Accessibility links

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құқық қорғаушылар полиция әрекетін бағалау үшін комиссия құруды талап етті

Нұр-сұлтан көшесіндегі арнайы жасақ. 10 маусым 2019 жыл.

Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі бюро мен "Адам құқығын қорғау жөніндегі хартия" ұйымдары Нұр-сұлтаннан наразыларды ұстау кезіндегі полиция әрекетін талдап, баға беру үшін тәуелсіз комиссия құруды талап етті.

11 маусымда жарияланған бірлескен мәлімдемеде ұйымдар "9-10 маусымда наразылық акциялары кезінде азаматтардың құқығы жаппай бұзылды. ІІМ ұсталғандар санын азайтып көрсетті" деп жазылған.

Екі ұйым хатты Қазақстан бас прокуратурасы мен президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасына жолдағандарын хабарлады.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, 9 маусымда Алматыда полицейлерсебебін түсіндірместен кем дегенде 360 адамды қалалық полиция департаментіне апарған, жүздеген адамды уақытша ұстау изоляторларына жеткізген.

Мәлімдеме авторлары "Адам құқықтары жөніндегі хартия" қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова мен Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі бюро жетекшісі Евгений Жовтистің айтуынша, "полиция адамдарды ұстаған кезде күш қолданған. Ал 10 маусым түнде полиция департаменттерінде ұсталғандардың соты адвокатсыз жабық өткен".

Мәлімдеме авторлары Қазақстан билігінен наразылық кезінде ұсталғандардың тізімін, нақты санын, қайда екендерін хабарлауды және "азаматтарды сотсыз соттаған" қызметкерлерді жазалауды сұрайды.

9 маусымда Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбеде полиция жүздеген адамды ұстаған. Осы күні Алматы мен Нұр-Сұлтанда сайлауға қарсы жүздеген адам митингіге шыққан. Қазақстан билігі митингіні елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының "радикалды пиғылдағы өкілдері" ұйымдастырды деп мәлімдеген.

Ішкі істер министрлігі 9-10 маусымда Алматы мен Нұр-сұлтанда 700-дей адам ұсталғанын мәлімдеді.

10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте ондаған адамды ұстаған. Осы күні Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы мен ел астанасында "біршама азамат өз пікірін білдіру, наразылық және басқа мәселемен көшеге шықты" деп мәлімдеді, бірақ қанша адам және қандай талаппен шыққанын нақтыламады. Тоқаевтың сөзінше, кей азаматтар "лайықсыз қылық жасап, полиция қызметкерлерін арандатуға" барған, олар "сырттан алған ақпаратты пайдаланып, заңсыз іс-әрекеттерге итермелеген". Сонымен бірге ол полицияның мақтап, акцияларға қатысушыларды ұстау "қажет болғанын" айтқан. Оның пікірінше, елде азаматтардың "өз еркін білдіру бостандығы толық көлемде сақталып отыр".

10 маусымда Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады. Ресми ақпарат бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 70,96 пайызы, Әміржан Қосановты 16,23 пайызы жақтаған.

Ресей "Медуза" тілшісі Голуновқа қатысты істі тоқтатты

Иван Голунов.

Ресей ішкі істер министрлігі "Медуза" интернет басылымының тілшісі Иван Голуновқа қатысты істі тоқтатты. Бұл туралы 11 маусымда ішкі істер министрі Владимир Колокольцев айтты. Министрліктің мәлімдеуінше, тілші 11 маусымда үйқамақтан босатылады.

Ресей ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Голуновты ұстаған полицейлер қызметтен босатылған.

Оқи отырыңыз: Ресейде журналистің тұтқындалуы қоғамдық резонанс туғызды

Ресейлік зерттеуші журналист, "Медуза" интернет басылымының тілшісі Иван Голунов 2019 жылы 6 маусымда Мәскеу орталығында "есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындаған" деген күдікпен ұсталды. 8 маусым кешке сотта прокурор оны екі айға тұтқындауды сұрады, бірақ сот оны үйқамақта қалдыру туралы шешім шығарды.

Журналист өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, есірткі сөмкесіне қасақана салынған деп санайды. Голуновтың әріптестері айыптауларды оның кәсіби қызметімен байланыстырып, ІІМ басқармасы ғимаратының жанында пикет өткізді. Халық биліктен журналисті босатуды талап етті.

12 маусымда журналистер мен белсенділер Мәскеуде Голуновты қолдап шеруге шықпақ болған.

Ақорда "Қазақмыс" жұмысшыларының үндеуін әкімдікке жолдаған

"Қазақмыс" корпорациясына қарасты кәсіпорындардың бірі.

Қарағанды облысындағы «Қазақмыс» корпорациясының химиялық зертханасы жұмысшылары еңбекақының аздығына шағымданып және өздері істейтін зертхананы аутсорсингке беру жоспарына алаңдайтынын айтып маусымның басында президент әкімшілігіне ұжымдық үндеу жазған. Жұмысшылардың Азаттыққа хабарлауынша, олар Нұр-Сұлтаннан алған жауапта әлгі үндеудің «Қарағанды облысы әкімінің аппараты қарауына жолданғаны» айтылған.

Астанадан түскен үндеу жайлы түсініктеме беруін сұраған Азаттық тілшісін Қарағанды облыстық әкімдігі қызметкерлері еңбек инспекциясы басқармасы бастығына жіберді. Облыстық еңбек инспекциясы жұмыстан шеттетілген зертхана жұмысшыларының талабы бойынша «Қазақмыс» кәсіпорнына жүргізген жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жақында аяқтаған. Бұған дейін жұмысшылар өз арыз-өтініштерін жұмыс беруші елеусіз қалдырды деп шағымданған болатын.

- Олардың заңсыз шығарылғаны анықталды. Келешекте мұндай қайталанбасын деп корпорацияға ескерту жасадық. Тексеру барысында олқылық түзетілді: адамдар жұмысқа қайта алынды, айлығынан да ұтылған жоқ. Ал аутсорсинг бойынша кәсіпорында үйлестіру кеңесі құрылды. Қазір бұл мәселенің жақсы-жаман тұстары түгел қарастырылып жатыр. Ол екі-үш ай зерделенгеннен кейін түпкілікті шешім қабылданады. Осыған байланысты аутсорсингке беру жұмыстары әзірге тоқтатылды, жұмысшыларды ешқайда ауыстырмайды. Жағдайды бақылауда ұстаймыз, - деді Қарағанды облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бастығы Қанатбек Балсариев Азаттыққа.

Азаттық тілшісі сөйлескен Балқаштағы химиялық зертхана жұмысшылары аутсорсингке беру жұмысы уақытша тоқтатылатыны туралы өздеріне ешкім ресми хабарламағанын айтады. олардың сөзінше, жақында Балқашта жиналыс өткізген басшылық «ешкімнің жұмыссыз қалмайтынына» уәде еткен, бірақ жұмысшылар оған күмәнмен қарайды.

Нұр-Сұлтанға жазған үндеуде Балқаш пен Жезқазғандағы химиялық зертхана жұмысшыларының еңбекақысын көбейту және орталық зертхананы аутсорсингке берген жағдайда ешкімнің жұмыссыз қалмауын ескеру жайлы талап айтылған.

Бұған дейін Азаттықтың сауалына берген жауабында «Қазақмыс» корпорациясы жұмысшылардың ұжымдық үндеуіне байланысты жиналыс өткізіліп, еңбекақыны көбейтуге байланысты түсініктеме берілгені, басшылыққа еңбек жағдайын жақсарту мәселесі жөнінде тапсырма берілгені айтылған. Алайда корпорация хатында қандай түсініктеме мен тапсырма берілгені нақтыланбаған. «Қазақмыс» зертхананы аутсорсингке беру «Балқаш өңірін дамыту және зертхана салу үшін» қажет деп түсіндірген.

Ресей ЕАЭО-дан барған мигранттарға зейнетақы төлемек

Көрнекі сурет.

Ресей Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіретін Армения, Беларусь, Қазақстан мен Қырғызстаннан келген мигранттарға зейнетақы төлейтін болады. Зейнетақы олар тіпті өз елдеріне қайта оралса да төленбек. Мұндай шара Одақ елдерінің зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімде қарастырылған. Қол қоюға дайын құжатта зейнетақы 2020 жылдан бастап төленетіні көрсетілген.

Қазіргі нормаға сәйкес зейнетақыны белгілеу және оны төлеу адамның тұрақты тұрып жатқан еліне жүктелген. Яғни, Ресейден кетіп қалған мигранттар Ресей зейнетақы қорынан зейнетақы алмайды. Жаңа келісім төлемдердің схемасын өзгертеді. Енді Ресейде жүріп жинаған зейнетақының бір бөлігі мигрант Ресейден кетіп қалса да төленетін болады. Егер Ресей азаматы жасы келіп, зейнетке шыққан соң Еуроазия одағы елдерінің біріне көшіп кетсе оған зейнетақыны Ресей төлейтін болады, дейді РБК агенттігі.

Зейнетақы төлемдері келісім күшіне енген күнінен бастап есептеліп, төленеді. Яғни алғашқы төлем Еуразия одағы елінің біріне 2020 жылдан кейін көшкендерге төленеді.

Ресей еңбек министрлігінің хабарлауынша, зейнетақы қоры 2020-2021 жылдар жаңа келісім бойынша 166 миллион рубль төлейді. Оның 91 миллионы Одақтың өзге еліне көшіп кеткен Ресей азаматтарына төленуі тиіс. Төлемдер мигранттардың еңбек өтіліне қарай өсірілетіні айтылған.


Әнші Қайрат Нұртас биліктен қамалғандарды босатуды талап етті

Қайрат Нұртастың Instagram парақшасында жазған посты. (Скрин шот)

Қазақстандық эстрада әншісі Қайрат Нұртас биліктен митинг кезінде ұсталғандарды босатуды талап етті. Бұл туралы ол 11 маусымда Instagram желісіндегі парақшасына жазды.

Әнші "елде болып жатқан жайттарға бей-жай қарамайтынын, үнсіз отыра алмайтынын" жазды. Қайрат Нұртас "биліктегілердің халықтың мұң-мұқтажын еститін кезі келді" деп санайды.

"Конституцияға сәйкес елдің бірінші байлығы – халық" деп жазған әнші "үкіметтен жан-айқайын жеткізіп, қамалған халықты босатуды сұрады".

Қайрат Нұртас - "Нұр Отан" партиясының мүшесі. Биылғы сайлау науқанында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдау шараларына қатысқан.

9-10 маусымда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбеде полиция жүздеген адамды ұстады. ІІМ екі күнде елде 700-ге жуық адам ұсталғанын, оның көбі жазалағанын мәлімдеді.

9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтіп, "Нұр Отан" кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз дауыспен жеңіске жеткен.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда болған митингіні "заңсыз" деп санайды. 10 маусымда Ақордада өткен баспасөз мәслихатында Тоқаев "сайлау күні қоғамдық тәртіпті қадағалаған" полицияға алғыс айтқан.

10 маусым кешкісін Алматыда ақын Ринат Зайытов бастаған бір топ адам сайлау нәтижесіне қарсы шығып, жиналған. Оларды да полиция ұстап әкеткен. Ұсталғандардың арасында Зайытов та болған. Кейін екі жүзден астам адам ақынды босатуды талап етіп, Алматы қалалық полиция департаментіне жиналған. Бірнеше сағаттан соң "полиция босатқан" Ринат Зайытов жиналғандардың алдына келіп, тарауды сұраған. Кейін жиналғандар да ақырындап тарай бастаған.

Кейбірі жаяу, енді біреулері автокөлікке отырып, Масаншы көшесімен төмен түсіп, Төле би көшесіне қарай беттеген азаматтар автокөліктерінің дыбыс белгісін қосып, әнұран мен патриоттық әндерді шырқай бастады. Жол-жөнекей оларға басқа адамдар да қосылып, колонна қарасы көбейе бастаған. Біршама уақыт өткенде қалада адамдарды ұстап жатқаны туралы жаңа ақпарат тараған.

Шымкентте "наразылық өтетін" жерден полиция екі адамды ұстады

Шымкенттегі Аль-Фараби даңғылының алдына жиналған полиция қызметкерлері. 11 маусым 2019 жыл.

11 маусымда Шымкент қаласының әл-Фараби даңғылында екі адамды полиция алып кетті. Бұған дейін осы даңғыл бойында орналасқан Shymkent Plaza сауда орталығы маңында "наразалық акциясы өтетіні" туралы ақпарат тараған. Қазір ол жерде бірнеше полиция қызметкері жүр, наразылық білдірген я ұрандатқан ешкім байқалмайды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Полиция даңғылға жақын маңдағы дәмханадан шығып бара жатқан бір адамды ұстап әкеткен. Екінші адамды жай киімдегі кісілер полиция көлігіне күштеп салып алып кеткен. Ұсталғандардың түрі анық көрінбеген.

10 маусымда Шымкентте белгісіз адам Азаттық тілшісі Дилара Исаның камерасын қара қолшатырмен көлегейлеп, журналистің кәсіби қызметін атқаруына кедергі келтірді.

Белгісіз біреу Азаттық тілшісі Динара Исаның камерасын қолшатырмен жауып тұр. Шымкент, 10 маусым 2019 жыл.
Белгісіз біреу Азаттық тілшісі Динара Исаның камерасын қолшатырмен жауып тұр. Шымкент, 10 маусым 2019 жыл.

Азаттық тілшісінің жұмысына кедергі жасаған адам бетіне медициналық маска мен көзілдірік киген. Сол маңда жүрген полиция әлгі адамның әрекетін көрсе де, ешқандай шара қолданбады.

Қазақстан ішкі істер министрлігі 9-10 маусымда елде бірнеше жүз адам ұсталғанын хабарлады.

"Наразылықтың бірінші күні 500-дей адам ұсталды, соның шамамен 400-дейіне әкімшілік хаттама толтырылды. Екінші күні 200-ге жуық азамат ұсталып, оның 150-іне хаттама толтырылды" деп хабарлады 11 маусымда ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Одесса ауруханасында болған өртте алты адам мерт болды

Одесса психиатриялық клиникасындағы өрт маңындағы өрт сөндірушілер. 10 маусым, 2019 жыл.

10 маусымда Украинаның Одесса қаласынла психиатриялық ауруханада болған өрт салдарынан алты адам – бес науқас пен бір медбике көз жұмған. Тағы бес адам иіс тиіп ауруханаға түскен. Бір қабаттық ғимараттың басым бөлігі жанып кеткен.

Өрттің шығуына не себеп болғанын тексеру басталған. Әзірге "қауіпсіздік техникасы талаптары сақталмаған болуы мүмкін" деген болжам бар. Ьұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Украина президенті Владимир Зеленский қазаға ұшырағандардың туған-туысына көңіл айтып, өрттің себебі мен салдарын анықтау үшін арнайы комиссия тағайындады.

Президент Тоқаевтың инаугурациясы 12 маусымда өтеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстанның жаңадан сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясы 12 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді. Шара Тәуелсіздік сарайында жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 10:30-да басталады деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

Дүйсенбі күні Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында биліктегі "Нұр Отан" партиясының кандидаты әрі елдің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңіске жеткенін хабарлаған. ОСК жария еткен сайлаудың түпкілікті қорытындысына сәйкес, Тоқаевты дауыс беруге қатысқан азаматтардың 70 пайыздан көбі, яғни 6,5 млн сайлаушы қолдаған.

Қазақстанда сайлаушы тізіміне енгізілген 12 миллионға жуық азаматтың 77 пайыздан астамы дауыс беруге қатысқан.

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына қатысқан өзге алты кандидат жинаған дауыс санын да жариялады:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы кандидаты Жамбыл Ахметбеков – 167 649 дауыс немесе сайлауда берілген дауыстың 1,82 пайызы;
  • "Ақ жол" партиясы кандидаты Дания Еспаева - 465 714 дауыс немесе 5,05 пайыз;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан қатысқан Әміржан Қосанов - 1 млн 495 401 дауыс немесе 16,23 пайыз;
  • "Ауыл" партиясы кандидаты Төлеутай Рақымбеков - 280 451 дауыс немесе 3,04 пайыз;
  • Қазақстан кәсіподақтары федерациясы ұсынған Амангелді Таспихов – 182 898 дауыс немесе 1,98 пайыз;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі өкілі Сәді-Бек Түгел – 84 582 дауыс немесе 0, 92 пайыз.

Сайлау болған күні Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте жүздеген адам сайлауға наразылық білдірген. Ресми дерек бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда кемінде 500 адам ұсталған. Олардың арасында наразылық шарасынан ақпарат таратқан журналистер (оның екеуі - Азаттық тілшісі) де бар.


Полиция Нұр-Сұлтан мен Алматыда соңғы екі күнде жүздеген адам ұсталғанын растады

Полицейлер Алматы орталығындағы алаңға жиналғандарды ұстап жатыр. 9 маусым 2019 жыл.

Қазақстан ішкі істер министрлігі 9-10 маусымда елде бірнеше жүз адам ұсталғанын хабарлады.

"Наразылықтың бірінші күні 500-дей адам ұсталды, соның шамамен 400-дейіне әкімшілік хаттама толтырылды. Екінші күні 200-ге жуық азамат ұсталып, оның 150-іне хаттама толтырылды" деп хабарлады 11 маусымда ішкі істер министрілгінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Оның мәлімдеуінше, 9-10 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматыда болған рұқсат етілмеген шеруді елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жақтастары өткізген.

"Әлеуметтік желілер мен өзге де ақпарат құралдарын пайдаланып, азаматтарымызды шеруге қатыстыру арқылы түрлі құқық бұзушылыққа итермеледі. Соның арқасында азаматтар көшеге шығып түрлі жағдайлар болды, мәселен, біздің үш қызметкер жарақат алды, екеуіне тас тиді, біреуінің көзін шығарды. Бұл 10 маусымда да қайталанған болатын, біз барынша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тырысқанымызбен заңбұзушылық болды. Қазіргі таңда заң бұзған азаматтардың барлығы ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың заң бұзғанына қатысты біз әкімшілік жаза қолданып, қалғандары профилактикалық жұмыс жүргізілгенен кейін үйлеріне жіберілді", - деді ресми өкіл.

Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен ІІМ бөлімшелері сайлау кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылғанын айтты.

"Нәтижесінде азаматтар президент сайлауы кезінде еркін түрде дауыс берді. 9 903 сайлау учаскесінің бірде бірінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ" деді министр орынбасары.

Ол Алматыда дүйсенбінің кешінде ұсталған айтыскер Ринат Зайытов жайлы да айтты. Қожаевтың сөзінше, "рұқсатсыз жиналғандар прокурор ескертуін елемей, тарқамай қойған соң полиция бөлімшесіне жеткізіліп, әкімшілік жазаға тартылған". Бірақ ол қанша адам ұсталып, қаншасы әкімшілік жауапқа тартылғанын нақтыламады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда 9-10 маусымда ұсталған азаматтарды уақытша оқшаулау изоляторына сыймағандықтан өзге қалаларға жіберіп жатыр деген ақпарат тараған. Марат Қожаев бұл ақпараттың рас екенін айтты.

- Ішкі істер органдары жазаға тартылған азамат қай бөлімшеде жазасын өтейтінін өз бетінше белгілейді, бұған сәйкес нормативті акт бар. Сондықтан біз (қаладан өзге жерлерге) апардық. Нұр-Сұлтанда ұсталған 200-ге жуық адамды Қарағанды мен Ақмола облысына алып бардық, - деді ішкі істер министрінің орынбасары.

9 маусымда Алматыда полиция кезектен тыс президент сайлауына қарсылық білдіріп "Астана" алаңы маңына жиналған жүзге жуық адамды ұстаған. Алматыда 10 маусым күні де азаматтарды ұстаған.

Алматы полициясы: Журналистің соққыға жығылғаны туралы тексереміз

Айтыскер Ринат Зайытовтың жақтастары Алматы қалалық полиция департаменті маңында тұр. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

11 маусымда Алматы қаласы полиция департаменті Tengrinews сайты журналисі Шоқан Алқабаевқа полиция қызметкерлерінің күш қолдануына байланысты қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.

"Полиция департаменті бұл факті бойынша жауапкершілікті мойнына алады және істің объектиівті қарлауына кепілдік береді. Дегенмен, бұған қоса, рұқсат етілмеген митинг пен тәртіпсіздіктерден хабар тарату кезінде БАҚ өкілдері қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударуы керек" делінген полиция таратқан ақпаратта.

Полиция департаменті осыған дейін ІІМ рұқсат етілмеген митингілер мен тәртіпсіздік болып жатқан жерде жүрген БАҚ өкілдері арнайы жилет киіп жүруі тиіс екені жайлы бірнеше рет ескерткенін айтады.

"Журналист Шоқан Алқабаевтың үстінде арнайы жилет болмаған" деп хабарлады полиция.

Сейсенбіге қараған түні Алматыда Төле би көшесі бойында полиция жасағы мен Ұлттық ұлан күші ондаған адамды ұстап жатқан жерде хабар таратып жүрген Tengrinews.kz сайтының тілшісі Шоқан Алқабаевқа полицияның күш қолданғаны туралы ақпарат тараған.

Полиция осы күні Төле би көшесінің бойында шамамен жүзге жуық адамды ұстағаны туралы ҚазТАГ ақпарат агенттігі хабарлады. Полицияның нақты қанша адамды ұстағаны белгісіз. Алматы қалалық полиция департаменті мен елдің ішкі істер министрлігі бұл оқиға жайлы түсініктеме берген жоқ.

10 маусымда кешке Алматыдағы Алатау театры маңына бір топ адам жиналып, жексенбі күні елде өткен кезектен тыс президент сайлауының ресми алдын ала қорытындысына наразылық білдірген. Полиция сол жерден өзге ондаған азаматпен бірге ұстап әкеткен айтыскер Ринат Зайытовтың жақтастары түнде полиция департаментінің алдына жиналып, оны босатуды талап еткен. Зайытов жиналғандарға жолығып, "заң өкілдері талабына бағынуды" өтінгеннен кейін олар тараған. Арада біраз уақыт өткенде Төле би көшесі бойында "Алға, Ринат!", "Жаса, Қазақстан!" деп айғайлаған адамдар мінген ондаған автокөлік колоннасын полиция мен арнайы жасақ қуып жетіп, тоқтатқан. Кейін полиция азаматтарды ұстай бастаған.


Алматы полициясы айтыскер Ринат Зайытов жайлы түсініктеме берді

Ринат Зайытов полиция департаменті жанына жиналғандар алдында сөйлеп тұр. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

Алматы қалалық полиция департаменті дүйсенбіде айтыс ақыны Ринат Зайытов ұсталғаннан кейін болған жайтқа байланысты түсініктеме берді.

Полиция департаменті Facebook парақшасында жариялаған хабарламасында дүйсенбі күні кешке қарай Алатау ауданында рұқсат етілмеген митингіден ұсталып, полицияға жеткізілген Ринат Зайытовпен түсіндіру жұмысын жүргізгеннен кейін оны үйіне қоя бергенін айтады.

"Арада біраз уақыт өткенде полиция департаментінің алдына бір топ адам жиналып, Ринат Зайытовпен кездесуді талап етті. Оларға Зайытовтың үйіне кеткені айтылғанымен жиналғандар тарауға асықпады" делінген хабарламада.

Полицияның айтуынша, билік органдарының сұрауымен Ринат Зайытов өзімен кездесуді талап етіп жиналған азаматтарға жолығып, "заңды бұзбауға және құқық қорғау органдарының заңды талабын орындауға" шақырған.

Ринат Зайытов дүйсенбі күні сағат 23:00 шамасында полиция департаменті маңына өзін қолдап жиналғандармен кездесіп, олардың тарауын өтінгеннен кейін көлігіне отырып кетіп қалғаны туралы Азаттық хабарлаған.

Оқи отырыңыз: Ринат Зайытов келген соң полиция департаментіне жиналғандар тарады

Арада біраз уақыт өткенде Алматыда полиция Төле би көшесінің бойында ондаған адамды ұстағаны туралы ақпарат тарады. ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, "Алға, Ринат!", "Жаса, Қазақстан!" деп айғайлаған адамдар мінген ондаған автокөлік коллоннасын полиция мен арнайы жасақ қуып жетіп, тоқтатқан. Кейін полиция мен Ұлттық ұлан сарбаздары "Сайран" автовокзалы маңында адамдарды ұстай бастаған.

Алматы қалалық полиция департаменті әзірге бұл оқиға туралы түсініктеме берген жоқ.

10 маусымда Алматыда кешкі сағат 18.00 шамасында Бауыржан Момышұлы - Тұрар Рысқұлов көшелері қиылысындағы Алатау театры маңына бір топ адам жексенбі күні елде өткен кезектен тыс президент сайлауының ресми алдын ала қорытындысына наразылық білдірген. Полиция ол жерден ұстап әкеткен ондаған азаматтың арасында айтыскер Ринат Зайытов та болған.​

ОСК президент сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады. ОСК сайтында дүйсенбінің кешінде шыққан ресми ақпаратта "Нұр Отан" партиясынан президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауда жеңіске жеткені айтылған.

ОСК мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевты 6 млн 539 мың 715 сайлаушы немесе дауыс беруге қатысқан азаматтардың 70,96 пайызы қолдаған. Қазақстанда сайлаушылар тізіміне 11 млн 960 364 азамат енгізілген.

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауына қатысқан өзге алты кандидат жинаған дауыс санын да жариялады:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы кандидаты Жамбыл Ахметбеков – 167 649 дауыс немесе сайлауда берілген дауыстың 1,82 пайызы;
  • "Ақ жол" партиясы кандидаты Дания Еспаева - 465 714 дауыс немесе 5,05 пайыз;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан қатысқан Әміржан Қосанов - 1 млн 495 401 дауыс немесе 16,23 пайыз;
  • "Ауыл" партиясы кандидаты Төлеутай Рақымбеков - 280 451 дауыс немесе 3,04 пайыз;
  • Қазақстан кәсіподақтары федерациясы ұсынған Амангелді Таспихов – 182 898 дауыс немесе 1,98 пайыз;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі өкілі Сәді-Бек Түгел – 84 582 дауыс немесе 0, 92 пайыз.

ОСК Қазақстан президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру рәсімі 2019 жылғы 12 маусымға белгіленгенін хабарлады.

Кезектен тыс президент сайлауы өткен 9 маусымда Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте жүздеген адам көшеге шығып, сайлауға қарсылық білдірді. Ресми дерек бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда кемінде 500 адам ұсталған. Құқық қорғаушылар мен белсенділер ұсталғандар саны бұдан да көп дейді. Ұсталғандар арасында журналистер де болды. 10 маусымда да полиция Алматы мен Нұр-Сұлтанда ондаған азаматты ұстады.

Алматыда полиция ондаған адамды ұстады. 10 маусым 2019 жыл.

"Көмектесіңіздер!". Алматыда полиция ондаған адамды ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00

Дүйсенбі күні Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы туралы алдын ала есебін жариялаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының парламенттік ассамблеясы делегациясының басшысы Маргарета Кинер Неллен бейбіт жиында азаматтарды, журналистерді жаппай ұстау жиналу еркіндігі мен пікір айту құқығын бұзады деп мәлімдеді.

Жексенбі күні сайлау учаскелерінде дауыс беру барысын бақылаған азаматтар заң бұрмалаушылық көп тіркелді дейді. Әлеуметтік желілерде сайлау кезіндегі "заңбұзушылық фактілері" жайлы түрлі ақпарат көптеп тарады.

10 маусымда кешке Алматыда Бауыржан Момышұлы - Тұрар Рысқұлов көшелері қиылысындағы Алатау театры маңына бір топ адам жиналып, сайлау нәтижесін қарсылық танытты. Ол жерден полиция ондаған адамды ұстап әкетті.

Сайлау нәтижесіне наразыларды полиция ұстады. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

Сайлау нәтижесіне қарсы шыққандарды полиция ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:08 0:00

Сейсенбіге қараған түні Алматыда полиция Төле би көшесінің бойында шамамен жүзге жуық адамды ұстағаны туралы ҚазТАГ ақпарат агенттігі хабарлады. Полицияның нақты қанша адамды ұстағаны белгісіз. Алматы қалалық полиция департаменті мен елдің ішкі істер министрлігі бұл оқиға жайлы түсініктеме берген жоқ.


Алматы полициясы Төле би көшесінің бойында адамдарды ұстады

Әуезов аудандық полиция бөліміне әкелінген адам. Алматы, 11 маусым 2019 жыл.

11 маусымда түнгі 00.00-01.00 арасында Алматыда полиция Төле би көшесінің бойында шамамен жүзге жуық адамдарды ұстаған. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат агенттігі хабарлады.

ҚазТАГ тілшісінің хабарлауынша, жүзге жуық автокөлік Алматы қалалық полиция департаментінің маңынан шығып, Төле би көшесінің бойымен белгісіз бағытқа қарай жүре бастаған. Көлікте отырғандар “Алға, Ринат!” және “Жаса, Қазақстан!” деп айғайлаған. ҚазТАГ тілшісі кейбір адамдардың Қазақстан туын ұстап жүргенін көрген.

Автоколоннаны полиция мен арнайы жасақ қуып жетіп, көліктерді тоқтатқан. Кейін полиция, арнайы жасақ пен Ұлттық ұлан сарбаздары “Сайран” автовокзалы маңында адамдарды ұстай бастаған.

Полицияның нақты қанша адамды ұстағаны белгісіз. Бұл оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті мен елдің ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасаған жоқ.

Tengrinews.kz ақпарат агенттігі Төле би көшесі бойында оқиғадан хабар таратып жүрген тілшісі Шоқан Алқабаевтың соққыға жығылғанын хабарлады. Tengrinews.kz агенттігінің мәлімдеуінше, журналисті полиция ұрған.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, полиция Төле би және Өтеген батыр көшесін жауып, көліктерді өткізбей тұр. Түнгі сағат екіден кете қалада жағдай тынышталған.

10 маусымда Алматыда кешкі сағат 18.00 шамасында Бауыржан Момышұлы - Тұрар Рысқұлов көшелері қиылысындағы Алатау театры маңына бір топ адам сайлау нәтижесін қарсылық танытқан. Сол уақытта полиция 50-60 шақты адамды ұстап әкеткен. Ұсталғандар арасында айтыскер ақын Ринат Зайытов болған.

Кейін жүзден астам адам Алматы қалалық полиция департаментіне келіп, Ринат Зайытовты босатуды талап етті. Олар "Зайытовты осы жерге келмейінше тарқамаймыз" деп талап қойды. Жиналғандарды полицияның арнайы жасағы қоршап тұрды. Олармен Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев сөйлесті.

Кейін Зайытов жиналғандардың жанына келіп, тарауды сұраған. Осыдан соң жиналғандар департамент маңынан кете бастаған.

​10 маусымда орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының нәтижесін жариялады. ОСК дерегінше, "Нұр Отан" кандидаты, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев 70 пайыздан артық дауыс алған.

Ақын Ринат Зайытов келген соң полиция департаментіне жиналғандар тарады

Ринат Зайытов жиналғандар алдында сөйлеп тұр. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

10 маусымда шамамен кешкі 23.00-де айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматы қалалық полиция департаменті маңына келіп, жиналғандармен кездесті.

Жиналғандар Зайытовты "Ринат, Ринат" деп айғайлап, қарсы алды. Зайытов жиналғандарды тарауға шақырды.

- Тараңыздар. Мен үйден келдім. Көңілім босап, көзіме жас келіп тұр. Сіздермен біргемін. Тарқайық. Ұсталғандардың бәрі шықты. Бәрі дұрыс. Ешкім ешкімді алып кетпейді, - деді ол.

Сөзін аяқтаған соң Ринат Зайытов көлікке отырып, кетіп қалды. Кейін жиналғандар да ақырындап тарай бастады. Департамент алдына келгендердің бірі "Қазақстан бір қадам алға! Біз жеңдік!" деп айғайлады.

10 маусымда Алматыда кешкі сағат 18.00 шамасында Бауыржан Момышұлы - Тұрар Рысқұлов көшелері қиылысындағы Алатау театры маңына бір топ адам сайлау нәтижесін қарсылық танытқан. Сол уақытта полиция 50-60 шақты адамды ұстап әкеткен. Ұсталғандар арасында айтыскер ақын Ринат Зайытов болған.

Кейін жүзден астам адам Алматы қалалық полиция департаментіне келіп, Ринат Зайытовты босатуды талап етті. Олар "Зайытовты осы жерге келмейінше тарқамаймыз" деп талап қойды. Жиналғандарды полицияның арнайы жасағы қоршап тұрды. Олармен Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев сөйлесті.

Сайлау нәтижесіне қарсы шыққандарды полиция ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:08 0:00

​10 маусымда орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының нәтижесін жариялады. ОСК дерегінше, "Нұр Отан" кандидаты, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев шамамен 70 пайыз дауыс алған.

Жүздеген адам ақын Ринат Зайытовты босатуды талап етті

Ринат Зайытовтың жақтастары Алматы қалалық полиция департаменті маңында тұр. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

10 маусымда Алматыда жүзден аса адам ақын Ринат Зайытовты іздеп, қалалық полиция департаменті маңына жиналды. Олар "Зайытовты босатпайынша тарқамаймыз" дейді.

Әнші Нұрлан Албан департамент алдына жиналуларын "бұл наразылық шарасы немесе көтеріліс емес, ұсталған бауырларымызды сұрайтын, іздейтін адам бар екенін көрсету" деп түсіндірді. Азаттық тілшісінің айтуынша, жиналғандарды полицияның арнайы жасағы қоршап тұр. Олармен Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров сөйлесті.

- Ішіп алған жастар бұзықтық жасамасын деп келіп тұрмыз. Жолдан біраз адам қосылып алды, алаңға барамыз деп ұран жасады. Араларында масы да бар, бұзығы да бар. Ал Ринатқа (Зайытов - ред.) ешқандай айып тағылмайды. Қазір осында келеді, өзі айтады, - деді ол.

10 маусымда Алматыда кешкі сағат 18.00 шамасында Бауыржан Момышұлы - Тұрар Рысқұлов көшелері қиылысындағы Алатау театры маңына бір топ адам сайлау нәтижесін жарамсыз деп, наразылық білдірген. Сол уақытта полиция 50-60 шақты адамды полиция ұстап әкеткен. Олардың арасында айтыскер ақын Ринат Зайытов болған.

10 маусымда орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының нәтижесін жариялады. ОСК дерегінше, "Нұр Отан" кандидаты, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев шамамен 70 пайыз дауыс алған.

Ақтөбеде бақылаушылар сайлау нәтижесін заңсыз деп тануды талап етті

Ақтөбе қаласындағы №532 сайлау бөлімшесі. Ақтөбе, 9 маусым 2019 жыл.

10 маусым күні түстен кейін жиырма шақты бақылаушы Ақтөбе қаласындағы сайлау нәтижесін заңсыз деп тануды талап етіп, облыс әкімдігіне барды. Наразы топты облыс әкімінің орынбасарлары Мавр Абдуллин мен Марат Тоқжанов, Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев қабылдады.

- Кезектен тыс президент сайлауы кезінде Ақтөбе қаласында 158 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның басым көпшілігінде заң талаптары бұзылды. Әсіресе, дауыс саналар кешкі жетілерге таман сайлау учаскелерінің төрағалары тәуелсіз бақылаушыларды залдан шығарып жіберуге тырысты. Түрлі сылтаумен жасақ шақырды, үстерінен акт толтырды. Және мұндай жағдай бір мезетте бірнеше сайлау бөлімшесінде болып жатты, - дейді тәуелсіз бақылаушы Бақыт Жаншаева.

9 маусым сайлау күні кешкі 19:00 шамасында сайлау учаскесінен шығарылған тәуелсіз бақылаушы Мейрамбек Камалов сайлау бөлімшесі төрағасының үстінен прокуратураға шағым түсіргенін айтады.

- Ақтөбедегі №532 сайлау учаскесінің төрағасы бағыттамаға бөлімше нөмірін кірер кезде жазғаным үшін мені шығарып жіберді. Осылайша «Сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 және 20-баптарын өрескел түрде бұзды. Бұл – байқаушының міндеттерін реттейтін баптар - дейді Мейрамбек Камалов.

Тағы бір тәуелсіз бақылаушы Едіге Сәмен №532 сайлау учаскесінің төрағасы санақ қортындысымен таныстырмай, бюллетеньдерді қалалық сайлау комиссиясына әкеткеніне наразы.

Тәуелсіз бақылаушылар наразылығын тыңдаған жергілікті билік сайлау учаскелеріндегі заң бұзушылықтар туралы дәлел-дәйектерді жинап, қағазға түсіріп, прокуратураға тапсыруға кеңес берген.

- Байқаушылардың наразылығын Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы тыңдауы керек еді. Бірақ аумақтық сайлау комиссиясы Нұр-Сұлтан қаласына сайлаудың есебін беруге кеткендіктен наразы топты бүгін облыс басшылары қабылдады. Ал негізінде жергілікті билік сайлау комиссиясымен бір ғимаратта отырғаны болмаса, комиссияның жұмысына араласа алмайды. Сондықтан бұл іспен бұдан әрі прокуратура және қалалық сайлау комиссиясы айналысады, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Осы күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда билікке қарсы наразылық өтіп, полиция жүздеген адамды ұстады.

10 маусымда елде күзет күшейіп, полиция адамдарды ұстауды жалғастырды. Осы күні Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялап, "Нұр Отан" партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың 70 пайыздан артық дауыс жиғанын жариялады.

10 маусымда Алматыда кешкі сағат 18.00 шамасында Бауыржан Момышұлы - Тұрар Рысқұлов көшелері қиылысындағы Алатау театры маңына бір топ адам сайлау нәтижесін жарамсыз деп, наразылық білдірген. Сол уақытта полиция 50-60 шақты адамды полиция ұстап әкеткен. Олардың арасында айтыскер ақын Ринат Зайытов болған.

Тоқаев елде интернеттің бұғатталғанын "білмейді"

Қасым-Жомарт Тоқаев баспасөз мәслихатында отыр. Нұр-Сұлтан, 10 маусым 2019 жыл.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу билік жоспарында жоқ екенін, егер салу мәселесі көтерілсе, референдум өтетінін айтты. Бұл туралы ол 10 маусымда Ақордада өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Tengrinews.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, журналистер Тоқаевтан елдегі интернеттің бұғатталуы жайлы да сұрады.

Қазақстан президенті елде интернеттің бұғатталатынынан хабарсыз екенін, құқық қорғау органдарына интернеттегі ақауды тексеруді тапсыратынын жеткізді.

Журналистермен кездесуде Тоқаев үкімет құрамында біраз өзгеріс болатынын мәлімдеді.

"Үкіметке жаңа адамдар, жастарды тартамыз. 300 адам кіретін жаңа кадрлар тізімін дайындауға уәде бергенмін" деді ол.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өткен 9 маусым, биліктің сайлау процесін мұқият бақылауда ұстау мақсатында қабылдаған шараларына қарамастан жүздеген адам үкіметке қарсы бейбіт шеруге шығуымен ерекшеленді. 10 маусымда сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланғаннан кейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда көшеге шыққан азаматтарды ұстау тағы жалғасты. Құқық қорғаушылар мен куәгерлер полиция билікке наразы азаматтарды ұстаған кезде қатыгездік танытқаны туралы хабарлады.

Наразы азаматтардың билікке қойған талабы туралы сұраққа берген жауабында президент Тоқаев қоғамның түрлі өкілдері енетін "Қоғамдық сенім комитеті" аясында "пікір алмасуға" шақырды.

Қазақстандықтардың бір бөлігінің бұл жолғы сайлауға бойкот жариялағаны жайлы сұраққа Тоқаев: "Ешбір бойкотты ұнатпаймын. Мейлі сайлау немесе басқа салада болсын. Бойкот сәтсіздікке ұшырады дегім келеді. (Дауыс бергендер) өте көп болды" деп жауап берді.

Дүйсенбі, 10 маусым күні Алматыдағы Астана алаңынан ондаған адамды көлікке күштеп салып, алып кетті. Ол азаматтар ешқандай ұран айтпай, плакат ұстамай жай тұрған болатын. Ұсталғандардың бірі полицияның қылығына наразы болып өз қолын кесті. Оны жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізді.

Ішкі істер министрлігі Алматы мен Нұр-Сұлтанда 9 маусымда "500-ге жуық адам" ұсталғаны туралы хабарлады. Ұсталғандардың адвокаттары, туыстары, куәгерлер мен белсенділердің айтуынша, түн мезгілінде өткен сот әкімшілік қамау жазасына кескен азаматтарды полицияның жабық көлігімен көрші қалалардағы уақытша ұстау изоляторына апарған.

Дүйсенбі күні Алматының Астана алаңы мен мемлекеттік опера және балет театры маңында болған оқиғалардан хабар таратқан журналистердің есебі бойынша, полиция кемінде жүз адамды ұстап әкеткен.

10 маусым күні кешке Алматының батыс ауданындағы "Алатау" театры маңына жиналып, президент сайлауының ресми қорытындысына наразылық білдірген азаматтарды полиция күшпен таратты.

Сол күні Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауында елдің қазіргі президенті, биліктегі "Нұр Отан" партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың 70,76 пайыз дауыс алып, жеңіске жеткенін хабарлады. ОСК мәліметінше, қазақстандық сайлаушылардың 77,4 пайызы президент сайлауына дауыс беруге қатысқан.

Өзін осы сайлауға "оппозициядан түскен кандидатпын" деп атайтын Әміржан Қосанов 10 маусымға қараған түні сайлаудың ресми қорытындысын мойындайтынын мәлімдеді. ОСК дерегінше, сайлаушылардың 16,02 пайызы қолдау білдірген Қосанов саяси бәсекеде екінші орын алған.

Тоқаевтың ұлықтау рәсімі 12 маусымға жоспарланған

Қасым-Жомарт Тоқаев баспасөз мәслихатында отыр. Нұр-Сұлтан, 10 маусым 2019 жыл.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясы 12 маусымға жоспарланған. Бұл туралы Тоқаев 10 маусымда Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Егер осы уақытта Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын толық жарияласа, ұлықтау рәсімін 12 маусымда өткізуді жоспарлап отырмыз.Себебі 14 маусымда бұған дейін айтқанымдай, Бішкекке, одан ары Душанбеге жиындарға ұшамын" деді Тоқаев.

Tengrinews.kz агенттігінің хабарлауынша, баспасөз мәслихатында Тоқаев сайлауға түскен қарсыластарына алғыс айтты.

"Бұл сайлау қызықты, өте ашық түрде өтті деп айтуға болады. Олардың (қарсыластарының - ред.) ұсыныстары, пікірлері өте ұтымды болды. Ең пайдалы ұсыныстарын міндетті түрде алдағы уақытта пайдаланамын" деді ол.

10 маусымда Қытай лидері Си Цзиньпин Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Осы күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда наразылық өтіп, полиция жүздеген адамды ұстады.

10 маусымда елде күзет күшейіп, полиция адамдарды ұстауды жалғастырды. Осы күні Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялап, "Нұр Отан" партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың 70 пайыздан артық дауыс жиғанын жариялады.

Полиция сайлау нәтижесін жарамсыз деп тануды талап еткен ондаған азаматты ұстады

Алматыда полиция ондаған азаматты ұстады. 10 маусым 2019 жыл.

10 маусымда Алматыда кешкі сағат 18.00 шамасында Момышұлы - Рысқұлов көшелері қиылысындағы Алатау театры маңына жиналған 50-60 шақты адамды полиция ұстап әкетті. Олардың арасында айтыскер ақын Ринат Зайытов, режиссер Еркін Рақышев та болды.

Оқиға орнына барған Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиналғандар сайлау нәтижесін заңсыз деп тануды талап еткен.

ВИДЕО: Жиналғандар алдында сөйлеп тұрған айтыскер ақын Ринат Зайытов. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

Алатау театры маңында полиция ондаған азаматты ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:54 0:00

Сәлден соң алаңды қоршаған полиция жасақтары қарсылық білдірген негізгі азаматтарды әскери көліктерге отырғызып, алып кетті. Әзірге оларды қай ауданға әкеткені белгісіз.

- Біз бұл жерге Ринат Зайытовтың сайлау жайлы пікірін естуге келген едік. Бірақ оны алып кетті. Мұнда полиция бәрімізді алып кетіп жатыр. Ол дұрыс емес деп санаймын, - деді Азаттық тілшісіне есімін Данияр деп таныстырған азаматтардың бірі.

ВИДЕО: Алатау театрының маңы. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

Сайлау нәтижесіне қарсылық білдіргендерді полиция ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:22 0:00

Оқиға орнында бір азамат есінен танып құлап қалды. Алаң маңында жүргендер оған көмектесіп, жедел жәрдем көлігін шақырды.

"Не үшін ұстап жатырсыздар?" деген Азаттық тілшісінің сұрағына сол жерде жүрген прокурор да, Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев та жауап бермеді.

Ақырында полиция Almaty Arena маңында жүргендерді қуып тарата бастады. Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат жетіден кете бере жиналғандар саны азайды. Бірақ полиция саны көбеймесе азаймады.

ВИДЕО: Алатау театрының маңы. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

Алатау театры маңында полиция азаматтарды ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:45 0:00

Бұған дейін Ринат Зайытов Instagram-дағы парақшасында бірнеше азаматпен бірігіп түскен видеосын салып, "сайлау нәтижесін жарамсыз деп тануды" талап ететінін айтқан.

10 маусымда орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының нәтижесін жариялады. ОСК дерегінше, "Нұр Отан" кандидаты, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев шамамен 70 пайыз дауыс алған. Өзін "оппозиция кандидаты" ретінде атаған саясаткер, "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан сайлауға түскен Әміржан Қосанов шамамен 16 пайыз дауыс алған. Ол 10 маусымға қараған түні экзит-полл нәтижесі жариялана салысымен өзінің жеңілгенін мойындап, Тоқаевты "жеңісімен" құттықтаған.

Оқи отырыңыз: Әміржан Қосанов Тоқаевты "жеңісімен" құттықтады.

Ал "өздері болған сайлау учаскелерінде Тоқаевтың емес, Қосановтың жеңгені" жайлы мәлімет таратқан тәуелсіз бақылаушылар, кейбір қолданушылар "Қосановтан көңілдері қалғанын" айтып, "бірақ соған қарамастан сайлаудың нәтижесін жарамсыз деп тануды талап ететіндіктерін" айтқан.

Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Алматы мен Нұр-Сұлтан, Шымкентте жүздеген адам наразылыққа шығып, сайлауға бойкот жариялайтындықтарын айтты. Ресми дерек бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда кемінде 500 адам ұсталған. Құқық қорғаушылар ұсталғандар саны бұдан да көп екенін айтады. 10 маусымда Алматы мен Нұр-Сұлтанда ұсталған үш адамның бес күнге қамалғаны белгілі болды.

10 маусымда да полиция Алматыда 30-ға жуық азаматты ұстады. Бұл оқиғаға Азаттық тілшісі куә болды. Журналист Джоанна Лиллис Twitter-дегі парақшасында полицияның жүз шақты адамды ұстағанын өз көзімен көргенін жазды. Азаттықтың Шымкенттегі тілшісінің хабарлауынша, қала орталығында 6 адамды ұстаған.

Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда наразыларды ұстау "қажет болғанын" айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кезектен тыс президент сайлауы болған 9 маусымда және ертеңінде үкіметке қарсы бейбіт шеруге шыққандарды ұстаған полицияны мақтап, акцияға қатысушыларды ұстау "қажет болғанын" айтты деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері. Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтандағы президент резиденциясында өткен баспасөз мәслихатында Тоқаев Алматы мен ел астанасында "бірқатар азамат өз пікірін білдіру үшін көшеге наразылыққа шыққаны" туралы мәлімдеді. Алайда наразылардың саны мен талабы туралы ештеңе айтпады. Ол елде азаматтардың "өз еркін білдіру бостандығы толық көлемде сақталып отыр" деген.

Президент кей азаматтардың "сырттан алған ақпаратқа еріп, заңсыз әрекетке барғаны" және "өздерін дөрекі ұстап, полицияны арандатқаны" туралы мәлімдеген. Ол күш құрылымдарының "барынша ұстамдылық" танытқанын айтқан.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өткен 9 маусым, биліктің сайлау процесін мұқият бақылауда ұстау мақсатында қабылдаған шараларына қарамастан жүздеген адам үкіметке қарсы бейбіт шеруге шығуымен ерекшеленді. 10 маусымда сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланғаннан кейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда көшеге шыққан азаматтарды ұстау тағы жалғасты. Құқық қорғаушылар мен куәгерлер полиция билікке наразы азаматтарды ұстаған кезде қатыгездік танытқаны туралы хабарлады.

Наразы азаматтардың билікке қойған талабы туралы сұраққа берген жауабында президент Тоқаев қоғамның түрлі өкілдері енетін "Қоғамдық сенім комитеті" аясында "пікір алмасуға" шақырды.

Қазақстандықтардың бір бөлігінің бұл жолғы сайлауға бойкот жариялағаны жайлы сұраққа Тоқаев: "Ешбір бойкотты ұнатпаймын. Мейлі сайлау немесе басқа салада болсын. Бойкот сәтсіздікке ұшырады дегім келеді. (Дауыс бергендер) өте көп болды" деп жауап берді.

Дүйсенбі, 10 маусым күні Алматыдағы Астана алаңынан ондаған адамды көлікке күштеп салып, алып кетті. Ол азаматтар ешқандай ұран айтпай, плакат ұстамай жай тұрған болатын. Ұсталғандардың бірі полицияның қылығына наразы болып өз қолын кесті. Оны жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізді.

Ішкі істер министрлігі Алматы мен Нұр-Сұлтанда 9 маусымда "500-ге жуық адам" ұсталғаны туралы хабарлады. Ұсталғандардың адвокаттары, туыстары, куәгерлер мен белсенділердің айтуынша, түн мезгілінде өткен сот әкімшілік қамау жазасына кескен азаматтарды полицияның жабық көлігімен көрші қалалардағы уақытша ұстау изоляторына апарған.

Дүйсенбі күні Алматының Астана алаңы мен мемлекеттік опера және балет театры маңында болған оқиғалардан хабар таратқан журналистердің есебі бойынша, полиция кемінде жүз адамды ұстап әкеткен.

10 маусым күні кешке Алматының батыс ауданындағы "Алатау" театры маңына жиналып, президент сайлауының ресми қорытындысына наразылық білдірген азаматтарды полиция күшпен таратты.

Сол күні Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауында елдің қазіргі президенті, биліктегі "Нұр Отан" партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың 70,76 пайыз дауыс алып, жеңіске жеткенін хабарлады. ОСК мәліметінше, қазақстандық сайлаушылардың 77,4 пайызы президент сайлауына дауыс беруге қатысқан.

Өзін осы сайлауға "оппозициядан түскен кандидатпын" деп атайтын Әміржан Қосанов 10 маусымға қараған түні сайлаудың ресми қорытындысын мойындайтынын мәлімдеді. ОСК дерегінше, сайлаушылардың 16,02 пайызы қолдау білдірген Қосанов саяси бәсекеде екінші орын алған.


ЕҚЫҰ: Бейбіт шеруге келгендерді жаппай ұстау конституциялық еркіндікті бұзады

ЕҚЫҰ конференциясында плакат ұстап отырғандар да болды. Нұр-Сұлтан, 2019 жыл.

Бейбіт жиында азаматтарды, журналистерді жаппай ұстау жиналу еркіндігі мен пікір айту құқығын бұзады деп мәлімдеді 10 маусымда Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауына байланысты алдын ала есебін жариялаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының парламенттік ассамблея делегациясының басшысы Маргарета Кинер Неллен.

"Сайлауға дайындық жақсы ұйымдастырылды, сайлау учаскелеріндегі дауыс беру жалпы алғанда тиісті дәрежеде өтті. Алайда көшеде бейбіт жиын өткізгендерді жаппай ұстау (олардың арасында журналистер де болды - М.Н) жиналу еркіндігі және пікір айту құқығын бұзады" деді ол.

ЕҚЫҰ сайтында жарияланған алдын ала есепте кезектен тыс президент сайлауы елде саяси өзгеріс жасауға мүмкіндік бергенмен "бейбіт жиындағы ұстаулар мен дауыс беру кезіндегі көп баңбұзушылықтар демократиялық стандарт сақталғанын көрсетпегені анық" деп жазылған.

Ұйымның пікірінше, Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы елде "шынайы демократиялық ауызбірлік пен ірі саяси, әлеуметтік және құқықтық реформалар қажет екенін" көрсеткен.

- Бұл сайлаулар Қазақстан қоғамы үшін маңызды болды, себебі ұзақ уақыт билікте болған бірінші президент сайлауға алғаш рет қатысқан жоқ. Жеті кандидат болса да (арасында әйел кандидат та бар) сайлау елде шынайы демократиялық ауызбірлік пен ірі саяси, әлеуметтік және құқықтық реформалар қажет екенін көрсетті. Жаңа президент пен билік бұл мүмкіндікті пайдаланып, институтқа сенімді күшейтіп, азаматтардың үміт-тілектеріне сәйкес іс атқаруы қажет. Алға жылжу үшін ЕҚЫҰ Қазақстанмен осы бағытта әріптестік орнатуға дайын, - деді ұйымның арнайы үйлестірушісі Георгий Церетели.

ЕҚЫҰ бақылаушыларының ойынша, сайлау басқару партиясы басымдыққа ие сыни пікірлер шектелген саяси ортада өтті. Ұйым өкілдері сайлау күнгі заңбұзушылықтар және қарапайым процедуралардың еленбей қалуы дауыс санаудың әділ өткеніне кепілдік бере алмайды деп санайды.

Ұйымның пікірінше, Конституция пікір айту еркіндігі мен ақпарат алу құқығының қорғалуына кепілдік берсе де, бұл құқықтар заңнамамен шектелген. ЕҚЫҰ есебінде сайттар мен әлеуметтік желілердің жартылай шектелгені де жазылған. Ұйымның жазуынша, сайлауалды кезеңде ақпарат құралдарында қазіргі президент кеңінен насихатталды, оны бұрынғы президенттің қолдауы да кандидаттарға тең мүмкіндік берген жоқ.

Ұйымның жазуынша, жиналу еркіндігі, бірлестіктер жұмысына қатысу сонымен бірге саяси өмірге араласу құқықтарының шектелі бұған дейінгі бар құқықтық базадағы ірі кемшіліктермен бірге елде демократиялық сайлау өткізуді қиындатты. Ұйымның жазуынша, Қазақстанның бұған дейін айтқан басты ескертпе-ұсыныстарды ескермеген.

ЕҚЫҰ және демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюродан кезектен тыс президент сайлауын бақылауға 339 бақылаушы тіркелді.

9 маусымда президент сайлауы болған күні Алматы мен Нұр-Сұлтан, Шымкентте жүздеген адам наразылыққа шығып, сайлауға бойкот жариялайтындықтарын айтты. Ресми дерек бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда кемінде 500 адам ұсталған. Құқық қорғаушылар ұсталғандар саны бұдан да көп екенін айтады.

Ақтөбе әкімдігі 9 маусымда оннан астам адамның ұсталғанын растады

Облыстық әкімдік жанында тұрған автобустар мен полиция көліктері. Ақтөбе, 10 маусым 2019 жыл.

9 маусымда Ақтөбеде полиция облыстық әкімдіктің жанына жиналған оннан астам адамды ұстаған. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мәди Елеусіз айтты.

- Ұсталған азаматтар қоғамдық тыныштықты бұзуға әрекет етті. Полиция оларды бөлімшеге апарып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деді Мәди Елеусіз.

Ақтөбе полициясы азаматтардың ұсталуына қатысты әлі ақпарат берген жоқ. 10 маусым күні Ақтөбе облыстық әкімдігі жанында бірнеше автобус, полиция көлігі, өрт сөндіру көліктері мен жедел жәрдем машинасы тұрды. 9 маусымда да әкімдік маңында күзет күшейтілген еді.

9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Осы күні полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүздеген адамды ұстады. Ақтөбеде де полиция адамдарды ұстағаны жайлы ақпарат тараған.

10 маусымда елде күзет күшейіп, полиция адамдарды ұстауды жалғастырды.

Фотогалерея: 10 маусымдағы жағдай

Алматы мен Нұр-Сұлтанда ұсталған үш адам бес тәулікке қамалды

Сот шешімімен бес тәулікке қамалған Айдарбек Өтегенов (ортасында). Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

10 маусым күні Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қала тұрғыны Айдарбек Өтегеновті бес тәулікке қамау туралы қаулы шықты. Судья Жанна Нұрғалиеваның қаулысына сәйкес, Өтегеновке "полиция талабына бағынбау" (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667 бабы) бойынша айып тағылған.

Сот ғимаратына Азаттық тілшісі барғанда Өтегенов соты өтіп жатты, бірақ судья процеске ақпарат құралдарын кіргізбеді. Процесс жарты сағатқа созылды. Сыртқа екі полицей қызметкерлерімен бірге шыққан Өтегоновтың өзі қаулымен келіспейтінін, өзінің еш кінәсі жоқ екенін айтты.

- Мен саябақтың ішінде кетіп бара жатқанда төрт полиция жүгіріп келіп, қоршап алды да машинаға сүйрелеп алып барды. Мен өзім түсінбей қалдым, машинаның ішінде қалтамдағы құжаттарды өздері алып алды. Маған не үшін ұстағандарын да айтқан жоқ. Сот "полицейлер адамдар көп шоғырланған я наразылық болған жерде олар (полицейлер) ешнәрсе түсіндірместен алып кете алады" деп айтты, - деді Өтегенов.

59 жастағы Айдарбек Өтегеновтің Жетісу аудандық ішкі істер басқармасына 9 маусым күні күндізгі сағат 12-ге таман жеткізілгенін осы басқарма қызметкері Еділ Хамит Азаттыққа растады. Оның сөзінше, Өтегенов таңертеңге дейін полиция бөлімшесінде болып, 10 маусымда таңертең сотқа жеткізілген. Екі қызметкер Өтегеновті бес тәулікке әкімшілік құқық бұзғандарды қамайтын арнайы мекемеге алып кетті.

Бұдан бөлек, осы сотта Ғалия Қожбанованың да ісі қаралды. "Алаңның жанындағы дүкенге құрбысымен бара жатқан" оны да Жетісу аудандық полиция бөлімшесіне түсте жеткізіп, түнгі сағат 1-ден аса босатқан. Сот оны ақтау туралы шешім шығарды.

- Мені митингке қатысты ұстап, сотқа әкелді. Мұнда іске қатысты видеоны көрсетті ондағы әйел мен емес екенімді айттым. Судьяның да ол адам мен емес екеніне көзі жетіп, босатты, - деді Ғалия Қожбанова.

10 маусымда әкімшілік сотының алдында сайлау күні ұсталып, түрлі полиция бөлімшесінде болған бес-алты адам жиналды. Азаттық тілшісімен әңгіме барасында олар 10 маусымға қараған түні Жетісу аудандық полициясында қырыққа жуық адам болғанын, Алатау аудандық полиция бөлімшесінде 45 адам болғанын айтты. Сөздерінше барлығына түнгі 12-ге таман судья келіп, істерін жеке-жеке қараған. Әзірге қанша адам әкімшілік жазаға тартылғаны белгісіз, олар өздерінің ортақ чаттарында "алты-жеті адамды қамап қойғаны туралы хабар алған".

Астаналық адвокат Аманжол Мухамедияровтың айтуынша, 10 маусым түнде Нұр-Сұлтандағы наразылық кезінде ұсталған екі азамат бес тәулікке қамалған. Оның айтуынша, бір азаматқа - "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" (488-бап), екіншісіне "полицияға бағынбау" (667-бап) бабы бойынша айып тағылған. Алматы аудандық полиция басқармасында өткен сот таңертеңгі 7-8-ге дейін жалғасқан.

Оның айтуынша, түнде бұл бөлімшеде 50 шақты ұсталған азамат болған. Соты болып үлгермеген азаматтардың соттары бүгін жалғаспақ.

Адвокат бүгін таңертең Facebook-тағы парақшасында "Қазір ғана соттан келдім. Онда 50 шақты адам бар, екі кабинетте соттар өтіп жатыр. Судья мен прокурор отырған кабинетке кезек-кезек адамдарды кіргізіп жатыр. Прокурор екі ғана сұрақ қояды: мүгедектігің бар ма және жасың қаншада? Содан соң сот тұрады да, қаулысын оқиды. Барлығын-дерлік әкімшілік қамауға алып жатыр" деп жазған. Бұған дейін кейбір құқық қорғаушылар ұсталғандар сотына адвокаттарды кіргізбегенін айтқан.

9 маусымда президент сайлауы болған күні Алматы мен Нұр-Сұлтан, Шымкентте жүздеген адам наразылыққа шығып, сайлауға бойкот жариялайтындықтарын айтты. Ресми дерек бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда кемінде 500 адам ұсталған. Құқық қорғаушылар ұсталғандар саны бұдан да көп екенін айтады.

Қарай отырыңыз: Сайлау күнгі Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ұстаулар (9 маусым 2019 жыл).

Құқық қорғаушылар мен белсенділердің дерегінше, 10 маусымға қараған түні Алматы мен Нұр-Сұлтандағы полиция бөлімшелерінде көшпелі сот болып, ұсталғандарды әкімшілік жазаға тартқан. Бірақ әзірге нақты қанша адамның сотқа тартылғаны туралы дерек жоқ. Нұр-Сұлтанда ұсталғандардың бір бөлігін қала аумағынан тыс жаққа алып кеткені хабарланды.

10 маусымда да полиция Алматыда 30-ға жуық азаматты ұстады. Олардың арасында белсенді Әсем Жапишева да бар. Азаттықтың Шымкенттегі тілшісінің хабарлауынша, қала орталығында 6 адамды ұстаған.

9 маусым күні ұсталған екі азамат полиция алдында акция өткізді

Зейнеткер Райса Дүйсенбаева ұлымен бірге қалалық полиция департаменті алдында акция жасап тұр. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

Бүгін,10 маусымда алматылық зейнеткер, белсенді Райса Дүйсенбаева ұлымен бірге Алматы қалалық полиция департаментінің алдында екі адамдық пикет өткізді. Қолына "Полицияның бассыздығынан жалықтық. Күдебаев [полиция департаментінің басшысы] жұмысынан кетсін! Аштық жариялаймыз" деп жазылған қағаз ұстап шыққан олар 9 мамыр күні жазықсыз ұсталып, бірнеше сағат Алматы қалалық полиция департаментінде отырғанын айтты.

- Кеше күндізгі сағат он бір жарым мөлшерінде далаға, дәретханаға шыққан ұлымды полиция қызметкерлері ұстап алып күшпен машинаға отырғызды. Арашалауға барған мені де көліктеріне салып алды. Ұлымның қолына кісен салыпты. Түнгі он бірге дейін Алматы қалалық полиция департаментінде болдық. Бірақ ешқандай сұрақ-жауап алмады, - дейді Райса Дүйсенбаева Азаттық тілшісіне.

Райса Дүйсенбаеваның айтуынша, олар Алматы қалалық полиция департаментінде алты сағатқа жуық болған. Кейін полиция қызметкерлері такси шақыртып, үйлеріне жеткізіп тастаған.

Қалалық полиция департаментінен акция жасағандарға ешкім шыққан жоқ. "Не үшін наразылық жасап жатсыздар?" деп сұрағандар да болмады. Сәлден соң шешесі мен ұлы үйлеріне қайтып кетті.

9 маусымда президент сайлауы болған күні Алматы мен Нұр-Сұлтан, Шымкентте жүздеген адам наразылыққа шығып, сайлауға бойкот жариялайтындықтарын айтты. Ресми дерек бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда кемінде 500 адам ұсталған. Құқық қорғаушылар ұсталғандар саны бұдан да көп екенін айтады.

Құқық қорғаушылар мен белсенділердің дерегінше, 10 маусымға қараған түні Алматы мен Нұр-Сұлтандағы полиция бөлімшелерінде көшпелі сот болып, ұсталғандарды әкімшілік жазаға тартқан. Бірақ әзірге нақты қанша адамның сотқа тартылғаны туралы дерек жоқ. Нұр-Сұлтанда ұсталғандардың бір бөлігін қала аумағынан тыс жаққа алып кеткені хабарланды.

Шымкентте белгісіз адам Азаттық тілшісінің жұмысына кедергі келтірді

Белгісіз біреу Азаттық тілшісінің камерасын қолшатырмен жауып тұр. Шымкент, 10 маусым 2019 жыл.

10 маусымда Шымкентте белгісіз адам Азаттық тілшісі Дилара Исаның камерасын қара қолшатырмен көлегейлеп, кедергі келтірді.

Азаттық тілшісінің жұмысына кедергі жасаған адам бетіне медициналық маска мен көзілдірік киген. Сол маңда жүрген полиция ол адамның әрекетін көрсе де, ешқандай шара қолданбады.

Азаттық тілшісі Динара Исаның камерасын қолшатырмен жапқан адам. Шымкент, 10 маусым 2019 жыл.
Азаттық тілшісі Динара Исаның камерасын қолшатырмен жапқан адам. Шымкент, 10 маусым 2019 жыл.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 10 маусым түсте Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы және Тәуке хан көшелерінің қиылысында полиция алты адамды ұстап әкетті.

9 маусымда Қазақстан президентін сайлау күні Алматы және Нұр-Сұлтанда билікке қарсы наразылық шарасы өтіп, полиция жүздеген адамды ұстаған. Шымкентте полиция орталық көшеде жүрген жиырмаға жуық адамды әкеткен.

Қолшатыр ұстаған белгісіз адамдар Азаттық тілшілерінің видео түсіруіне кедергі жасап тұр. Нұр-Сұлтан. 9 маусым, 2019 жыл
Қолшатыр ұстаған белгісіз адамдар Азаттық тілшілерінің видео түсіруіне кедергі жасап тұр. Нұр-Сұлтан. 9 маусым, 2019 жыл

Нұр-Сұлтанда наразылық шарасынан хабар таратуға барған Азаттық операторы Тимур Айтмұхаметов пен Аян Қалмұратқа да белгісіз біреу қолшатырмен кедергі келтірген. Қолшатыр ұстаған адам Азаттық операторының камерасын жапқан.

ІІМ Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы наразылыққа ҚДТ қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязовты айыптап, "заңсыз митинг" кезінде 500-дей адамның ұсталғанын хабарлады.

Видео: Полиция адамдарды қалай ұстады? Шымкент, 9 маусым 2019 жыл.

Полиция "ұран айтпай, жай тұрғандарды" да ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:52 0:00

Тағы

XS
SM
MD
LG