорын басшыларынан ірі көлемде пара алды деген айыптар тағылып отыр. Бұрынғы топ-менеджер мамыр айында тұтқындалып, ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысына қамалды.

НАТО: Ауғанстанда 13 бүлікшінің көзі жойылды

НАТО ресмилерінің айтуынша, сейсенбі күні Ауғанстанның оңтүстігінде орын алған әуе шабуылынан 13 бүлікшінің көзі жойылған. Ал дүйсенбі күні Хелмандта НАТО әскерилері әуеден соққы беріп, 3 бүлікшіні өлтіргендерін мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар билік орындары елдің Урузган өлкесіндегі жанкештілік шабуылдан бір ауған полиция қызметкері қаза тапты деп хабарлап отыр.

Армения соты Түркиямен арадағы келісімді қарауда

Армения Конституциялық соты Түркиямен байланыс орнату жөніндегі хаттаманың заңдылығын қарай бастады.

Қазан айында Түркия мен Армения дипломатиялық байланыстарын орнату туралы және екі ел арасындағы шекараны ашу жөніндегі екі хаттамаға қол қойған болатын. Бірақ соңғы апталарда Армения Түркия парламентінің бұл хаттамаларды бекітпеуіне байланысты қынжылушылық білдірді. Бұл құжаттарды Армения парламенті де ратификациялауы тиіс.

Армения президенті Серж Саркисян егер Анкара бұл үдерісті ұзақ уақытқа созса, әлгі келісімнен бас тартатынын ескертті.

Түркия ресмилері Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы Қарабах дауына қатысты үдерісте алғабасушылық болмайынша, әлгі құжаттар бекітілмейді деп бірнеше рет қайталап айтқан болатын.

Теһранда өлтірілген адам ядролық физика профессоры болып шықты

Теһранда орын алған жарылыстан ядролық физика бойынша ирандық профессор қаза болды. Иран мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Массуд Әли Мохаммади Теһрандағы үйінің сыртында жарылғыш орнатылған мотоциклдің жарылуынан қаза тапқан. Мохаммадидің Иранның даулы ядролық бағдарламасына қатысы бар ма, жоқ па – белгісіз.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, бұл жарылыс лаңкестік әрекет болған және оны «сионистер мен американдық агенттер» жүзеге асырған. Басқа да хабарларға қарағанда, Мохаммади Иранның исламшыл билігінің «мықты қолдаушысы» болған.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

Талибан Пәкістанның әскери бекетіне шабуылдады

Ресмилердің айтуынша, бүгін Ауғанстан шекарасына жақын жердегі қалада ондаған Талибан бүлікшілері Пәкістанның әскери бекетіне шабуылдаған. Жергілікті әкімшілік өкілі Забит Ханның мәлімдеуінше, бұл шабуылдан бір сарбаз қаза тауып, үшеуі жараланған. Ал қауіпсіздік күштері төрт бүлікшіні өлтірген. Бұл оқиға тынышсыз тайпалы аймақ Бажаурдың Хар қаласынан 40 шақырым жердегі әскери бекетте орын алды деп хабарланып отыр.

Пәкістан әскерилері 2008 жылдың тамыз айында Бажаурдағы бүлікшілерге қарсы кең ауқымды операциясын бастаған болатын. 2009 жылдың ақпан айында бұл аймақ бүлікшілерден тазартылды деп хабарланған еді.

Бағдатта қауіпсіздік күштері тазалау операциясын жүргізуде

Ирақта қауіпсіздік күштері Бағдаттың бірқатар аудандарын жауып тастады. Олар шабуылдың алдын алу мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Биліктің ресми өкілдері бұл ақпаратты растады, бірақ қосымша мәлімет таратудан бас тартты.

Ирақта қауіпсіздік іс-шаралары сайлауға байланысты күшейтілді. Елде парламент сайлауы наурыз айына жоспарланған.

Иранда астаналық университеттің профессоры өлтірілді

Иран астанасында тіркелген жарылыстан Теһран университетінің профессоры қаза болды. Ағылшын тілінде таралатын жергілікті Press-TV арнасының хабарлауынша, Массуд Мохаммади өзінің үйінде жарылғыш орнатылған мотоциклдің жарылуынан қаза болған. Төтенше оқиғаның басқа да жайттары хабарланбады.

Соңғы уақыттары Иранда тәртіпсіздіктер мен толқулар жиі болып тұрады. Батыс ақпарат көздері бұл жағдайды 1979 жылғы Ислам революциясынан кейінгі елеулі бас көтерулер ретінде сипаттайды. Наразылық акциялары өткен жылы маусым айында Махмұд Ахмадинежад екінші мерзімге президент болып сайланғаннан кейін басталды. Оппозиция сайлауда заң бұзушылықтар болды деп есептейді.

Түркия премьер-министрі бүгін жұмыс бабымен Ресейге барады

Түркия премьер-министрі Режеп Ердоған екі күндік жұмыс сапарымен Мәскеуге барып, Ресей премьері Владимир Путинмен кездеседі. Екі елдің үкімет басшылары экономикалық әріптестік және қауіпсіздік, энергетика салаларының мәселелерін талқылайды деп хабарланды.

Өткен жылы тамызда Путин жұмыс сапарымен Түркияға барған еді. Сол кезде Анкара өзінің аймаңында «Оңтүстік ағыс» газ құбырын салуға келісімін берді. Жоба бойынша, құбыр Қара теңіздің табаны арқылы тартылып Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропаға шығады.

Жәкішев ісі бойынша сот кейінге қалдырылды

Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық соты «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша кезекті сот мәжілісін адвокаттың келмей қалуына байланысты 18 қаңтарға ауыстырды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Жәкішевтің қорғаушысы Нұрлан Бейсекеев денсаулық жағдайына байланысты сот отырысына келе алмаған.

Бұған дейін прокуратура сот мәжілісінің ашық өтуін сұраған болатын. Сот процесінің алдын ала тыңдаулары кезінде судья айыптаушы жақтың бұл өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Жәкішевке ұйымдасқан топ құрып, мемлекетке ірі көлемде материалдық залал келтірді және мердігер кәсіпорын басшыларынан ірі көлемде пара алды деген айыптар тағылып отыр. Топ-менеджер биылғы мамыр айында тұтқындалып, ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысына қамалды.

Қытай зымыранға қарсы жаңа жүйесін сынады

Қытайдың қарулы күштері зымыранға қарсы жаңа жүйесін сынақтан өткізді.«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, жүйе толығымен қорғанысқа бейімделген. Тәжірибенің сәтті өткендігі хабарланды.

Бұл сынақ АҚШ-тың зымыранға қарсы жүйені Тайваньға жеткізу ісін мақұлдағаннан кейін өткізіліп отыр. Тайваньды өзінің бүлікшіл провинциясы санайтын ҚХР қару беру іс-әрекетіне қарсы. Бұған дейін Бейжің аймақты өз бақылауына алу үшін күш қолданылады деп бірнеше мәрте қорқытқан еді.

Астанада Жәкішев ісі бойынша сот жүріп жатыр

Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотында «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша кезекті сот мәжілісі жалғасуда.

Процесс жабық есік жағдайында өтіп жатыр деп хабарлады Азаттық тілшісі. Сотқа Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев денсаулық жағдайына байланысты келген жоқ.

Бұған дейін прокуратура сот мәжілісінің ашық өтуін сұраған болатын. Сот процесінің алдын ала тыңдаулары кезінде судья айыптаушы жақтың бұл өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Жәкішевке ұйымдасқан топ құрып, мемлекетке ірі көлемде материалдық залал келтірді және мердігер кәсіпорын басшыларынан ірі көлемде пара алды деген айыптар тағылып отыр. Топ-менеджер биылғы мамыр айында тұтқындалып, ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысына қамалды.

Грузия бақылаушылары Украинадағы президент сайлауына қатыспайды

Украинаның орталық сайлау комиссиясы Грузия өкілдерін алдағы президент сайлауында халықаралық бақылаушылар ретінде тіркеуден бас тартты.

Украинаның сайлау комиссиясы мұны грузин өкілдерінің құжаттарын қарап үлгермегендігімен түсіндіріп отыр. Грузия сайлауға екі мыңнан астам бақылаушы жібермек болды.

Оларды президент сайлауында екінші тур жарияланған жағдайда ғана бақылаушы ретінде қатыстыру жағы қарастырылып жатыр.

Страсбург соты бейсенбіде «ЮКОС» шағымын қарайды

Адам құқығы жөніндегі еуропалық сот 14 қаңтарда «ЮКОС» мұнай концернінің Ресейден 98 миллиард доллар көлемінде өтемақы талап етуі туралы шағымын талқылайды.

«ЮКОС» ел билігі негізсіз салықтар салу арқылы компанияның тақырға отыруын қолдан ұйымдастырды деп есептейді. Концернге салық түрінде 19 жарым миллиард және айыппұл түрінде шамамен 9 миллиард доллар төлеуге мәжбүр етті. 2006 жылы «ЮКОС» өзінің тақырға отырғаны туралы жариялады.

Концерннің негізін қалаушы және жетекшісі Михаил Ходорковский қаржы қылмыстарына қатысқан деген айыппен 8 жылдық түрме жазасын өтеуде. Қазір Мәскеуде Ходорковскийге қарсы екінші процесс жүріп жатыр – оған мұнай ұрлаған және ақша жымқырған деген айыптар тағылып отыр.

Иордания шетелдегі террорға қарсы күреске қатысуға дайын екендігін білдірді

Иордания премьер-министрі Самир Рифаи елдің шетелдегі экстремистерге қарсы операцияларға қатысуын қолдап мәлімдеме жасады.

Рифаидің айтуынша, 2005 жылы Аммандағы үш қонақүйде тіркелген жарылыстар мемлекеттің осындай шешім қабылдауына мәжбүр етті. Иордания өзінің әскерін ұлттық қауіпсіздік және тұрақтылықты сақтауға қажетті бағыттарға жолдап отырады.

Осыдан бес жыл бұрын Аммандағы терактілер үшін жауапкершілікті «Әл-Қаида» өз мойнына алған болатын.

Францияда белгілі кинорежиссер Эрик Ромер қайтыс болды

Францияда 89 жастағы танымал кинрежиссер Эрик Ромер дүниеден озды. Ол 1950-1960 жылдардағы француздық «жаңа буынның» көрнекті өкілі саналады.

Ромер «Тәлімгерлік әңгімелер» және «Жыл мезгілдері» киноциклдерімен әлемге танымал болды.

АҚШ Солтүстік Кореяның шарттарын орындамайды

АҚШ Пхеньянның ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық келіссөздерге қайта оралуы үшін қойған шарттарын орындамайтындығын білдірді.

Бұған дейін Солтүстік Корея өзіне қарсы енгізілген санкцияларды жоюды, сондай-ақ 1950-ші жылдардағы Корея соғысының аяқталуын заңмен рәсімдейтін бейбіт келісім-шартқа отыруды талап еткен болатын.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі бұл мәселелер Солтүстік Кореяның Бейжіңдегі келіссөздерге оралмайынша талқыланбайтындығын атап көрсетті. Халықаралық келіссөздерге Солтүстік және Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, АҚШ пен Жапония қатысады.

АҚШ сенаторы Ресейді Грузиядан шығуға шақырды

АҚШ сенаторы Джон МаКейн бүгін Батумиде журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Ресей Грузия жерінен әскерилерін шығаруы тиіс деп мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық радиосының грузин қызметі хабарлады.

МакКейн мен тағы басқа екі республикандық сенатор Батумиге кеше келген болатын. Олар Грузия президенті Михаил Саакашвилимен және оппозициялық партиялардың жетекшілерімен кездесті. Саакашвили МакКейнді Ұлттық қаһарманы сыйлығымен марапаттады.

Солтүстік Ирландия басшысы уақытша қызметінен кетті

Солтүстік Ирландия жетекшісі Питер Робинсон провинцияның үкіметіне қауіп төндірген дауға байланысты өзін ақтап алу үшін уақытша қызметінен кетті. Робинсон алтыапталық демалыс алып отыр. Кәсіпкерлік бойынша министр Арлен Фостер ханым Робинсонның орнына бірінші министрдің қызметін атқаратын болады.

Өткен аптада Робинсонның жұбайы Айрис 19 жасар ашынасына көмектесу үшін екі кәсіпкерден 80 мың доллар алып бергенін мойындады. Робинсон бұл келісім туралы ешнәрсе білмейтінін айтты.

НАТО: Ауғанстанда 6 сарбаз қаза тапты

НАТО-ның мәлімдеуінше, дүйсенбі күні Ауғанстанда халықаралық қауіпсіздік күштерінің 6 сарбазы қаза тапқан. 3 АҚШ сарбазы елдің оңтүстігіндегі шайқаста, ал бір француз жауынгері Кабуылдың солтүстік-шығысында өлтірілген. Қалған екі сарбаздың азаматтығы туралы мәлімет берілмеді.

Сонымен Ауғанстанда жаңа жылдың басынан бері қаза болған шетелдік әскерилердің саны 15-ке жетіп отыр.

Қырғызстанның бұрынғы қорғаныс министрі түрмеге жабылды

Бішкек әскери соты Қырғызстанның бұрынғы қорғаныс министрі Исмаил Исаковты жемқорлықта айыптап, 8 жылға түрмеге жапты деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

2005-2008 жылдары қорғаныс министрі болған Исаковқа жалған құжаттар негізінде бір адамға пәтер берді деген айыптар тағылды. Ол сондай-ақ әскери атақтарынан айырылды. Исаков өзіне тағылған айыптардың саяси астары бар деп мәлімдеді.

Бұл уақытта Исаковтың қолдаушылары Бішкекте наразылық шарасын өткізіп, бұрынғы қорғаныс министрін азат етуді талап етті.

Ауған халқының президентке деген сенімі артты

Дүйсенбі күні жарияланған сауалнама нәтижелеріне қарағанда, көптеген ауған азаматы болашаққа оң көзқараспен қарайды. Халықаралық ұйымдардың зерттеуіне қатысқан 1500-ден астам ауған азаматтарының шамамен 70 пайызы елдің дұрыс бағытта дамып жатқанына сенім білдірген. Өткен жылғы сауалнаманың нәтижесімен салыстырғанда бұл жолғы көрсеткіш 40 пайызға жоғарылаған.

Төрт ауғандықтың үшеуі өткен күздегі сайлау қорытындысымен қанағаттанатындықтарын айтқан. Олар сондай-ақ президент Хамид Карзай елдегі қауіпсіздік пен экономикалық жағдайды жақсартады деп сенетіндіктерін жеткізді.

Бұл сауалнаманы желтоқсан айында Германияның ARD, Британияның BBC және АҚШ-тың ABC телеарналары жүргізді.

Ауғанстанда 3 АҚШ сарбазы опат болды

Бүгін Ауғанстанның оңтүстігінде бүлікшілермен арада орын алған қақтығыстан үш американдық сарбаз қаза болды. НАТО күштері бұл оқиға туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Ресмилердің айтуынша, сонымен қатар жексенбі күні орын алған бомба жарылысынан тағы бір АҚШ жауынгері мен екі ауған жұмысшысы қаза тапқан.

Грузияда көтеріліс ұйымдастырғандар түрмеге жабылды

Грузия соты әскери базада көтеріліс ұйымдастырғандарды 30 жылға дейін бас бостандықтарынан айырды.

Өткен мамыр айында Муховани базасында көтеріліс орын алған болатын. Оның алдында 2008 жылдың тамыз айындағы Ресей-Грузия соғысына байланысты жаппай азаматтық толқулар мен оппозициялық шерулер ұйымдастырылды.

Тбилиси соты тағы басқа 15 айыпталушыны 3 жылдан 15 жылға дейін түрмеге жапты. Негізгі күдікті арнайы күштердің бұрынғы қолбасшысы Коба Кобаладзеге тағылған көтеріліс айыптары жойылды. Грузия билігі мамыр айындағы көтерілісті мемлекеттік төңкеріс әрекеті болды, оны Ресей қолдап, қаржыландырды деп айыптады. Мәскеу бұл айыптаулар "күлкілі" деп, оны жоққа шығарды.

Грузия оппозициясы әскери базадағы оқиғаны Саакашвилидің үкіметі ұйымдастырды деп кінәлады.

Карзай британиялық тілшінің рухына тағзым етті

Ауғанстан президенті Хамид Карзай Ауғанстанда қаза болған британиялық журналистің рухына тағзым етті. "Sunday Mirror" газетінің тілшісі Руперт Хамер сенбі күні елдің оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде орын алған бомба жарылысынан қаза тапқан болатын.

Карзай кеңсесі жариялаған мәлімдемеде "Хелмандтағы жағдай туралы шынайы хабар беруге тырысқан тілшінің батылдығы" мадақталған. Карзай сондай-ақ марқұм журналисттің туыстары мен достарына және Британиядағы бұқаралық ақпарат құралдарына көңіл білдірді.

Тағы

XS
SM
MD
LG