Accessibility links

ЖАҢАЛЫҚТАР

Министрлік: Арыс қаласынан 500-ден астам жарылғыш зат шығарылды

Сапер снаряд сынығын қазып алып жатыр. Арыс, 26 маусым 2019 жыл.

Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаевтың сөзінше, қазірге дейін Арыс қаласынан 500-ден астам жарылғыш зат шығарылған. Мұндай деректі ол 26 маусымда Түркістан облысы Отырар ауданы Ақжол ауылында өткен баспасөз жиынында айтты.

Вице-министрдің сөзінше, әскери объектіде бықсып жанып жатқан бірнеше жер бар және ол жақын арада сөндіріледі. Құрманбаев "Арыс қаласындағы негізгі көшелер мен алаңдар тазартылды, бірақ аулаларда қауіпті жарылғыш заттар әлі де бар, қалада 400-ден астам сапер жұмыс істеп жүр" деді. Құрманбаевтың айтуынша, әскери қойманың 70 пайызы жарылған. Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев қауіп сейілмегендіктен Арыс тұрғындарын қалаға кіргізу 28 маусымға шегерілгенін айтты.

Бұған дейін қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов "Арыстағы №44856 әскери базасының маңындағы қару-жарақ қоймасы 60-жылдардан бері жұмыс істеп келеді" деген.

24 маусым күні таңертең Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасында алдымен өрт шығып, кейін жарылыстар болған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жарылыстан үш адам мерт болып, 160-тан астам адам зардап шеккен.

Қазақстан үкіметінің есебінше, жарылыс болған күні 39 мың адам өз күшімен қаланы тастап шыққан, 3500 адам Түркістан облысы әкімдігі ұсынған автобустармен Шымкентке жеткен. Түркістан облысы әкімдігінің мәлімдеуінше, қазір Шымкентте қырыққа жуық, облыстың басқа аудандарында жиырмадай эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр. Түркістан облысы әкімдігі 24 маусымда аймақта төтенше жағдай жариялады.

Шымкентке жеткізіліп, пунктерді паналап жатқан Арыс тұрғындары "билік ұсынып жатқан көмек мардымсыз" деп шағынды. Олар көбінесе билік емес, еріктілер мен халық көмектесіп жатқанын айтады. Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 26 маусымда өткен баспасөз мәслихатында Арыс тұрғындарының "биліктен мардымды көмек болмай жатыр" деген сөзін жоққа шығарды.​ Әкімнің сөзінше, қаладағы барлық пункте Арыс қаласынан келгендерге қолдан келгенше тиісті көмек көрсетіліп жатыр.

Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры 10 жылға сотталды

Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыров (оң жағынан бірінші)

26 маусым күні Ташкент қалалық соты Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыровты 10 жылға соттады. Сот оны "пара алды, бопсалады, қаржылық алаяқтық жасады, салық төлеуден жалтарды, әділ сотқа кедергі келтірді" деп айыптаған.

Қадыровпен бірге тағы 12 адамға да үкім оқылды. Олар әр түрлі мерзімге сотталды. Араларында ең ұзақ мерзім - 19 жылға қамалғаны да бар.

Қадыров былтыр ақпан айында ұсталған. Ал сот отырысы биыл қаңтарда басталған.

Өзбекстанның бас прокуратурасын 15 жыл бойы басқарған, бұрынғы президент “Ислам Каримов гвардиясындағы” шенеуніктердің бірі ретінде аталатын Рашид Қадыровты қазіргі президент Шавкат Мирзияев билікке келген соң бірнеше рет ашық сынаған. Мирзияев 2017 жылы тамызда прокуратура қызметкерлерін "ұрылар" деп атаған.

Нұр-Сұлтан әкімдігі экологиялық ұйымға бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді

Нұр-Сұлтан қаласы.

Нұр-Сұлтан әкімдігі "Байтақ-Болашақ" экологиялық альянсының жетекшісі Азаматхан Әміртайға 30 маусымда қалада бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді. Бұл туралы белсенді Азаттыққа айтты.

Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан әкімдігі Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне растап, бейбіт митинг 30 маусымда арнайы белгіленген Пушкин мен Шәкәрім көшесінің қилысындағы паркте өтетінін мәлімдеді.

Әміртайдың сөзінше, олар митинг өткізуге өтінішті 19 маусымда жазған.

"Мақсатымыз - жаңа президентке елдегі барлық мәселелерді жеткізу. Сайлау алдында берген уәдесін барынша орындауды сұраймыз" деді белсенді.

Альянс митинг кезінде Қытай қазақтарының және көп балалы аналардың, жұмыссыздық мәселесін көтермек. Белсенділер бейбіт митингіде банк кредиттерінің пайызын азайтуды, АЭС құрылысынан бас тартуды талап етпек.

Бұған дейін Алматы қаласы әкімдігі белсенді Әлнұр Ильяшевке бейбіт митинг өткізуге рұқсат берген. Митинг 30 маусымда 10.00-12.00 арасында "Сарыарқа" кинотеатрының артында өтеді. Ильяшев бұған дейін әкімдікке митинг өткізуге 35-рет өтініш жазып, рұқсат ала алмаған еді.

Қазақстан заңына сай, азаматтар митинг, шеру немесе наразылық шарасын ұйымдастыру үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Билік рұқсат берген митингіні ғана заңды деп есептейді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жиын өткізетін орынға рұқсат алу қиын

Қазақстан Конституциясына сай, халық қарусыз бейбіт шеру, жиын, пикет, наразылық шарасын ұйымдастыруға құқылы. Бірақ Конституцияда "мемлекет қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке қауіп төнген жағдайда, денсаулыққа зиян келетін жағдайда, жеке адамдардың құқығы мен бостандығына қатер төнсе, бейбіт митингіге заңмен шектеу қойылатыны" жазылған.

1995 жылы сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейбіт жиын, митинг, шеру , пикет және наразылық шарасын ұйымдастыру шарты туралы қаулы қабылдаған. Заңдық күші бар бұл қаулы қазір қолданыста. 24 жылдың ішінде 12 баптан тұратын заң көп өзгермеді.

​Осы заңның 11-бабында "әкімдіктер жергілікті жағдайды ескеріп, бейбіт жиын, митинг, шеру, пикет, наразылық шарасын ұйымдастыру шарттарын қосымша реттеуге құқылы" деп жазылған. Бірақ Қазақстанда билікке сын айтылуы мүмкін митингілерге рұқсат алу қиын. Жергілікті әкімдіктер "митинг өткізуге бөлінген аймақта басқа шара өтетінін немесе жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын" айтып, белсенділердің өтінішін кері қайтарады.

Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі бюроның дерегінше, 2012 жылдан бері елде бейбіт жиын саны бес есеге азайған.

9 маусым Қазақстан президентін сайлау күні Алматыда халық билікке қарсы наразылыққа шыққан. Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігі бұл митингіне "заңсыз" деп атап, мыңнан астам адамды ұстаған. Кейін президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews телеарнасына берген сұхбатында елде бейбіт митингіге рұқсат беріле бастайтынын айтқан.

Шөкеев: Арыс тұрғындарын қалаға кіргізу үш күнге шегерілді

Арыс қаласында жүрген сапер. 26 маусым 2019 жыл.

Түркістан облысы әкімдігі жарылыс болған Арыс қаласына тұрғындарды қайта кіргізу үш күнге, яғни 28 маусымға дейін шегерді. Бұл туралы 26 маусымда Түркістан облысы Отырар ауданында өткен брифингіде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.

Әкімнің сөзінше, қалада көпшілік жүретін көшелер снарядтардан тазартылғанымен, аулаларда әлі жарылғыш заттар жатыр.

"26 маусымда тұрғындарды қалаға кіргіземіз деп ойлағанбыз. Бірақ қауіп әлі бар. Тұрғындардың қалаға нақты қай уақытта оралатынын 28 маусымда айтамыз" деді әкім.

Шөкеев санитарлық-эпидемиялық қызметкерлер қалада дезинфекция бастағанын да айтты.

24 маусым күні таңертең Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасында алдымен өрт шығып, кейін жарылыстар болған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жарылыстан үш адам мерт болып, 160-тан астам адам зардап шеккен.

Қазақстан үкіметінің есебінше, жарылыс болған күні 39 мың адам өз күшімен қаланы тастап шыққан, 3500 адам Түркістан облысы әкімдігі ұсынған автобустармен Шымкентке жеткен. Түркістан облысы әкімдігінің мәлімдеуінше, қазір Шымкентте қырыққа жуық, облыстың басқа аудандарында жиырмадай эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр. Түркістан облысы әкімдігі 24 маусымда аймақта төтенше жағдай жариялады.

25 маусымда екі жүзге жуық адам Арыстың кіреберісіне барып, үйлеріне өтпек болған. Бірақ оларды сол маңда тұрған полиция мен әскерилер қалаға кіргізбеген еді. Қазір Арыс қаласына кіруге тыйым салынған. Билік "қалада 500-ге жуық саперлер жұмыс істеп жатқанын" хабарлаған.

Шымкентке жеткізілген Арыс тұрғындары "билік ұсынып жатқан көмек мардымсыз" деп шағынды. Олар көбінесе билік емес, еріктілер мен халық көмектесіп жатқанын айтады. Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 26 маусымда өткен баспасөз мәслихатында Арыс тұрғындарының "биліктен мардымды көмек болмай жатыр" деген сөзін жоққа шығарды. Әкімнің сөзінше, қаладағы барлық пункте Арыс қаласынан келгендерге қолдан келгенше тиісті көмек көрсетіліп жатыр.

Тоқаев тұрмысы төмен топтардың 300 мың теңгеге дейінгі кредиттерін өтеуді тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмысы төмен топтардың кредитін өтеу туралы жарлыққа қол қойды. Құжат 26 маусым күні Ақорда сайтында жарияланды.

Жарлыққа қарағанда, 1 маусымға дейінгі жалпы қарызы 3 миллион теңгеден аспайтын көп балалылардың, асыраушысынан айрылған отбасылар мен мүгедек бала бағатындардың, ата-анасыз қалған 29 жасқа дейінгі жастардың 300 мың теңгеге дейінгі кредиті кешіріледі. Жарлықты іске асыру үшін Тоқаев үкімет пен Ұлттық Банкке тапсырма берді.

Президент жарлығында тұрмысы төмен топтардың кредитін өтеуге қаржының қайдан алынатыны айтылмайды.

Қазақстандық басылымдардың жазуынша, 26 маусымда БАҚ өкілдеріне жүлде тапсыру рәсімінде сөйлеген Тоқаев өзінің бұл жарлығын "көмекке мұқтаж азаматтарға бұрын-соңды болмаған жәрдем" деп бағалаған. Оның сөзінше, 500 мыңға жуық қазақстандық "кредитін төлей алмай жүр".

"Тұрмысы төмен азаматтарға берілген кредиттердің 86 пайызы 1 миллион теңгеге жетпейді. Қарыздың орташа мөлшері – 300 мың теңге. Бір реттік науқан аясында мемлекет жағдайы жоқ азаматтардың 300 мың теңгеге дейін негізгі қарыздары мен оған есептелген сыйақыны өтейді" деді президент.

Тоқаевтың айтуынша, жарлық аясында кредит алғандардың 55 пайызының, яғни 250 мың тұрмысы төмен адамның кредиті толық есептен шығарылады. "Қалған борышкерлердің 300 мың теңге қарызы өтеледі" дейді ол.

Бұдан бөлек, Тоқаев жарлықта Ұлттық банкке "табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға кредит беруге тыйым салуды" тапсырған.

Ақордада жарияланған қаулыға қарағанда, жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Құжаттың орындалу барысын президент әкімшілігі қадағаламақ.

Биыл ақпанда Нұр-Сұлтандағы уақытша баспананың бірінде өрт шығып, бір отбасының бес баласы қаза тапқан. Балалардың ата-анасы түнгі ауысыммен жұмысқа кеткені айтылған. Осы оқиғадан соң Қазақстанның бірнеше қаласында аналар наразылығы өткен. Көп балалы, жалғызілікті және мүгедек бала бағып отырған аналар үкіметтің әлеуметтік көмегін сынап, биліктен баспана сұраған.

6 ақпанда Нұр-Сұлтанда аналар Астана концерт залындағы жиында биліктен "бір реттік науқан ретінде басында баспанасы жоқ, бірақ банктен несие алған аналардың бір мың айлық есептік көрсеткіші мөлшеріндегі несиесін кешіруді" талап еткен.

Алматы мен Шымкенттегі наразылық кезінде де аналар кредитін төлеуге қиналып отырғанын айтып, үкіметтен жеңілдік сұраған. Наразы аналардың біразы тапқан табыстары кредитке кететінін, баспана алуға мүмкіндіктері жоғын айтқан.

ІІМ Арыстың "350 тұрғыны жоғалғаны" жайлы хабарды терістеді

Әскери қоймадағы жарылыстан кейін Арыс қаласы мен маңындағы елдімекендерден жеткізілген адамдар "Ақмешіт" мешіті маңында тұр. Шымкент, 25 маусым 2019 жыл.

Қазақстан ішкі істер министрлігі 26 маусымда таратқан мәлімдемесінде дүйсенбі күні әскери қоймадағы өрт пен жарылыстан соң "Арыс қаласының 350 тұрғыны хабар-ошарсыз кеткен" деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Қаланың (Арыс – ред.) барлық тұрғындары эвакуацияланды және із-түссіз жоғалғандар жоқ" делінген ресми хабарламада. ІІМ тұрғындарды әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджері арқылы таралатын "жалған ақпаратқа сенбеуге" шақырып, ондай хабар таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткен.

Бұған дейін жергілікті кей басылымдар Шымкенттегі төтенше жағдай қызметіне сілтеме жасап, Арыстағы жарылыстардан кейін "350-ден астам адамның табылмай жатқаны" туралы хабар таратқан еді. ІІМ оны теріске шығарғаннан кейін, сәрсенбі күні осы хабарды көшіріп басқан он шақты басылымның өз сайтынан ол ақпаратты алып тастағаны жайлы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Дүйсенбі күні таңертең әскери қоймада жарылыстар басталғаннан кейін 43 мыңнан астам адам тұратын Арыс қаласынан ондаған мың тұрғын Шымкент пен басқа да елдімекендерге кетуге мәжбүр болған. Биліктің дерегінше, 39 мың адам өз бетімен бас сауғалап, басқа жаққа кеткен. Үш мыңнан астам адам Түркістан облысы әкімдігі бөлген автобуспен Шымкентке жеткен. Олардың көпшілігі туған-туысын сағалап кеткен.

Қаланы шұғыл тастап шыққан кезде кей тұрғындардың туыстарынан көз жазып қалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде көп тараған. Дүрбелеңде бір-бірінен адасып қалғаны жайлы Азаттық тілшісі 26 маусымда Шымкенттегі "Ақмешіт" мешіті жанында жолықтырған Арыс тұрғындары да айтты.

"Ақмешіт" алдындағы ахуал. Шымкент, 26 маусым 2019 жыл.

Арыстан Шымкентке келгендердің кейбірі бұған дейін Азаттыққа "биліктен көмек жоғын" айтып шағынған. Билік өкілдері қазір Шымкент қаласында Арыс тұрғындарына арналған қырықтан аса эвакуациялық бекет ашылғанын, сол жерде оларға ас-су беріліп, дәрігерлік көмек көрсетіліп жатқанын айтады. Биліктің дерегінше, эвакуциялық бекеттерде тұрып жатқан бес мыңға тарта адамның жартысына жуығы – бала.

26 маусым күні Қазақстан қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыс кезінде жараланған тағы бір әскери қызметкердің сейсенбіде ауруханада қайтыс болғанын хабарлады. Бұған дейін билік Арыстағы жарылыстар салдарынан бір әскери мен көлігіне снаряд түскен бір тұрғынның қаза болғаны туралы ақпарат таратқан еді.

25 маусымда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі жарылыстан соң он бес адамның (төртеуі - бала) жан сақтау бөліміне жатқызылғанын, тоғыз адамның халі ауыр екенін хабарлаған. Ресми мәлімет бойынша, барлығы 165 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Оның 89-ы ауруханада жатыр.

24 маусым күні таңертең Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасында алдымен өрт шығып, кейін жарылыстар болған. Түркістан облысы әкімдігі аймақта төтенше жағдай жариялады. Қазір Арыс қаласына кіруге тыйым салынған. Билік "қауіптің әлі сейілмегенін, қалада саперлер командасы жұмыс істеп жатқанын" хабарлаған.


АҚШ Украинаға қару сақтайтын қойма салуға көмектеседі

Калиновкадағы қару қоймасындағы жарылыс. Винница облысы, 27 қыркүйек 2017 жыл.

АҚШ пен Украина Вашингтонның Киевке қару-жарақты сақтауға көмек беруі жайлы меморандумға қол қойды. Құжатта АҚШ-тың Украинада әскери қойма салуға кем дегенде 4 миллион доллар бөлетіні айталады. Бұл туралы 25 маусымда АҚШ мемлекеттік хатшысы хабарлады.

Қаржы Украинаның қорғаныс министрлігіне екі жылда алты қару қоймасын салуға беріледі.

Құжатқа Украина сыртқы істер министрлігі халықаралық қауіпсіздік департаментінің директоры Руслан Нимчинский мен АҚШ мемлекеттік хатшысының әскери және саяси мәселелер бойынша көмекшісі Кларк Купер қол қойған. Рәсімге Украинаның АҚШ-тағы елшісі Валерия Чалого қатысты деп хабарлайді Украина елшілігі.

АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, жоба "Украинадағы әскери қоймалар қауіпсіздігін арттырып, Украинаның НАТО стандарттары мен халықаралық қауіпсіздік және қаруды басқару талаптарына сай болуына септеседі".

АҚШ дәстүрлі қаруды жою бағдарламасы аясында Украинаны қолдау үшін 2004-2018 жылдары 40 миллион доллардан аса қаржы құйған.

Соңғы жылдары Украинадағы қару қоймаларында бірнеше жарылыс болған. Былтыр қазанда Ичня қаласындағы әскери қоймада жарылыс болып, 12 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Оқи отырыңыз: Қаңыраған қала, қираған ғимараттар һәм күшейген күзет​

Қару-жарақ сақтау мәселесі Қазақстанда да бар. 24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласында 90 тоннаға жуық артиллериялық оқ-дәрі сақтаулы тұрған қоймадан өрт шығып, старядтар атылған. Аймақта төтенше жағдай жарияланып, 45 мыңнан аса тұрғын эвакуацияланды. Қазір қалада саперлар жұмыс істеп жатыр. Қазақстан үкіметінің дерегінше, үш адам қаза тауып, 350-ден аса адам хабар-ошарсыз кеткен. Екі жүзге тарта адам дәрігер көмегіне жүгінген.


Арыстан кеткендердің кейбірі "үкіметтің көмегі мардымсыз" деп шағынды

Шымкентке жеткізілген Арыс тұрғындары "Ақмешіт" мешітінің маңында отыр. Шымкент, 24 маусым 2019 жыл.

Арыстағы әскери қоймадағы жарылыстан соң қалаға жеткендердің бір бөлігі - жүздеген адам Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітінің алдында жүр. Мешіт маңынан тікелей хабар таратқан Азаттыққа сұхбат берген кейбір тұрғындар үкіметтен "көмек алмай отырғандарына" шағынды. Олар өздеріне қаланың ерікті тұрғындары жәрдем беріп жатқанын айтады.

Шымкенттік журналист, ерікті Әйгерім Бегімбеттің сөзінше, қала тұрғындары арыстықтар эвакуацияланған мектептердегі пунктілерге көрпе мен тұрмыстық заттар әкелген. "Арыстан келгендерді үйлеріне әкетіп жатқандар да бар" дейді ол. Шымкент тұрғыны Жұмаділдә Мұстафа үкіметтен "мардымды көмек болмай жатқанын" айтады.

Қарай отырыңыз: Арыстан көшкендер үкіметке ашулы

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Ғалымжан Мұратов Азаттыққа Шымкентте әуелде ашылған 37 пунктіге 25 маусымда "қосымша тағы 10 эвакуация орны құрылғанын" айтты. Оның сөзінше, кейбір тұрғындар эвакуациялық пунктілерге бармай, мешіт маңында жүр.

24 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында "Арыс тұрғындарына көмек көрсету бойынша нақты шаралар қабылдау үшін" облысқа баратынын айтқан. Тұрғындармен кездескен Тоқаев "мемлекет арыстықтардың үйін қалыпқа келтіріп беретінін" айтып, жұртты сабырға шақырған.

24 маусым күні Арыстағы әскери қойма жарылған. Қазақстан үкіметінің дерегінше, 39 мың адам өз бетімен бас сауғалап, басқа жаққа кеткен. Шамамен 3500 мың адам Түркістан облысы әкімдігі бөлген автобуспен Шымкентке жеткен. Түркістан облысы әкімдігі жарылыстан кейін облыста төтенше жағдай жариялады. 25 маусымда Қазақстан ішкі істер министрлігі "қауіптің әлі сейілмегенін, жарылыс болған кейбір жерлердің әлі бықсып жатқанын" хабарлады.

Жарылыс Арыс қаласынан 200 метр жерде жатқан әскери қоймада болған. Қорғаныс министрлігінің бойынша, 90 тоннаға жуық артиллериялық оқ-дәрі сақтаулы тұрған қоймадан өрт шыққан. Өрт себебі әзірге белгісіз.

Бүгін, 26 маусым күні Қазақстанның қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыс кезінде жараланған тағы бір сарбаздың қаза тапқанын хабарлады. 1987 жылы туған әскери – қару қоймасындағы жарылыстан соң мерт болған үшінші адам. Бұған дейін бір әскери мен көлігіне снаряд түскен бір тұрғын қаза тапқан.

Он бес адам жан сақтау бөліміне жатқызылған. Оның төртеуі - бала. Тоғыз адамның халі ауыр. Барлығы 165 адам дәрігер көмегіне жүгініп, 89-ы ауруханаға жатты.

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының дерегінше, Арыстың 350-ден аса тұрғыны хабар-ошарсыз кеткен.

Шымкенттен 97 шақырым жерде жатқан, 45 мыңнан аса тұрғыны бар Арыста соңғы он жыл ішінде төрт рет жарылыс болып, он шақты адам қаза тапқан.

Қырғызстанда "қылмыстық топқа мүше болған" екі қазақстандық ұсталды

Көрнекі сурет.

Бішкектегі арнаулы операция кезінде Қазақстанда экономикалық қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде болған екі қазақстандық ұсталды. Бұл туралы Қырғызстан ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ведомство дерегінше, 24 маусымда Бішкектегі аудандардың бірінде 1990 және 1989 жылы Жамбыл облысында туған екі қазақстандық ұсталған. "Экономикалық қылмыс жасады", "трансұлттық қылмыстық ұйым қызметіне қатысты" деп күдікке ілінген олар уақытша тергеу абақтысына қамалған.

Ішкі істер министрлігі "2018 жылы бірнеше азамат Қырғызстаннан Қазақстанға контрабандалық жолмен тұтыну тауарларын тасымалдау үшін топ құрған. Ұйымдасқан топ мүшелері ойластырылған қылмыстық схема бойынша тауарларды ешбір құжатсыз заңсыз тасымалдаған. 2018 жылы Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу департаменті қылмыстық кодекстің экономикалық контрабанда және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету баптарымен іс қозғаған" деп жазады.

Қазақстанда бұл іс бойынша биыл сәуірде 12 адамға үкім оқылған. Оның ішінде Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекуулу да бар. Экс-депутат "шекарадан контрабандалық тауар өткізбек болды" және "трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты" деп танылып, 10 жылға түрмеге кесілген. Алматы соты Қырғызстанның тағы екі азаматын "ұйымдасқан топқа қатысы бар" деп тауып, әрбірін 10 жылға түрмеге жапқан.

Бұл іс бойынша сотқа тартылған басқа азаматтар 3-14 жылға сотталды. Кейбірі бостандығы шектеліп, сот залынан босап шыққан.

Бірнеше азаматқа қатысты іс бөлек өндіріске жіберіліп, оларға іздеу жарияланған еді.

Арыстағы жарылыстан тағы бір адам қаза тапты

Арыстағы жарылыс. 24 маусым 2019 жыл.

Түркістан облысындағы Арыс қаласындағы жарылыстан тағы бір адам қаза тапты. Бұл туралы төтенше жағдай комитетінің өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет хабарлады.

26 маусымда Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз жиынындағы Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев қаза тапқан азаматтың 2013 жылы әскерге шақырылған сержант екенін айтты. "Әбдіқұл Ахметов 1987 жылы Шымкентте туған. Кеше, 25 маусымда ауруханада көз жұмды" деді Дәндібаев. Қаза тапқан әскери Арыстағы жарылыс кезінде жараланған.

Марқұмның артында жары мен бір баласы қалды.

Министрлік өкілі "тағы екі әскеридің халі ауыр" екенін айтты.

24 маусымда Арыстағы әскери қоймада болған жарылыс болған. Бұған дейін құзырлы органдар жарылыстан екі адамның көз жұмғанын хабарлаған. Оның бірі - көлігіне снаряд түскен Арыс тұрғыны, екіншісі - әскери.

25 маусымда Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі жарылыстан соң он бес адамның жан сақтау бөліміне жатқызылғанын хабарлаған. Оның төртеуі - бала. Тоғыз адамның халі ауыр. Барлығы 165 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Оның 89-ы ауруханада жатыр.

Жарылыс Арыс қаласынан 200 метр жерде жатқан әскери қоймадан шыққан. Қазақстан қорғаныс министрлігінің дерегі бойынша, 90 тоннаға жуық артиллериялық оқ-дәрі сақтаулы тұрған қоймадан өрт шыққан. Өрт себебі әзірге белгісіз.

Шымкенттен 97 шақырым жерде жатқан, 45 мыңнан аса тұрғыны бар Арыста соңғы он жыл ішінде төрт рет жарылыс болып, он шақты адам қаза тапқан.

Бішкекте Арыс тұрғындарына жылу жиналып жатыр

Арыстағы жарылыс көрінісі. Түркістан облысы, 24 маусым 2019 жыл.

Қырғызстандықтар Бішкекте Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендерге жылу жинап жатыр. Акцияны қоғам белсендісі, кәсіпкер Жапар Усенов ұйымдастырған.

"Бірер күн ішінде ондаған мың адам эвакуацияланды. Оның екі мыңнан астамы - бала. Шұғыл түрде жөргек, гигиена заттары, ойыншықтар мен алғашқы көмек көрсетуге керек болатын медициналық құралдар қажет" деп жазды Усенов өзінің Facebook парақшасында.

Түркістан облысындағы Арыста 24 маусым күні қаладан 200 метр жерде тұрған әскери қоймадан, қорғаныс министрлігінің дерегінше, өрт шығып, оқ-дәрілер атылған. Жарылыстан екі адам қаза тапты. Барлығы 165 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Оның 89-ы ауруханада жатыр. Тоғыз адамның жағдайы ауыр. Қазақстан үкіметінің дерегінше, 39 мың адам өз бетімен бас сауғалап, басқа жаққа кеткен. Шамамен 3500 мың адам Түркістан облысы әкімдігі бөлген автобуспен Шымкентке жеткен.

Түркістан облысы әкімдігі жарылыстан кейін облыста төтенше жағдай жариялады. Қазақстан ішкі істер министрлігі "қауіптің әлі сейілмегенін, жарылыс болған кейбір жерлердің әлі бықсып жатқанын" хабарлады.


Ескі Жәйремде тау-кен комбинаты жарылыстарының елді мекенге әсерін талқылады

Ескі Жәйрем кенті. Қарағанды облысы, мамыр айы 2019 жыл.

25 маусымда Қарағанды облысы Ескі Жәйрем шағын кентінің тұрғындары мен жергілікті билік, Жәйрем тау-кен комбинатының өкілдері арасында кездесу болды. Мамыр айында полиметалл кеніші маңында тұрып жатқан тұрғындар биліктен өздерін басқа жаққа көшіруді я денсаулықтарына залал келтіргені үшін өтемақы төлеуді талап еткен еді. Тұрғындар шағымынан соң комбинат өкілдері "кеніштің елді мекенге әсерін анықтау үшін тәуелсіз комиссия құрылатынын айтқан".

Қаражал қалалық мәслихатының депутаты Нұрғали Өмірбеков 25 маусымда кездесу қорытындысы жайлы сұраған Азаттық тілшісіне "сараптама жарылыстың елді мекенге әсері жоқ" екенін дәлелдеді деді. Депутат басқа сұрақтарға жауап бере алмайтынын, сараптама нәтижесін білетін елді мекен әкіміне қайрылуға кеңес берді.

Азаттық тілшісі Жәйрем әкімі Аманғазы Нәукеновтен жауап ала алмады. Жәйрем тұрғындарының айтуынша, олар кездесудің болатыны жайлы әбден тақалған кезде ғана білген. Оған шамамен 30 адам ғана қатыса алған. Көбі кездесу өтіп жатқан кезде жұмыста болған.

- Бізге "бәрі қалыпты, тұра беруге болады" деді. Бірақ бұл жауапқа көңіліміз толмайды. Себебі елді мекенде комиссия жұмыс істеген кезде жарылыстар үні бәсеңдеді. Ал оған дейін қатарынан екі жыл бойы жарылыс әсері қатты білінді. Мұны әсіресе кенішке жақын өмір сүретіндер қатты байқады. Бәлкім, кәсіпорын тұрғындар өтінішін ескеріп, жарылыстарды азайтқан шығар? Бұған сенгің-ақ келеді, "бәрі қалыпты" деп айту үшін жасалған көзбояушылық емес шығар деп үміттенеміз, - деді жиналыстан кейін Ескі Жәйрем тұрғыны Любовь Иксанова.

Кейбір тұрғындар мамыр айындағы шағымға байланысты ауыл әкімінен ресми түрде жауап алмағанын айтты. Бұған дейін тұрғындар 250 отбасы қол қойған хатқа жергілікті биліктен мардымды жауап болмаса, Нұр-Сұлтанға шағымданатындықтарын жеткізген еді.

Қарай отырыңыз: Ескі Жәйрем тұрғындары басқа жаққа көшіруді талап етеді.

Ескі Жәйрем тұрғындары: Көшірсін я өтемақы төлесін!
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:54 0:00

1200-ден астам адам тұратын Ескі Жәйрем тұрғындары жел соққан кездері күннен күнге ауылға жақындап келе жатқан полиметалл кенішінен шыққан жағымсыз иіс пен шаңға бөгетіндерін айтады. Кеніш маңында болатын жарылыстардан үйлерінің қабырғасы жарылғанын айтқан тұрғындар үйлеріміз тұруға жарамсыз болып қала ма деп те қауіптенеді.

Оқи отырыңыз: Кеніш маңындағы ауыл тұрғындары көшіруді я өтемақыны талап етеді

Шымкентте белгісіз біреулер Vlast тілшілеріне шабуыл жасаған

Әскери қоймадағы жарылыстан кейін Арыс қаласы мен маңындағы елдімекендерден Шымкентке жеткізілген адамдар. 25 маусым 2019 жыл.

25 маусымда Арыстан эвакуацияланған тұрғындар жайлы Шымкенттегі мешіттен видеорепортаж түсіріп жүрген Vlast тілшілері Қанат Бейсекеев пен Әділет Әбішке белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Бұл ақпаратты Vlast.kz сайты хабарлады. Соның салдарынан журналистердің техникасы бүлінген.

Сайттың жазуынша, оқиғаға полиция араласып, журналистерді Абай аудандық ішкі істер бөлімшесіне апарған. Олардан оқиға жайлы сұрастырған соң бір сағаттан кейін босатқан. Журналистерге кімнің шабуыл жасағаны айтылмайды.

24 маусым таңертең Түркістан облысы Арыс қаласы маңында орналасқан артиллериялық снарядтар сақтаулы тұрған қоймада, қорғаныс министрлігінің дерегінше, өрт шығып, әскери оқ-дәрілер жарылған.

Арыстағы жарылыстан кейін барлығы 165 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Олардың 89-ы ауруханада жатыр. Тоғыз адамның жағдайы ауыр. Дәрігерлер 76 адамға алғашқы көмек көрсетіп, жіберген. Бұл туралы 25 маусымда Нұр-Сұлтанда үкімет отырысы кезінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Қазақстан үкіметінің дерегінше, 39 мың адам өз бетімен бас сауғалап, басқа жаққа кеткен. Шамамен 3500 мың адам Түркістан облысы әкімдігі бөлген автобуспен Шымкентке жеткен.

Түркістан облысы әкімдігі жарылыстан кейін облыста төтенше жағдай жариялады. 25 маусымда Қазақстан ішкі істер министрлігі "қауіптің әлі сейілмегенін, жарылыс болған кейбір жерлердің әлі бықсып жатқанын" хабарлады.

Ақтөбеде автобус пен КамАЗ соқтығысып, бір адам қаза тапты

Жолаушылар автобусы мен КамАЗ көлігі соқтығысқан сәт. Ақтөбе, 25 маусым 2019 жыл.

25 маусымда Ақтөбеде жолаушылар автобусы мен КамАЗ көлігі соқтығысып, 13 адам зардап шекті. Автобуста болған жолаушылардың бірі қаза тапты. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаменті хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, Ақтөбе – Пригородный бағытында жолаушы таситын №29 автобус қаладан шығып, Қызылжар елдімекені тұсынан өте берген кезде КамАЗ көлігімен соқтығысып қалған.

Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Азамат Тұрышевтың сөзінше, жол апатынан зардап шеккен 12 адам ауруханаға түскен. Оның үшеуі - бала. Ми жарақатын алып, қабырғалары сынған жолаушы мен кеудесі қысылып, өті жарақаттанған адам қазір жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Өзге жолаушылар алғашқы медициналық көмектен соң үйлеріне жіберілген.

Ақтөбе – Пригородный бағытында жолаушы таситын №29 автобус "Автопарк" компаниясына тиесілі. Серіктестің ресми өкілі Руслан Жылқамановтың айтуынша, 10 жылдық еңбек өтілі бар жүргізуші рөлде отырғанда сау болған. Полиция оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғап, жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Арыста жарық жоқ. Интернет пен байланыс нашар

Арыстағы жарылыстың көрінісі. Түркістан облысы, 24 маусым 2019 жыл.

Арыстағы әскери қоймада жарылыс шығып, ондаған мың адам жаппай көшкен соң "қауіп сейілмей жатып", құжаттары мен дүние-мүлкі қараусыз қалғанын айтқан тұрғындар қалаға қайта бастады. Бірақ Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бақылау-өткізу пунктінде тұрған әскерилер оларды қалаға өткізбей тұр.

Арыс қаласына таңертең 10.00-де кірген Азаттық тілшісі қала ішінде адам жоғын, ілуде бір ғана тұрғындар байқалатынын айтады. Жарылыс кезінде қаладан шықпай қалып қойғандар да бар.

Азаттық тілшісінің сөзінше, Арыста қазір жарық жоқ, жанармай сататын бекеттер жұмыс істемейді. Интернет пен байланыс жұмысы нашар. Қаладағы кейбір дүкендер мен мейрамханалар өртенген. Жарылыстан мемлекеттік мекемелердің, тұрғын үйлер мен қаладағы вокзалдың есік-терезесі шағылған.

Арыстағы жарылыстан кейінгі ахуал. 25 маусым 2019 жыл.

AzatNews 25.06.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:16:08 0:00

​Азаттық тілшісі кейбір сауда орындарының әлі өртеніп жатқанын айтады. Қала ішін ұры-қарыдан қорып, полицейлер жүр. Бүгін, 25 маусымда Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Арыста 75 полицей жүргенін, "дүкен мен тұрғын үйді тонаған" үш адамның ұсталғанын хабарлаған.

Азаттық тілшісінің сөзінше, Арыс вокзалында пойыздар жүрмей тұр. Камераға сөйлеуден бас тартқан полицейлер вокзалдағы қозғалыс жарылыс басталған бірер сағаттан соң тоқтағанын айтады. Шымкент вокзалынан шығып, Арыс арқылы түрлі қалаға қатынайтын пойыздар тоқтаған.

Шымкент вокзалына келгендерді Түркістан арқылы жіберу үшін жолаушыларды ондаған арнаулы автобус тегін тасымалдап жатыр. "Бішкек пен Алматыға баратын пойыздың бәрі тоқтаған" дейді Азаттық тілшісі. Бір бағытқа баратын екі пойыздың жолаушылары бір пойызға отырып кеткен.

24 маусым таңертең Түркістан облысы Арыс қаласы маңында орналасқан артиллериялық снарядтар сақтаулы тұрған қоймада, қорғаныс министрлігінің дерегінше, өрт шығып, әскери оқ-дәрілер жарылған. Түркістан облысы әкімдігі жарылыстан кейін облыста төтенше жағдай жариялады. 25 маусымда Қазақстан ішкі істер министрлігі "қауіптің әлі сейілмегенін, жарылыс болған кейбір жерлердің әлі бықсып жатқанын" хабарлады.

Қазақстан үкіметі апаттан екі адамның қаза тапқанын хабарлады. Қаза болғандардың бірі - Арыс тұрғыны. Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, тұрғынның көлігіне снаряд түскен. Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, мерт болған екінші адам - әскери қызметкер. Оның денесі әскери қойманың маңынан табылған.

Арыстағы жарылыстан кейін барлығы 165 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Олардың 89-ы ауруханада жатыр. Тоғыз адамның жағдайы ауыр. Дәрігерлер 76 адамға алғашқы көмек көрсетіп, жіберген. Бұл туралы 25 маусымда Нұр-Сұлтанда үкімет отырысы кезінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Қазақстан үкіметінің дерегінше, 39 мың адам өз бетімен бас сауғалап, басқа жаққа кеткен. Шамамен 3500 мың адам Түркістан облысы әкімдігі бөлген автобуспен Шымкентке жеткен.

Шымкентке жеткізілген Арыс тұрғындарының кейбірі эвакуациядан кейін өздеріне жағдай жасалмай отырғанына шағымданды. Шымкенттегі "Ақмешіт" мешіті маңында жүргендер көмекті билік емес, қала тұрғындары көрсетіп жатқанын айтады.

Түркістан облысына 24 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев барған. Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың арыстықтармен кездескенін, билік азаматтардың баспанасын қалыпқа келтіріп беретінін айтып, сабырға шақырғанын хабарлады. Қазақстан қорғаныс министрлігі Арыс қаласында қазір 500 сапер үйлердің маңы мен темір жолдардың жанында жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Шымкенттен 97 шақырым жерде жатқан, 45 мыңнан аса тұрғыны бар Арыста соңғы он жыл ішінде төрт рет жарылыс болып, он шақты адам қаза тапқан.

Қырғызстан прокуратурасы Атамбаевқа тағылған айыптардың бесеуіне негіз тапты

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан Бас прокуратурасы экс-президент Алмазбек Атамбаевтан тиіспеушілік статусын алып тастау үшін парламент таққан айыптарға баға берді. Бақылаушы орган депутаттар таққан алты айыптың бесеуіне негіз бар деп тапты. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым және регламент бойынша парламент комитетінің жиынында бас прокурор Откурбек Джамшитов ведомство шығарған шешімді оқып берді.

Депутаттар комиссиясы мен Бас прокуратура айыптары қысқаша мынадай:

  • Депутаттарды, сотты, қоғам қайраткерлері мен БАҚ-ты қудалау – Атамбаевтың қатысы бар екені дәлелденуі керек болғандықтан, негіз жоқ;
  • Атамбаев үй салған Кой-Таш ауылында жерді заңсыз басып алу – аса ауыр қылмыс белгілері бар;
  • Қылмыстық топ мүшесі Азиз Батукаевты заңсыз босату – аса ауыр қылмыс белгілері бар;
  • Заңсыз баю – аса ауыр қылмыс белгілері бар;
  • Бішкек ТЭЦ-ін жаңарту жобасы кезіндегі жемқорлық әрекет – аса ауыр қылмыс белгілері бар;
  • Бішкек ТЭЦ-іне заңсыз көмір тасымалдау ісіне қатысы болуы мүмкін – аса ауыр қылмыс белгілері бар.

18 маусымда Жогорку Кенешінің екі комитеті Атамбаевқа айып таққан комиссия қорытындысын қолдаған еді. Комиссия төрағасы Каныбек Иманалиев бұрынғы президенттен тиіспеушілік мәртебесін алып тастау сегіз кезең бойынша жүзеге асырылуы тиіс екенін айтқан.

Ереже бойынша, енді Бас прокуратура бағасы парламентте қаралып, артынша бұрынғы президенттен тиіспеушілік мәртебесін алып тастау-тастамау туралы парламент шешімі шығады.

Қырғызстанда бұрынғы президент мәртебесіне Роза Отунбаева мен Алмазбек Атамбаев ие. Ал халық толқулары нәтижесінде биліктен кетуге мәжбүр болған елдің бірінші президенті Асқар Ақаев пен екінші президенті Құрманбек Бакиевке ондай мәртебе берілмеген.

ІІМ: Арыстағы жарылыс қаупі әлі сейілген жоқ

Әскери бөлімше қоймасындағы жарылыстан бас сауғалап бара жатқан Арыс тұрғындары. Түркістан облысы, 24 маусым 2019 жыл.

25 маусымда Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин әскери қойма жарылған Арыс қаласында "қауіптің әлі сейілмегенін, жарылыс болған кейбір жерлердің әлі бықсып жатқанын" айтты.

"[Өрт сөнбегендіктен] қару-жарақ әлі де жарылуы мүмкін. Отты қорғаныс министрлігінің қоймаларындағы брондалған арнаулы техника көмегімен сөндіреміз" дейді министр орынбасары.

Ильиннің айтуынша, жарылыс болған қоймада құрлық әскеріне арналған қару-жарақ – артиллериялық снарядтар сақтаулы тұрған.

Министрлік өкілі "Қойма күзетшілері қоймалардың бірінен шыққан түтінді [24 маусым күні] таңғы 9.00-де байқаған. Жарылыс қаупі бар екені белгілі болған соң әуелі өрт сөндірушілер, артынша әскери бөлімшенің жеке құрамы қауіпсіз жерге көшірілді. Алғашқы жарылыс 9.15-те болды" дейді Ильин.

24 маусым таңертең Түркістан облысы Арыс елдімекені маңында орналасқан Қазақстан қарулы күштері бөлімдерінің бірінде, қорғаныс министрлігінің дерегінше, өрт шығып, салдарынан әскери оқ-дәрі жарылған. Түркістан облысы әкімдігі Арыстағы жарылыстан кейін облыста төтенше жағдай жариялады.

Қазақстан үкіметі апаттан екі адамның қаза тапқанын хабарлады. Қаза болғандардың бірі - Арыс тұрғыны. Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, тұрғынның көлігіне снаряд түскен. Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, мерт болған екінші адам - әскери қызметкер. Оның денесі әскери қойманың маңынан табылған.

Арыстағы жарылыстан кейін барлығы 165 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Олардың 89-ы ауруханада жатыр. Тоғыз адамның жағдайы ауыр. Дәрігерлер 76 адамға алғашқы көмек көрсетіп, жіберген. Бұл туралы 25 маусымда Нұр-Сұлтанда үкімет отырысы кезінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Қазақстан үкіметінің дерегінше, 39 мың адам өз бетімен бас сауғалап, басқа жаққа кеткен. Шамамен 3500 мың адам Түркістан облысы әкімдігі бөлген автобуспен Шымкентке жеткен.

Шымкентке жеткізілген Арыс тұрғындарының кейбірі эвакуациядан кейін өздеріне жағдай жасалмай отырғанына шағымданды. Шымкенттегі "Ақмешіт" мешіті маңында жүргендер көмекті үкімет емес, қала тұрғындары көрсетіп жатқанын айтады.

Түркістан облысына 24 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев барған. Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың арыстықтармен кездескенін, билік азаматтардың баспанасын қалыпқа келтіріп беретінін айтып, сабырға шақырғанын хабарлады.

Қазақстан қорғаныс министрлігі Арыс қаласында қазір 500 сапер үйлердің маңы мен темір жолдардың жанында жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Шымкенттен 97 шақырым жерде жатқан, 45 мыңнан аса тұрғыны бар Арыста соңғы он жыл ішінде төрт рет жарылыс болып, он шақты адам қаза тапқан.


Біртанов: Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 9 адамның жағдайы ауыр

Дәрігерлер Арыстағы жарылыстан зардап шеккен адамдардың бірін ауруханаға әкелген сәт. Шымкент, 24 маусым 2019 жыл.

Арыстағы жарылыстан кейін барлығы 165 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Олардың 89-ы ауруханада жатыр. Дәрігерлер 76 адамға алғашқы көмек көрсетіп, жіберген. Бұл туралы 25 маусымда Нұр-Сұлтанда үкімет отырысы кезінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

"Ауруханаға түскендердің 15-і жан сақтау бөлімінде жатыр. Тоғыз адамның халі ауыр, олардың екеуі - бала. Бір балаға дәрігерлер операция жасады. Оның жағдайы бір қалыпты" деді министр.

Біртановтың сөзінше, зардап шеккендердің көбі Шымкенттегі ауруханаларда жатыр. 24 маусымда Алматыдағы ғылыми-клиникалық институттардың дәрігерлері науқастарға көмек көрсету үшін Шымкентке барған.

24 маусым таңертең Түркістан облысы Арыс елдімекені маңында орналасқан Қазақстан қарулы күштері бөлімдерінің бірінде өрт шығып, салдарынан әскери оқ-дәрі жарылған. Түркістан облысы әкімдігі Арыстағы жарылыстан кейін облыста төтенше жағдай жарияланды.

Билік орындары апаттан екі адамның қаза тапқанын хабарлады. Қаза болғандардың бірі - Арыс тұрғыны. Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, тұрғынның көлігіне снаряд түскен. Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, мерт болған екінші адам - әскери қызметкер. Оның денесі әскери қойманың маңынан табылған.

Қазақстан үкіметінің дерегінше, 39 мың адам өз бетімен бас сауғалап, басқа жаққа кеткен. Шамамен 3500 мың адам Түркістан облысы әкімдігі бөлген автобуспен Шымкентке жеткен.

Шымкентке жеткізілген Арыс тұрғындарының біразы эвакуациядан кейін өздеріне жағдай жасалмай отырғанына шағымданды. Шымкенттегі "Ақмешіт" мешіті маңында жүргендер көмекті билік емес, қала тұрғындары көрсетіп жатқанын айтады.

Түркістан облысына 24 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев барған. Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың арыстықтармен кездескенін, билік азаматтардың баспанасын қалыпқа келтіріп беретінін айтып, сабырға шақырғанын хабарлады.

Қазақстан қорғаныс министрлігі Арыс қаласында қазір 500 сапер үйлердің маңы мен темір жолдардың жанында жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Арыстағы жарылыстың хроникасы
please wait

No media source currently available

0:00 0:07:14 0:00

Алматы әкімдігі белсенділерге митинг өткізуге рұқсат берді

Белсенді, заңгер Әлнұр Ильяшев (сол жақта) әкімдікке қарсы талабы бойынша сот отырысында. Алматы, 24 желтоқсан 2018 жыл.

25 маусымда азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшев Алматы қаласы әкімдігі бейбіт жиын өткізуге рұқсат бергенін хабарлады. Бұл туралы белсенді өзінің Facebook парақшасында жазды. Ильяшевтің сөзінше, жиын Алматыда митинг өткізуге рұқсат берілетін жалғыз орын - "Сарыарқа" кинотеатрының артындағы саябақта 30 маусым күні 10.00-ден 12.00-ге дейін өтпек.

Ильяшевтің айтуынша, бұл - белсендінің митинг өткізуге рұқсат сұрап, Алматы әкімдігіне жазған 36-өтініші.

Алматы әкімдігі алдында Facebook қолданушыларының сұрақтарына тікелей эфирде жауап берген Ильяшев "Бұл - митингілер туралы митинг" дейді. Белсендінің сөзінше, бейбіт жиында Қазақстан азаматтарының митинг өткізу құқығының іске асуы жайлы айтылмақ. Ильяшев Алматы әкімдігіне өтінішті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Euronews арнасына берген сұхбатынан соң тапсырған.

Маусым айының ортасында шыққан сұхбатта Тоқаев "наразылыққа шығып, өз ойын айтқысы келгендерге арналған заң қабылданады. Олар тиісті органдарға өтініш жазады және оларға жиналып, ойларын айтатын орын беріледі" деген.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қол қойған қаулыны белсенді өз парақшасында жариялады. Әкімдік 19 маусымда түскен белсендінің бейбіт жиын өткізу туралы шағымы "Қазақстанда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" заңға сай мақұлданғаны жазылған. Қаулының орындалуын бақылауды Байбек өзінің орынбасары Арман Қырықбаевқа тапсырған.

Әлнұр Ильяшев бұған дейін Алматы қаласының ішкі саясат басқармасына қалада Ішкі істер министрлігін реформалау талабымен митинг өткізу туралы 35 рет өтініш түсірген. Бірақ басқарма түрлі себепті алға тартып, оның өтініштерінің бір де біріне рұқсат бермеген. Бұдан соң Ильяшев конституцияда кепілдік берілген митинг өткізу құқығы бұзылғанын айтып, ішкі саясат басқармасының үстінен сотқа шағымданған. Ол шағымында ішкі саясат басқармасының митинг өткізуге рұқсат бермеуін заңсыз деп тануды сұраған.

Былтыр қыркүйекте Алматы соты Әлнұр Ильяшевтің шағымын қанағаттандырмай тастаған.

Қазақстан заңына сай, азаматтар митинг, шеру немесе наразылық шарасын ұйымдастыру үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Билік рұқсат берген митингіні ғана заңды деп есептейді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жиын өткізетін орынға рұқсат алу қиын

Қазақстан Конституциясына сай, халық қарусыз бейбіт шеру, жиын, пикет, наразылық шарасын ұйымдастыруға құқылы. Бірақ Конституцияда "мемлекет қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке қауіп төнген жағдайда, денсаулыққа зиян келетін жағдайда, жеке адамдардың құқығы мен бостандығына қатер төнсе, бейбіт митингіге заңмен шектеу қойылатыны" жазылған.

1995 жылы сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейбіт жиын, митинг, шеру , пикет және наразылық шарасын ұйымдастыру шарты туралы қаулы қабылдаған. Заңдық күші бар бұл қаулы қазір қолданыста. 24 жылдың ішінде 12 баптан тұратын заң көп өзгермеді.

​Осы заңның 11-бабында "әкімдіктер жергілікті жағдайды ескеріп, бейбіт жиын, митинг, шеру, пикет, наразылық шарасын ұйымдастыру шарттарын қосымша реттеуге құқылы" деп жазылған. Бірақ Қазақстанда билікке сын айтылуы мүмкін митингілерге рұқсат берілмейді. Жергілікті әкімдіктер "митинг өткізуге бөлінген аймақта басқа шара өтетінін немесе жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын" айтып, белсенділердің өтінішін кері қайтарады.

Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі бюроның дерегінше, 2012 жылдан бері елде бейбіт жиын саны бес есеге азайған.

9 маусым Қазақстан президентін сайлау күні Алматыда халық билікке қарсы наразылыққа шыққан. Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігі бұл митингіне "заңсыз" деп атап, мыңнан астам адамды ұстаған. Кейін президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews телеарнасына берген сұхбатында елде бейбіт митингіге рұқсат беріле бастайтынын айтқан.

Қорғаныс министрлігі: Арыста 500 сапер жұмыс істеп жатыр

Арыстағы жарылыстың көрінісі. 24 маусым 2019 жыл.

Әскери қойма жарылған Арыс қаласында қазір 500 сапер үйлердің маңы мен темір жолдардың жанында жұмыс істеп жатыр. 1800 адам снарядтар түсуі мүмкін деген жерлерге барлау жүргізіп жүр. Бұл туралы 25 маусымда Нұр-Сұлтанда үкімет отырысында қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов хабарлады.

Бектановтың сөзінше, Арыстағы №44856 әскери базасының маңындағы қару-жарақ қоймасы 60-жылдардан бері жұмыс істеп келеді.

"Қазір базада 400-дей адам жұмыс істейді. Көбі келісім-шартпен жұмыс істеп жүргендер. Әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар болған жоқ" деді ол.

Бектановтың айтуынша, қоймада әуе күштерінің қарулары сақталмаған, тек атқыш және артиллериялық қарулар сақталған.

"Қаруларды 2005 жылдан бері қару-жарақтарды басқа жаққа көшірумен айналысуды бастағанбыз. Бірақ тапшылығынан барлық қаруды шығарып үлгермедік" деді министр орынбасары.

Оқи отырыңыз: "Қару ескірген сайын қауіпті". Сарапшылар Арыстағы жарылыс жайлы

24 маусым таңертең Түркістан облысы Арыс елдімекені маңында орналасқан Қазақстан қарулы күштері бөлімдерінің бірінде өрт шығып, салдарынан әскери оқ-дәрі жарылған. Түркістан облысы әкімдігі Арыстағы жарылыстан кейін облыста төтенше жағдай жарияланды.

Билік орындары апаттан екі адамның қаза тапқанын, 70 адамның зардап шеккенін хабарлады. Қаза тапқандардың бірі - Арыс тұрғыны. Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, тұрғынның көлігіне снаряд түскен. Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, мерт болған екінші адам - әскери қызметкер. Оның денесі әскери қойманың маңынан табылған.

Қазақстан үкіметінің дерегінше, "39 мың адам өз бетімен бас сауғалап, басқа жаққа кеткен. Шамамен 3500 мың адам Түркістан облысы әкімдігі бөлген автобуспен Шымкентке жеткен". Ресми дерек бойынша, қалада 45 мыңға жуық адам тұрады.

Шымкентке жеткізілген Арыс тұрғындарының біразы эвакуациядан кейін өздеріне жағдай жасалмай отырғанына шағымданды. Шымкенттегі "Ақмешіт" мешіті маңында жүргендер көмекті билік емес, қала тұрғындары көрсетіп жатқанын айтады.

Түркістан облысына 24 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев барған. Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың арыстықтармен кездескенін, билік азаматтардың баспанасын қалыпқа келтіріп беретінін айтып, сабырға шақырғанын хабарлады.

Видео: Арыстағы оқиғаның хроникасы

Арыстағы жарылыстың хроникасы
please wait

No media source currently available

0:00 0:07:14 0:00

Арыстан көшірілгендердің кейбірі биліктен "көмек жоғын" айтады

Әскери қоймадағы жарылыстан кейін Арыс қаласы мен маңындағы елдімекендерден Шымкентке жеткізілген адамдар. 25 маусым 2019 жыл.

Арыстағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде, 24 маусымда қаладан Шымкентке жеткізілген жүздеген азамат эвакуациядан кейін өздеріне жағдай жасалмай отырғанын айтады. Шымкенттегі "Ақмешіт" мешіті маңында жүргендер көмекті билік емес, қаланың ерікті тұрғындары көрсетіп жатқанын айтады.

Ересектер мен балалар мешіт маңындағы жерде отырып, еріктілер таратқан ас-суды талғажау етіп отыр. Азаттық тілшісінің айтуынша, таңертең тамаққа кезек кезінде кептеліс болған. Жарылыс кезінде заттарын тастай қашқан арыстықтар еріктілер әкелген киім-кешекті алып жатыр.

Қауіпсіз жерге көшірілгендер Шымкент тұрғындары мен мешіт ішінде түнеп шыққандарын айтады.

"Мұның бәрі қашан бітетінін, қайда түнейтінімізді бір құдай біледі" дейді өзін Қалия Сәмбекова деп таныстырған егде жастағы азамат.

Жеті баласы бар, сегізіншісіне аяғы ауыр Ләззат Дәулетбаева "адамдар Арыстан абдырай қашты" дейді. Ол құжаттарын ғана алып үлгергенін, тамақ пен киім алу мүмкін болмағанын айтады. "Мейірбан адамдар көмектесіп жатыр" дейді көп балалы ана.

Мешіт маңында бірнеше жедел жәрдем көлігі тұр. Дәрігерлер күйзеліс пен ыстыққа шағынып, мазасы кеткен тұрғындардың қан қысымын тексеріп жүр.

Дәрігерлер Арыстан эвакуацияланған тұрғынға көмек көрсетіп жатыр. Шымкент, 25 маусым 2019 жыл.
Дәрігерлер Арыстан эвакуацияланған тұрғынға көмек көрсетіп жатыр. Шымкент, 25 маусым 2019 жыл.

"Ақмешіт" маңында әлдекімдер дыбыс ұлғайқыш арқылы тұрғындарға эвакуация пунктілеріне баруға шақырып жүр. Кейбіреулердің Шымкент мектеріндегі арнаулы орынға жеткізетін автобусқа отырып жатқаны байқалады. "Нұр Отан" партиясының Шымкент филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баxадыр Нарымбетов "Ақмешіт" алдынан тұрғындарды 15 жинақтау пунктіне алып бара жатырмыз" дейді.

Билік дерегінше, Арыстағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде бірі әскери, бірі бейбіт тұрғын екі адам қаза тапқан. Түркістан облысы әкімі жараланғандар саны 70-ке жеткенін хабарлады. Облыста жарылыс болған күннен бері төтенше жағдай жарияланған. 43 мыңнан аса тұрғыны бар Арыстан азаматтар жарылыс басталған бірер сағаттан соң көшіріле бастады. Тұрғындардың көбі өз бетімен бас сауғалаған. Кейбірі Шымкентке әкімдік бөлген автобуспен жеткен.

Билік Арыстағы жарылыс бірнеше күнге жалғасуы мүмкін деп, қауіптің сейілмегенін хабарлады. Снарядтардың жарылуына не себеп болғаны әлі белгісіз.

Түркістан облысына кеше, 24 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев барған. Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың арыстықтармен кездескенін, билік азаматтардың баспанасын қалыпқа келтіріп беретінін айтып, сабырға шақырғанын хабарлады.

Германияда екі әскери ұшақ әуеде соқтығысып, бір адам қаза тапты

Eurofighter Typhoon әскери ұшағы.

Германияның Eurofighter Typhoon екі әскери ұшағы елдің солтүстігінде әуеде соқтығысып қалды. Қос ұшақтағы екі ұшқыш катапульт көмегімен секірген. Олардың біреуі мерт болған.

Жерде 20 метр биікте ағаштың басына ілініп қалған екінші ұшқышты құтқарушылар тапқан. Түрлі жарақат алған оны ауруханаға жеткізген.

Алдын ала ақпарат бойынша, Мекленбургтегі Флезензе көлінің үстінде соқтығысып қалған екі ұшақта қару болмаған. Апат болған ауданда өрт шығып, оны бірнеше сағаттан кейін сөндірген.

Eurofighter Typhoon көпмақсатты әскери жойғыш ұшағын еуропалық Eurofighter GmbH кәсіпорыны шығарады. Бұл ұшақты Австрия, Германия, Испания, Италия, Ұлыбритания мен Сауд Арабиясы әскери әуе күштері пайдаланады.


Жұмысшылар құқығын қорғаған шымкенттік белсендінің сотында шешім шықты

Заңгер Жаңабек Әбішев. Шымкент, 18 ақпан 2019 жыл.

Шымкент қаласындағы Абай аудандық сотының шешіміне сай, республикалық "Жемқорлыққа қарсы күрес" қоғамдық қорының өкілі, заңгер Жаңабек Әбішев өзін сотқа берген кәсіпкер Александр Абдиевке 30 мың теңге моральдық шығын төлеуі тиіс. Сот шешімі 24 маусымда шықты. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Әбішевтің үстінен "Аппақ" компаниясының басшысы Александр Абдиев "ар-намысына тиді" деп, сотқа шағым түсірген. Жаңабек Әбішев Александр Абдиевтің қол астында істейтін жұмысшылардың құқығын қорғаған. Белсенді Әбішев "Абдиев жұмысшыларды түрлі сылтаумен заңсыз жұмыстан шығарды" деген. Осыдан кейін Абдиев Әбішевті сотқа берген.

Александр Абдиев белсендіден алғашында бес миллион теңге, сот тергеуі кезінде жеті миллион теңге өндіріп беруді талап еткен. Аудандық соттың судьясы Мейрамгүл Құдайбергенова Жаңабек Әбішевті Александр Абдиевке 30 мың теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді. Белсенді Жаңабек Әбішев соттың шешімімен келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін жеткізді.

Сот шешімін тыңдауға Александр Абдиев келмеді. Оның адвокаты Эльдар Гайсин сот шешіміне қатысты пікір бере алмайтынын айтты.

Жаңабек Әбішев бұған дейін "міндетінен тыс жұмысқа тартылып, директордан қысым көрген" шымкенттік мұғалім Гүлжан Сәлімбаеваның, билік шешімімен жабылған Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының (ҚТКФ) бұрынғы жетекшісі Лариса Харькованың, мәжбүрлі емдеуге күштеп жатқызылған белсенді Ардақ Әшімнің сот істеріне сенімді өкіл ретінде қатысқан.

Швейцария Каримованың бұғатталған 133 млн долларын Өзбекстанға қайтармақ

Гүлнара Каримованың 2010 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте түскен суреті.

Швейцария Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың ісі бойынша жүргізілген тергеу аясында бұғатталған 133 млн долларды Өзбекстанға қайтармақшы.

Швейцария бас прокуратурасы қазір Ташкент түрмесінде жазасын өтеп жатқан Гүлнара Каримова Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтан өзіне кешірім беруді сұраған соң бірнеше күннен кейін, 24 маусымда осылай деп мәлімдеді.


Гүлнара Каримованың Өзбекстан президенті мен халқына үндеуін оның қызы Иман Каримова өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Менен осы күнге дейін алынған Өзбекстан аумағындағы 1,2 млрд доллар көлеміндегі қаражат енді маған тиесілі емесін, қаржының республика бюжетіне қосылғанын айтқым келеді. Бұған жергілікті тергеу деректері дәлел" деген Каримова.

Ол шетелдегі шоттарында да қаржысы барын мәлімдеп, ақшасын сотта дауламауға уәде берген. Денсаулығы нашарлағанын айтқан Гүлнара Каримова шетелдік шоттардағы 686 млн доллар қаржысын мемлекетке өткізуге уәде еткен.

Өзбекстан билігі Гүлнара Каримованың үстінен екі қылмыстық іс қозғаған. Тергеушілер мемлекетке келген зиян мөлшерін екі миллиард доллар деп бағалаған.

2015 жылы тамызда Ташкент соты Гүлнара Каримованы салықтан жалтару, ақша жымқыру және бопсалау қылмыстарына айыпты деп танып, бес жылға бас бостандығын шектеген. Кейін оның үстінен қаржы алаяқтығын жасаған, шетел валютасын жасырған, кеден заңын бұзған және қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастырған деген айыптар бойынша тағы бір іс қозғаған.

2017 жылы желтоқсанда Өзбекстан соты Гүлнара Каримованы 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. 2018 жылы шілде айында сот Каримованың жазасын жеңілдетіп, бес жылға бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырған. Сот үкіміне сәйкес, Гүлнара Каримова қызы Иманның үйінде өтеуі тиіс болған, оның үйден шығуына және интернет пен байланыс құралдарын пайдалануына тыйым салған.

2019 жылы наурыздың басында Өзбекстан бас прокуратурасы Гүлнара Каримованың сот шешімімен үйқамақтан түрмеге ауыстырылғанын хабарлаған. Биліктің мәлімдеуінше, үйқамақта отырған Гүлнара Каримова "жаза өтеу шарты мен тәртібін қасақана бұзған": бірнеше рет байланыс құралдарын пайдаланып, қызының үйінен рұқсатсыз шығып кеткен.

Гүлнара Каримова - Өзбекстанды 27 жыл басқарып, 2016 жылы қыркүйекте қайтыс болған Ислам Каримовтың үлкен қызы. Кезінде оны әкесінің орнын басуы ықтимал ықпалды адам деп санаған.

Мамин: Арыстағы жарылыстан екі адам көз жұмды

Арыстағы жарылыс. 24 маусым, 2019 жыл. Видеодан скриншот.

Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймадағы болған жарылыстың салдарынан екі адам қайтыс болды. Бұл туралы 25 маусымда Нұр-Сұлтандағы үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин хабарлады.

- Арыс тұрғындары қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Өкінішке орай, қайтыс болғандар бар: бір тұрғын және бір әскери адам. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - деді Мамин.

Қазақстан қорғаныс министрлігі маусымның 24-і күні таңертең Арыс маңында орналасқан Қазақстан қарулы күштері бөлімдерінің бірінде өрт шығып, салдарынан әскери оқ-дәрі жарылған деп хабарлаған.

Түркістан облысы әкімдігі Арыстағы жарылыстан кейін облыста төтенше жағдай жариялады. Дүйсенбі күні облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев "көлігіне снаряд түскен" бір адамның мерт болғанын айтқан еді. Денсаулық сақтау министрлігі 52 адамның ауруханаға жеткізілгені, үш адамның жан сақтау бөлімінде жатқаны туралы хабарлаған.

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Шымкент, 24 маусым 2019 жыл.

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:51 0:00

Төтенше оқиға салдарынан ондаған мың адам Арыс қаласынан кетуге мәжбүр болды. 1600 адам билік ұсынған автобустармен эвакуацияланса, өзгелері өз күшімен қаладан кеткен. Ресми дерек бойынша, Арыс қаласында 45 мыңға жуық адам тұрады.

Бұған дейін Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жарылыс бірнеше күнге жалғасуы мүмкін деп хабарлаған. Елдің төтенше жағдай комитеті Арыс қаласында электр желісі бүлінгенін хабарлады.

Тағы

XS
SM
MD
LG