Accessibility links

ЖАҢАЛЫҚТАР

Экзит-полл: Тоқаев 70 пайыз шамасында дауыс алды

Сайлау учаскесіндегі дауыс санау кезі. Алматы, 9 маусым 2019 жыл

"Қоғамдық пікір" институты мен "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы 10 маусым түнгі 00:01-де экзит-полл нәтижесін жариялады. "Қоғамдық пікірінің" дерегінше, Тоқаев - 70,13 пайыз, Қосанов 15,39 пайыз алған.

"Қоғамдық пікір" экзит-полл нәтижесі:

  • Жамбыл Ахметбеков - 3,86%
  • Дания Еспаева - 5,32%
  • Әміржан Косанов - 15,39%
  • Төлеутай Рахымбеков - 3,03%
  • Амангелді Таспихов - 1,41%
  • Қасым-Жомарт Тоқаев - 70,13%
  • Сәді-Бек Түгел - 0,86%

Ал "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының экзит-полл нәтижесі бойынша, Тоқаев - 69,94 пайыз, Қосанов 14,96 пайыз дауыс алған.

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының экзит-полл нәтижесі:

  • Жамбыл Ахметбеков - 3,06%
  • Дания Еспаева - 4,78%
  • Әміржан Қосанов - 14,96%
  • Төлеутай Рахымбеков - 2,71%
  • Амангелді Таспихов - 2,63%
  • Қасым-Жомарт Тоқаев - 69,94%
  • Сәді-Бек Түгел - 1,92%

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Талғат Қалиевтің айтуынша, экзит-полл 9 маусым таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жүргізіліп, онда сайлау учаскесінен шыққан әрбір бесінші сайлаушы сұралған.

Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берген.

Оқи отырыңыз: Сайлау қалай өтті?

9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Осы күні полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүздеген адамды ұстады. Елде бір-екі сағат интернет жұмысында ақау байқалды.

Министрлік наразылық кезінде үш полицей зардап шеккенін хабарлады

Полиция наразыларды ұстап әкетіп барады. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

ІІМ 9 маусымда Нұр-Сұлтандағы наразылық кезінде үш полицияның зардап шеккенін хабарлады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясындағы брифинг кезінде ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев айтты.

Қожаев "наразылар полицияға тас, қолдарына түскен заттарды лақтырды. Көз ашытатын баллон қолданды" деп айыптады.

Министрлік өкілінің сөзінше, екі полицияға тас тиген, біреуінің көзі газ баллонынан күйген.

Орталық сайлау комиссиясындағы жиында Қожаев 9 маусымдағы наразылық кезінде 500-дей адам ұсталғанын, полиция наразыларды ұстау кезінде заңға сай әрекет еткенін айтты.

9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Осы күні полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүздеген адамды ұстады. Елде бір-екі сағат интернет жұмысында ақау байқалды.

Нұр-Cұлтан полициясы наразыларды қалай ұстады?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:13 0:00

ІІМ: Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы наразылықта 500-дей адам ұсталды

Полиция наразылардың бірін ұстап жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

ІІМ хабарлауынша, Нұр-сұлтан мен Алматыдағы наразылық кезінде 500-ге жуық адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда Орталық сайлау комиссиясында өткен брифинг кезінде ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді.

Қожаевтың сөзінше, "екі қалада радикал пікірдегі адамдар заңсыз митинг ұйымдастырылып, қоғамдағы тыныштықты бұзбақ болған". ІІМ өкілі митингіге қатысқандарды "арандатушылар" деп атап, олардың заң алдында жауап беретінін айтты.

Министрдің орынбасары полицияның әрекетін заңға сай деп сипаттады.

- Полиция өздерін заңға сай ұстады. Адамдарды ұстаған кезде ешқандай құрал қолданған жоқ. Әлеуметтік желіде "адамдар полицияның қолынан зардап шекті, қаза тапты" деген ақпарат шындыққа жанаспайды, - деді Қожаев.

Министрлік өкілінің сөзінше, "наразылық кезінде ешкім дәрігер көмегіне жүгінбеген. Заңсыз митинг өткен жерде 12 адам дәрігерге қаралған. Олардың көбінің қысымы көтерілген".

9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Осы күні полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүздеген адамды ұстады. Елде бір-екі сағат интернет жұмысында ақау байқалды.

Видео: Полиция адамдарды қалай ұстады?

"Аяғынан ұста!". Полиция жүздеген адамды бөлімшеге әкетті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:05 0:00

ОСК: Сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берді

Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірі.

Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берген.

ОСК мәліметінше, сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі аймақ бойынша мынадай:

Ақмола облысы 83 %
Ақтөбе облысы84,6 %
Алматы облысы89 %
Атырау облысы71,2 %
Шығыс Қазақстан облысы84,5 %
Жамбыл облысы81,3 %
Батыс Қазақстан облысы66,2 %
Қарағанды облысы77,1 %
Қызылорда облысы77,6 %
Қостанай облысы84 %
Маңғыстау облысы68,3 %
Павлодар облысы79,5 %
Солтүстік Қазақстан облысы79,8 %
Түркістан облысы84,8 %
Нұр-Сұлтан қаласы68,3 %
Алматы қаласы52,2 %
Шымкент қаласы67,1 %

Қазақстанда сайлауға дауыс беруге құқығы бар 11 814 019 адам бар.

Сайлау күні Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте наразылық шаралары болды. Жүздеген адам көшеге шығып, "Қазақстан!", "Бостандық!", "Бойкот!" деп айғайлады. Жиналған азаматтар президент сайлауына бойкот жариялайтындықтарын айтты. Алматы мен Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция наразыларды ұстады. Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев сайлау күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда шамамен жүз шақты азамат ұсталғанын мәлімдеді. Бірақ оқиғаға куә болған журналистер бір Алматының өзінде ұсталғандар саны жүзге жуықтағанын хабарлады.

Қарай отырыңыз: Сайлау күнгі ұстаулар мен қамаулар (9.06.2019).

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл наурыздың 19-ы күні президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат спикері болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Ал сәуірдің 9-ы күні Тоқаев Қазақстанда биыл маусымның 9-ы күні кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.​

Қазақстанда президент сайлаулары 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылы өткен. Олардың үшеуі кезектен тыс болды. Барлығында елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеңген. Батыс бақылаушылары Қазақстандағы президент сайлауларының ешқайсысын халықаралық стандартқа сәйкес өтті деп таныған жоқ.

Нұр-Сұлтан полициясы Азаттық тілшісі Сәния Тойкенді екінші рет ұстады

Сәния Тойкен.

9 маусым кешкісін Нұр-Сұлтанда полиция Азаттық тілшісі Сәния Тойкенді екінші рет ұстады. Полиция Азаттық тілшісі мен ондаған адамды қаладағы Есіл аудандық полиция бөлімшесіне апарған. Полиция Азаттық тілшісін бір сағаттан соң босатты.

Сәния Тойкен полиция адамдарды күштеп автобусқа салып, бөлімшеге апарған сәтіне куә болды. Азаттық тілшісі полицияның бір әйелге күш қолданғанын көрген. Куәгерлердің айтуынша, полиция ол әйелді итеріп, еденге құлатқан.

Сәния Тойкен Азаттық редакциясымен хабарласқан сәтте тұтқаның ар жағынан әйелдің қиналып, жылап жатқан дауысы естілді. Өзін Кәмшат Сапарова деп таныстырған әйел Азаттық тілшісіне күйеуімен екі бала тәрбиелеп отырғанын, наразылық шарасына қатыспағанын, тек сырттан бақылап тұрғанын айтты.

9 маусым түс ауа Нұр-Сұлтанда «Жастар» сарайы маңында полиция сайлауға мен қарсы шыққандарды ұстап әкетті. Олардың арасында Азаттық тілшісі Сәния Тойкен де болған. Полиция кейін Азаттық журналисін босатқан еді.

9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Осы күні полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүзден астам адамды ұстады. Елде бір-екі сағат интернет жұмысында ақау байқалды.

Қазақстандағы сайлау учаскелері жабылды

Сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру жәшігін әкетіп барады. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

9 маусымда Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 20.00-де елдің 12 аймағындағы сайлау учаскелері жабылды. Ал Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы сайлау учаскелері уақыт айырмашылығына байланысты Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де жұмысын тоқтатты.

Орталық сайлау комиссиясы ел аумағында 10 мыңға тарта сайлау учаскесі жұмыс істегенін хабарлаған. ОСК дерегінше, сайлауға дауыс берушілердің 77,4 пайызы дауыс берген.

Сайлау күні тәуелсіз бақылаушылар елде заңбұзушылықтар тіркелгенін хабарлады. Сайлау заңнамасына қайшы оқиғаларға Азаттық тілшілері де куә болды. Мысалы, Шымкентте Азаттық тілшісі сайлау жәшігінде бірнеше бюллетеннің топталып жатқанын көрген.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда жүздеген адам наразылыққа шығып, сайлауға қарсылық танытты. Кем дегенде жүз адамды полиция ұстап әкетті. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан мен Алматыда сайлау күні жүз шақты адам ұсталғанын хабарлады.

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл 19 наурызда президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева сенат төрағасы болып сайланған. 9 сәуірде Тоқаев Қазақстанда биыл 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.

Нұр-Сұлтанда полиция митинг орнын қоршап, тағы азаматтарды ұстады

Полиция жасағы Республика және Сейфуллин көшелері қиылысы аумағын қоршап тұр. Нұр-Сұлтан, 9 маусым 2019 жыл.

Нұр-Сұлтанда Республика және Сейфуллин көшелері қиылысы аумағында полиция сайлау мен үкімет жұмысына қарсылық танытқан шерушілерді күшпен таратты. Жүзден астам адам "Оян, қазақ!", "Сайлауға бойкот!", "Масқара!" деп айғайлап, әлеуметтік көмекті ұлғайту қажеттігін айтты. Наразылар арасында сайлауды жақтаушылар да болған.

Оқиға орнына прокуратура өкілдері келгеннен кейін арнайы киім киіп, резеңке таяқ ұстаған сарбаздар Республика даңғылы бойынша қозғалып, шерушілерді ұстай бастаған. Наразылардың бірі кері шегінген. Арнайы жасақ өкілдері ұсталғандарды бірнеше автобусқа отырғызып, әкетіп отырған.

Бұл кезде әуеде ұшып жүрген дрондар да байқалған. Республика және Сейфуллин көшесі қиылысынан Абай көшесіне дейінгі аумақты кешкі 19.00 шамасында полиция жауып қоршап тұрды. Екі аумақтың ұзақтығы шамамен 400 метрді құрайды.

Полиция адамдарды қалай ұстады? Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

Оқиға орнында мобильді байланыс үзілген. Полиция автобустарынан бөлек, мұнда ұлттық гвардия жасақтарының автобустары, байланысты өшіру құрылғылары орнатылған көліктерге ұқсас техника тұр.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Осы күні Алматыда жүздеген адам наразылыққа шығып, сайлауға қарсылық танытты. Кем дегенде жүз адамды полиция ұстап әкетті. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан мен Алматыда сайлау күні жүз шақты адам ұсталғанын хабарлады.

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл 19 наурызда президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева сенат төрағасы болып сайланған. 9 сәуірде Тоқаев Қазақстанда биыл 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.

Азаттық тілшісі сайлау жәшігіне топталып тасталған бюллетеньдерді көрді

Сайлау жәшігіне топталып тасталған бюллетень. Шымкент. 9 маусым, 2019 жыл

Шымкенттегі №1 сайлау учаскесіне кешке қарай барған Азаттық тілшісі сайлау жәшігіне топталып тасталған бюллетеньдерді көрді. Тәуелсіз бақылаушы Амидулла Қабеков бұл жайтты растап, оқиғаны видеоға түсіруге тырысқанын, бірақ сайлау комиссиясының өкілдері бұған кедергі жасағанын айтты. Ал сайлау комиссиясының төрағасы жәшікте топталған бюллетеньдердің анық көрініп жатқанына қарамастан оқиғаны жоққа шығарды.

Сайлау жәшігіне топталып тасталған бюллетень. №1 сайлау учаскесі. Шымкент, 9 маусым 2019 жыл.
Сайлау жәшігіне топталып тасталған бюллетень. №1 сайлау учаскесі. Шымкент, 9 маусым 2019 жыл.

Азаттық тілшісі оның алдында қаладағы №215 сайлау учаскесіне де барған кезде жәшікте бірге бүктеліп жатқан екі бюллетеньді көрген. Бірақ сайлау учаскесінің өкілдері бұл оқиғаға байланысты түсініктеме бермеген.

Полиция "ұран айтпай, жай тұрғандарды" да ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:52 0:00

​9 маусымда таңертең осыған ұқсас оқиғалар болған. Таңертеңгі сағат 7:30 шамасында Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі №152 сайлау учаскесінде дауыс беру жәшігінде қатарынан бес бюллетеньнің бірге бүктеліп жатқанын көрген. Бірақ сайлау учаскесінің төрайымы бұл оқиғаны мүлде жоққа шығарған.

Азаттықтың Алматыдағы тілшісі Алғабас ықшам ауданындағы №528 сайлау учаскесінде бір адамның екі бюллетеньді қатар салғанына куә болды. Бақылаушы Айман Тұрсынхан да осыған ұқсас оқиғаларды байқаған.

9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Осы күні Алматыда жүздеген адам наразылыққа шығып, сайлауға қарсылық танытты. Кем дегенде жүз адамды полиция ұстап әкетті.

Қарай отырыңыз: Сайлау күнгі Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ұстаулар (9.06.2019).

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметінше, ел аумағында 9 970 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қазақстаннан тыс жерде 51 елде 65 сайлау учаскесі ашылған.

ОСК дерегінше, Қазақстанда дауыс беруге құқығына ие 12 миллионға жуық сайлаушы бар.

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл 19 наурызда президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева сенат төрағасы болып сайланған. 9 сәуірде Тоқаев Қазақстанда биыл 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.

ОСК: Сайлаушылардың 65,9 пайызы дауыс берді

Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелерінің бірі. 9 маусым 2019 жыл.

Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 65,9 пайызы дауыс берген.

ОСК мәліметінше, сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі аймақ бойынша мынадай:

Ақмола облысы 75,1 %
Ақтөбе облысы79,7 %
Алматы облысы78,9 %
Атырау облысы64,9 %
Шығыс Қазақстан облысы69,8 %
Жамбыл облысы71,8 %
Батыс Қазақстан облысы59,8 %
Қарағанды облысы63,1 %
Қызылорда облысы64,5 %
Қостанай облысы69,7 %
Маңғыстау облысы60,3 %
Павлодар облысы67,9 %
Солтүстік Қазақстан облысы68,3 %
Түркістан облысы70 %
Нұр-Сұлтан қаласы49,6 %
Алматы қаласы45,7 %
Шымкент қаласы55,6 %

Қазақстанда сайлауға дауыс беруге құқығы бар 11 814 019 адам бар.

Сайлау күні Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте наразылық шаралары болды. Жүздеген адам көшеге шығып, "Қазақстан!", "Бостандық!", "Бойкот!" деп айғайлады. Жиналған азаматтар президент сайлауына бойкот жариялайтындықтарын айтты. Алматы мен Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция наразыларды ұстады. Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев сайлау күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда шамамен жүз шақты азамат ұсталғанын мәлімдеді. Бірақ оқиғаға куә болған журналистер бір Алматының өзінде ұсталғандар саны жүзге жуықтағанын хабарлады.

Қарай отырыңыз: Сайлау күнгі ұстаулар мен қамаулар (9.06.2019).

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл наурыздың 19-ы күні президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат спикері болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Ал сәуірдің 9-ы күні Тоқаев Қазақстанда биыл маусымның 9-ы күні кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.​

Қазақстанда президент сайлаулары 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылы өткен. Олардың үшеуі кезектен тыс болды. Барлығында елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеңген. Батыс бақылаушылары Қазақстандағы президент сайлауларының ешқайсысын халықаралық стандартқа сәйкес өтті деп таныған жоқ.

NetBlocks сайлау күні Қазақстанда интернеттің бұғатталғанын хабарлады

Twitter-дің шектелуі жайлы халықаралық NetBlocks тобының инфографикасы. 9 маусым 2019 жыл.

Әлемдегі интернет бостандығын бақылайтын халықаралық NetBlocks тобы 9 маусымда Қазақстанда бұғаттаулар байқалғанын хабарлады. Ұлыбританияда шоғырланған ұйымның атқарушы директоры Альп Токер Азаттыққа Нұр-Сұлтан уақытымен таңертеңгі сағат 11 шамасында интернет жылдамдығының күрт баяулап кеткенін айтты. Түске қарай жылдамдық жартылай қалпына келген.

Қазақстандағы интернеттің бұғатталуы.
Қазақстандағы интернеттің бұғатталуы.

NetBlocks-тің хабарлауынша, таңертеңгі сағат 7-ден бастап Қазақстанда Twitter-дің тікелей эфирде хабар тарату функциясы істемей қалған. Кейінірек топ арнайы есеп жариялады. Онда 9 маусымда таңертең "қазақстандық интернет-провайдерлердің онлайн-стримингті бұғаттағанын", сонымен бірге интернет байланысын шектегенін жазған.

Түстен кейін қазақстандық қолданушылар қоғамдық орындарда мобильді байланыстың жөнді істемей тұрғанына шағымданды. Бұған Азаттық тілшілері де куә болды. Сайлау учаскелері мен шаралардан тікелей эфирде хабар таратпақ болған Азаттық тілшілері өзара байланыса алмай, қиындық көрді.

Азаттық тілшісімен әңгімеде Альп Токер бүгін "сайлау процесінен еркін ақпарат тарату мүмкіндігін шектеу талпынысы" байқалғанын айтты.

9 мамырда Қазақстанда бірнеше сайт, әлеуметтік желілер ашылмай қалды.Қазақстандық қолданушылар екі жылдан бері Facebook, Youtube, Telegram сияқты әлеуметтік желілерге кіру қиындағанын айтып, шағымданып келеді. Дәурен Абаев Қазақстан ақпарат және қоғаммен байланыс министрі "бұғаттауға қатысы жоғын" айтты.

Әлемдегі интернет еркіндігін бақылайтын халықаралық NetBlocks тобының атқарушы директоры Альп Токер "9 мамырдағы бұғаттау жоғары деңгейде ұйымдастырылған" деп санайды.

Полиция Азаттық тілшісінің құжатын тексерген соң босатты

Азаттық тілшісі Сәния Тойкен.

9 маусымда Нұр-Сұлтанда ұсталған Азаттық тілшісі Сәния Тойкеннің қызметтік куәлігі мен жеке құжаттарын тексерген соң полиция оны босатқан. Бұл ақпаратты Азаттыққа тілшінің өзі хабарлады.

Азаттық тілшісі Сәния Тойкенді 9 маусымда түстен кейін "Жастар сарайы" маңындағы наразылықтан хабар таратып жүрген кезінде полиция ұстаған еді. Оны өзге ұсталған 25 азаматпен бірге Есіл аудандық полиция бөлімшесіне апарған. Ұсталғандардың көбін полиция ішке кіргізіп жіберген. Полиция ғимаратының сыртында тікелей трансляция жасаған тілшіге полицейлердің бірі оған бөлімше маңынан кетпеуді, қазір ішке кіргізетінін айтқан.

Сәния Тойкеннің сөзінше, полицейлер оның "кәсіби міндетін атқарып жүрген тілші екенін" дәлелдеуін талап еткен. Қызметтік куәлігі мен жеке құжаттарын тексерген соң Сәния Тойкенді босатып жіберген.

Facebook-тан тікелей трансляция жасаған Сәния Тойкен түстен кейін полиция бөлімшесіне ондаған азаматты жеткізгеніне куә болды. Оның айтуынша, бұл азаматтар "Жастар алаңы" маңайында "әділетсіз өтіп жатқан сайлауға бойкот жариялайтынын" айтқан.

Бұл күні Сәния Тойкеннен бөлек полиция наразылықтардан хабар таратқан Азаттық тілшісі Петр Троценко, AFP тілшісі Крис Риклтон, Vlast сайтының қызметкері Екатерина Суворова, құқық қорғаушы Дмитрий Тихоновты ұстаған. Кейіннен оларды босатып жіберген.

Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия мәселелері бойынша зерттеушісі Мира Ритман Twitter-дегі аккаунтында "кәсіби міндетін атқарған" журналистердің, "бейбіт жиын өткізу құқығын пайдалануға тырысқан" азаматтардың ұсталғанын мәлімдеді.

9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Осы күні Алматыда жүздеген адам наразылыққа шығып, сайлауға қарсылық танытты. Кем дегенде жүз адамды полиция ұстап әкетті.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметінше, ел аумағында 9 970 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қазақстаннан тыс жерде 51 елде 65 сайлау учаскесі ашылған.

ОСК дерегінше, Қазақстанда дауыс беруге құқығына ие 12 миллионға жуық сайлаушы бар.

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл 19 наурызда президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева сенат төрағасы болып сайланған. 9 сәуірде Тоқаев Қазақстанда биыл 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.

ІІМ: Алматы мен Нұр-Сұлтанда шамамен жүз шақты адам ұсталды

Нұр-Сұлтандағы ұстаулар. 9 маусым 2019 жыл.

Жексенбі, 9 маусымда Қазақстанда рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырып, қатысқаны үшін шамамен жүз шақты адам ұсталды. Бұл ақпаратты орталық сайлау комиссиясының отырысы кезінде ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев хабарлады.

Оның айтуынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының шақыруымен қаладағы орталық алаңға жүздеген адам жиналған.

- Ұйымның қашқын жетекшісі билікті алалау және сайлауға бойкот жариялау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырды. Бірақ соған қарамастан сайлау штатты жағдайда өтіп жатыр. Әрине, мұндай жаппай насихат жұмысы "нәтижесіз" қалуы мүмкін емес, кейбір азаматтар соларға ерді, бірақ тәртіп пен заңды орнатумен айналысамыз, - деді Қожаев.

Министрлік өкіліне "бүгінгі наразылықта қанша адам ұсталды" деген сұрақты Азаттық пен Vlast сайтының тілшілері қойған. Журналистердің кәсіби міндетін атқару кезінде ұсталуы жайлы сұрақ қойған Азаттық тілшісінің сұрағына Қожаев бұл жайлы бірінші рет естіп отырғанын, мәселені зерттеуге уәде берді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатқан кезде Алматы мен Нұр-Сұлтанда жаппай наразылық акциялары болды. Алаңға жиналғандар президент сайлауына бойкот жариялау керектігін айтты.

Полиция Азаттық тілшісі Петр Троценконы босатты

Автозактан түсірілген сурет. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

Алматыда Азаттық тілшісі Петр Троценконы босатты. Оны полиция 9 маусымда таңертең Астана алаңындағы азаматтардың наразылығынан хабар таратып жүрген кезінде ұстаған. Құжаттарын көрсеткеніне қарамастан автозакқа отырғызып, бөлімшеге апарған. Бір сағаттан соң босатқан.

- Журналист екенімді қанша рет қайталасам да өзге ұсталғандармен бірге алып кетіп, сұрақ-жауап алды. Сосын штаттық киім киген ер адам "Троценко деген кім ол?" деп сұрады. Мен деп айттым. Сосын мені босатты. Полиция формасын киген ер адам "неге бірден журналистпін деп айтпадың?" деп сұрады. Мен қайта-қайта айтқанымды жеткіздім, бірақ мені тыңдаған жоқ, - деді Петр Троценко.

Бүгін полиция Нұр-Сұлтанда наразылықтан хабар таратпақ болған Азаттық тілшісі Сәния Тойкен, Алматыда AFP тілшісі Крис Риклтон, Vlast.kz сайтының қызметкері Екатерина Суворова және Адам құқығы жөніндегі қазақстандық бюро қызметкері Дмитрий Тихоновты ұстаған еді. Түскі 15:30 шамасында Тойкен, Суворованы полицияның босатқаны белгілі болды.

Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия мәселелері бойынша зерттеушісі Мира Ритман Twitter-дегі аккаунтында "кәсіби міндетін атқарған" журналистердің, "бейбіт жиын өткізу құқығын пайдалануға тырысқан" азаматтардың ұсталғанын мәлімдеді.

9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Осы күні Алматыда жүздеген адам наразылыққа шығып, сайлауға қарсылық танытты. Кем дегенде жүз адамды полиция ұстап әкетті.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметінше, ел аумағында 9 970 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қазақстаннан тыс жерде 51 елде 65 сайлау учаскесі ашылған.

ОСК дерегінше, Қазақстанда дауыс беруге құқығына ие 12 миллионға жуық сайлаушы бар.

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл 19 наурызда президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева сенат төрағасы болып сайланған. 9 сәуірде Тоқаев Қазақстанда биыл 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.

Нұр-Сұлтандағы наразылықтан хабар таратқан Азаттық тілшісін полицияға жеткізді

Нұр-Сұлтандағы полиция жасақтары. 9 маусым 2019 жыл.

9 маусымда Нұр-Сұлтанда түскі сағат 14:00 шамасында қаладағы "Жастар сарайы" маңында митинг жасамақ болған азаматтарды полиция ұстады. Оқиға орнынан хабар таратып жүрген Азаттық тілшісі Сәния Тойкенді де полиция ұстап, автобусқа отырғызған. Оларды Есіл аудандық полиция бөлімшесіне жеткізген.

Арнайы жасақ өкілдері ұсталған азаматтарды бөлімшеге алып бара жатыр. Автозак ішінен түсірілген сурет. Нұр-Сұлтан. 9 маусым, 2019 жыл.
Арнайы жасақ өкілдері ұсталған азаматтарды бөлімшеге алып бара жатыр. Автозак ішінен түсірілген сурет. Нұр-Сұлтан. 9 маусым, 2019 жыл.

Сәния Тойкеннің хабарлауынша, бүгін түсте Жастар сарайы маңына жиналған жүзге тарта азамат сайлаудың әділетсіз өтіп жатқанын айтып, қарсылық білдірген. Олар елде атом электр станциясын салмауды, Қытаймен қарым-қатынасты шектеу мәселерін көтерген. Полиция оларды бірден ұстай бастаған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар жарияланып жатыр. Онда қалқан көтеріп, арнайы киім киген жасақтардың көшеде жүгіріп бара жатқаны көрінеді.

9 маусым түске дейін Алматыда полиция ескі алаңға жиналған жүзден астам адаммен қатар Азаттық тілшісі Петр Троценко, AFP тілшісі Крис Риклтон және Vlast сайтының қызметкері Катя Суворова, белсенді Димаш Әлжановты ұстаған. Түстен кейін полиция Азаттық тілшісі Петр Троценконы босатты. Белсенді Ирина Медникованың айтуынша, ұстау кезінде полицейлер Суворова мен Әлжановтың құрылғыларын тартып алған. Оларды қолдауға барған журналистер мен құқық қорғаушыларды полиция бөлімшесінен күштеп шығарып жіберген.

Полиция Азаттық тілшісі Петр Троценконы ұстап бара жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
Полиция Азаттық тілшісі Петр Троценконы ұстап бара жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

9 маусымда түс кезінде Шымкенттегі Момышұлы және Тәуке хан көшелерінің қиылысында полиция жиырма шақты адамды ұстады. Оқиға орнында болған Азаттық тілшісі ұсталған азаматтардың ешқандай ұран көтеріп, жиналмағанын айтты. Әзірге Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте жалпы қанша адамның ұсталғаны белгісіз.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметінше, ел аумағында 9 970 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Қазақстаннан тыс жерде 51 елде 65 сайлау учаскесі ашылған.

ОСК дерегінше, Қазақстанда дауыс беруге құқығына ие 12 миллионға жуық сайлаушы бар.

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл 19 наурызда президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева сенат төрағасы болып сайланған. 9 сәуірде Тоқаев Қазақстанда биыл 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.

Алматыдағы орталық көшелердің бірін қоршаған полиция азаматтарды ұстады

Полицияның азаматтарды ұстап жатқан сәті. Алматы, 9 маусым 2019.

9 маусым түстен кейін Алматыда полиция орталық көшелердің бірін қоршап, Панфилов көшесі бойында ерсілі-қарсылы жүрген азаматтарды ұстады.

Күндізгі 15:00 шамасында Азаттық тілшісінің көзінше полиция жеті-сегіз газельге адамдарды толтырып алып кетті. "Не үшін азаматтарды ұстап жатсыздар?" деген Азаттық тілшісінің сұрағына полиция қызметкерлері жауап бермеді.

Алматыдағы ұстау. 9 маусым 2019 жыл.
Алматыдағы ұстау. 9 маусым 2019 жыл.

Полиция ұстағандар арасында таңертең бөлімшеге жеткізіліп, одан босаған соң мұнда қайта келгендер де болды. Солардың бірі Алматы тұрғыны Нұрипа Ілиясқызы Азаттыққа өзін түске қарай ұстағанын, автозэкпен алып бара жатқан кезде бір қыздың тынысы тарылып, содан кейін көліктен түсіп қалғанын айтты. Ол полицияның көбіне жастарды іріктеп ұстауға тырысқанын байқаған.

Полиция азаматтарды ұстап, газельге отырғызып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
Полиция азаматтарды ұстап, газельге отырғызып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

9 маусым түске қарай Азаттық тілшілері полицияның азаматтарды қатты күш қолданып, көлікке отырғызғанына куә болған еді.

Полицияның азаматтарды ұстап жатқан сәті. 9 маусым 2019 жыл.
Полицияның азаматтарды ұстап жатқан сәті. 9 маусым 2019 жыл.

Ұсталғандар арасында көп балалы ана, белсенді Оксана Шевчуктің анасы да болған. Азаттыққа сұхбат бере салысымен оны полиция қызметкерлері алып кетті. Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшілерінің айтуынша, полиция саны өте көп. Полиция оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді.

Панфилов көшесінде жүрген полиция қызметкерлері. 9 маусым 2019 жыл.
Панфилов көшесінде жүрген полиция қызметкерлері. 9 маусым 2019 жыл.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Осы күні Алматыда жүздеген адам наразылыққа шығып, сайлауға қарсылық танытты. Кем дегенде жүз адамды полиция ұстап әкетті.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметінше, ел аумағында 9 970 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қазақстаннан тыс жерде 51 елде 65 сайлау учаскесі ашылған.

ОСК дерегінше, Қазақстанда дауыс беруге құқығына ие 12 миллионға жуық сайлаушы бар.

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл 19 наурызда президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева сенат төрағасы болып сайланған. 9 сәуірде Тоқаев Қазақстанда биыл 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.

Шымкентте полиция жиырмаға тарта адамды ұстады

Полицейлердің азаматтарды ұстап жатқан сәті. Шымкент, 9 маусым 2019 жыл.

9 маусымда түскі сағат 12:30 шамасында Шымкенттегі Момышұлы - Тәуке хан көшелері қиылысында полиция сол маңда жүрген жиырмаға тарта азаматты ұстап әкетті. Оқиғаға куә болған Азаттық тілшісінің айтуынша, ұсталған азаматтар жиналып, ұран көтермеген. Бірақ соған қарамастан сол маңды қоршаған полиция келген адамдардың бәрін көлікке отырғызған. Олардың кейбірі оқиға басталмай тұрып Азаттық тілшісіне сайлауға байланысты шеруге келгенін айтқан.

"Не үшін ұстап жатсыз?" деп сұраған кейбір азаматқа полиция қызметкерлері "аты-жөніңізді анықтаймыз" деп жауап берсе, біріне мүлде түсіндірмеген.

Полиция "ұран айтпай, жай тұрғандарды" да ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:52 0:00

9 маусым елде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатқан кезде Алматыдағы ескі алаңда полиция "бойкот!" "бостандық!" деп айғайлаған ондаған (кейбір ақпарат құралдары жүзден астам адамның ұсталғанын хабарлады) азаматты ұстап әкетті. Полиция олармен бірге Азаттық тілшісі Петр Троценконы да ұстаған. Human Rights Watch ұйымының зерттеушісі Мира Ритман Алматыда AFP тілшісі Крис Риклтонның да ұсталғанын хабарлап, автозактан түсірілген суретін жариялады.

Құқық қорғау орындары оқиғаға түсініктеме бермеді.

Алматыда полиция сайлауға қарсы шыққан жүзге жуық адамды ұстады

Полиция наразылардың бірін ұстап әкетіп барады. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Бұл туралы қазақстандық Holanews.kz және Vlast.kz сайты хабарлады.

Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты.

Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Vlast.kz сайты полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарлады.

Полиция алаңнан хабар таратып жүрген Азаттық тілшісі Петр Троценконы да департаментке әкетті. Тілшінің қолында құжаттары және редакция тапсырмасы болған. Троценко оның алдында алаңда полицияның ондаған адамды ұстап жатқанын көрген.

Тілшімен автобуста отырғандар "Бойкот!" "Бостандық!" деп айғайлағаннан кейін полицияның қолдарын қайырып ұстағанын айтты.

Полиция бір-екі сағаттан соң Азаттық тілшісі Петр Троценконы босатты. Алматы қалалық полиция департаменті мен ішкі істер министрлігі оқиғаға байланысты әзірге түсініктеме бермеді.

9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.

Фото: Алматыда полиция сайлауға қарсы шыққандарды қалай ұстады?

Петропавлдағы тергеу изоляторында дауыс беру аяқталды

Петропавлдағы тергеу изоляторы. 9 маусым 2019 жыл.

Петропавлдағы ЕС 164/1 мекемесінде орналасқан №656 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Тергеу изоляторындағы дауыс беру бір сағатқа созылған. Оған 112 тергеудегі азамат қатысқан. Сайлау учаскесі жабылғаннан кейін комиссия мүшелері дауыс санауға кірісті.

Солтүстік Қазақстан облысында бүгін 663 участок ашылған. Олардың 93-і облыс орталығы Петропавлда орналасқан. Облыста 402-ден астам бақылаушы тіркелген. Жалпы Қазақстан бойынша 10 мыңға тарта сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.

Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 10-да сайлаушылардың 12,8 пайызы сайлау бюллетінін алған.

ОСК дерегінше, Қазақстанда сайлауға дауыс беруге құқығы бар 11 814 019 адам бар.

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл наурыздың 19-ы күні президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат спикері болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Ал сәуірдің 9-ы күні Тоқаев Қазақстанда биыл маусымның 9-ы күні кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.​

Қазақстанда президент сайлаулары 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылы өткен. Олардың үшеуі кезектен тыс болды. Барлығында елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеңген. Батыс бақылаушылары Қазақстандағы президент сайлауларының ешқайсысын халықаралық стандартқа сәйкес өтті деп таныған жоқ.

"Ұлт тағдыры" қозғалысының бақылаушысына шабуыл жасалғаны хабарланды

Сайлаушылар дауыс беріп жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

9 маусымда Алматыда Оқушылар сарайындағы № 377 сайлау бөлімшесінде белгісіз адам «Ұлт тағдыры» қозғалысының бақылаушысы Бақытжан Абдрашитовқа шабуыл жасады. Бұл туралы Азаттыққа құқық қорғаушы, адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро координаторы Ерлан Қалиев хабарлады.

Шабуылға ұшыраған бақылаушы Абдрашитовтің айтуынша, ол бақылаушылар тобы мен сайлау бөлімшесінің қызметкері арасындағы дауды камераға түсіріп тұрғанда белгісіз біреу шабуыл жасаған.

Абрашитовтің айтуынша, сайлау бөлімшесінде жүрген кезекші полиция шабуылдаған адамға ешқандай шара қолданбаған.

«Ұлт тағдыры» қозғалысының бақылаушысы сайлау учаскесіне бір уақытта бірнеше адам келіп, аты-жөндерін емес, реттік сан айта бастаған. Осыдан кейін бақылаушылар мен сайлау учаскесі қызметкерлері арасында дау шыққан.

9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Осы күні Алматыда жүздеген адам наразылыққа шығып, сайлауға қарсылық танытты. Кем дегенде жүз адамды полиция ұстап әкетті.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметінше, ел аумағында 9 970 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қазақстаннан тыс жерде 51 елде 65 сайлау учаскесі ашылған.

ОСК дерегінше, Қазақстанда дауыс беруге құқығына ие 12 миллионға жуық сайлаушы бар.

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл 19 наурызда президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева сенат төрағасы болып сайланған. 9 сәуірде Тоқаев Қазақстанда биыл 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.​

Ондаған азаматтың ұсталуына куә болған Азаттық тілшісін полиция әкетті

Алматыдағы ескі алаңда тұрған полиция көлігі.

9 маусым түскі 12:30 шамасында Алматыдағы ескі алаңда полиция тілшінің қолында құжаттары және редакция тапсырмасы болғанына қарамастан Азаттық тілшісі Петр Троценконы ұстап алып кеткен. Троценко оның алдында алаңда полицияның ондаған адамды ұстап жатқанын көрген. Қазіргі кезде оны автозакта бөлімшеге апара жатыр.

Онымен бірге отырған азаматтар "Бойкот!" "Бостандық" деп айғайлағаннан кейін полицияның қолдарын қайырып ұстағанын айтқан. Полиция оқиғаға байланысты әзірге түсініктеме бермеді.

"Ұлт тағдыры" қозғалысының кандидаты Әміржан Қосанов дауыс берді

"Ұлт тағдыры" кандидаты Әміржан Қосановтың дауыс беру учаскесіне келген сәті. 9 June 2019

9 маусым түскі 12-лер шамасында Нұр-Сұлтандағы №56 сайлау учаскесінде "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан сайлауға түсіп жатқан Әміржан Қосанов дауыс берді.

Бұған дейін кандидаттар Амангелді Таспихов, Қасым-Жомарт Тоқаев, Жамбыл Ахметбеков, Төлеутай Рахымбеков және Дания Еспаева дауыс берген.

Азаттық сайлау учаскелерінен тікелей эфирде хабар таратып жатыр:

Оқи отырыңыз: Тоқаев елдегі наразылықтар туралы: Оның бәрінен хабарым бар

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Бұл жолғы сайлау елді отыз жылға жуық басқарып, биыл наурызда Қазақстан президенті қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевсыз өтеді. Орталық сайлау комиссиясы жеті адамды президенттікке кандидат ретінде тіркеген:

Жамбыл Ахметбеков - "Қазақстан коммунистік халық партиясы";

Дания Еспаева - "Ақ жол" партиясы,

Әміржан Қосанов - "Ұлт тағдыры" қозғалысы.

Төлеутай Рахымбеков - "Ауыл" партиясы;

Амангелді Таспихов - Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;

Қасым-Жомарт Тоқаев - "Нұр Отан" партиясы;

Сәді-Бек Түгел - "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы.

Сайлауға 1000-нан астам бақылаушы тіркелген.

"Ақжол" партиясының кандидаты Дания Еспаева дауыс берді

Қазақстан президенттігіне кандидат Дания Еспаеваның №113 сайлау учаскесіндегі дауыс беру сәті. Нұр-Сұлтан. 9 маусым, 2019 жыл

9 маусым түскі 11 шамасында Нұр-Сұлтандағы №113 сайлау учаскесінде билікшіл "Ақ жол" партиясы атынан сайлауға түсіп жатқан Қазақстандағы алғаш әйел кандидат Дания Еспаева дауыс берді.

Бұған дейін кандидаттар Амангелді Таспихов, Қасым-Жомарт Тоқаев, Жамбыл Ахметбеков, Төлеутай Рахымбеков дауыс берген.

Оқи отырыңыз: Тоқаев елдегі наразылықтар туралы: Оның бәрінен хабарым бар

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Бұл жолғы сайлау елді отыз жылға жуық басқарып, биыл наурызда Қазақстан президенті қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевсыз өтеді. Орталық сайлау комиссиясы жеті адамды президенттікке кандидат ретінде тіркеген:

Жамбыл Ахметбеков - "Қазақстан коммунистік халық партиясы";

Дания Еспаева - "Ақ жол" партиясы,

Әміржан Қосанов - "Ұлт тағдыры" қозғалысы.

Төлеутай Рахымбеков - "Ауыл" партиясы;

Амангелді Таспихов - Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;

Қасым-Жомарт Тоқаев - "Нұр Отан" партиясы;

Сәді-Бек Түгел - "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы.

Сайлауға 1000-нан астам бақылаушы тіркелген.

Алматыда "Ұлт тағдыры" бақылаушысына қол жұмсаған

Сайлау учаскесіндегі бақылаушыларға арналған орын. 9 маусым 2019 жыл.

Алматыдағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесінде таңертең дауыс беруге келген азаматтардың бірі "Ұлт тағдыры" қозғалысының бақылаушысына қол жұмсаған. Бұл ақпараттты Азаттыққа құқық қорғаушы Ерлан Қалиев және бақылаушы Бақытжан Әбдірашитов хабарлады.

Олардың айтуынша, учаскеде сайлаушылар мен бақылаушылар арасындағы кикілжіңді телефонға түсіріп тұрған Әбдірашитовке белгісіз біреу қол жұмсаған.

- Телефонға түсіріп тұрғанда сондағы жігіттердің бірі "мені неге телефонға түсіресің?" деп маған қол жұмсады. Телефонымды қағып жіберді. Бетімді қолыммен басып, ұрайын деді. Бірақ осы учаскені қарайтын полиция қызметкеріне шағымданып едім, ол ештеңе істей алмайтынын айтты, - деді Азаттыққа Бақытжан Әбдірашитов. Оның айтуынша, қол жұмсаған адам кейін қашып кеткен.

Әбдірашитовтың түсіндіруінше, бүгін сайлау учаскесіне жүзден астам студент бір мезгілде келіп, "сайлау учаскесі өкілдеріне келіп, фамилиясын емес, реттік нөмірін айтқан. Осы жайт бақылаушыларға күмәнді болып көрініп, кикілжің туындаған".

- Мысалы, студенттің бірі 149-ші нөмір деді. Сайлау учаскесінің өкілі тізімнен оларды осылайша еш қиындықсыз тауып отырды. Студенттер қайдан біледі реттік нөмірін? Осының бәрі күмәнді көрінді, - дейді Бақытжан Әбдірашитов.

Оның айтуынша, бұл оқиғаны бақылаушылар тіркеген. Мұнда бірнеше бақылаушы жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында Қырғызстан, Түркиядан келгендері де бар.

ОСК: Сайлаушылардың 12,8 пайызы сайлау бюллетенін алды

Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірі. 9 маусым 2019 жыл

Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, сағат 10.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 12,8 пайызы сайлау бюллетенін алған.

ОСК мәліметінше, сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі аймақ бойынша мынадай:

Ақмола облысы 20,5 %
Ақтөбе облысы16,0 %
Алматы облысы17,7 %
Атырау облысы8,5 %
Шығыс Қазақстан облысы15,5 %
Жамбыл облысы18,5 %
Батыс Қазақстан облысы7,4 %
Қарағанды облысы10,1 %
Қызылорда облысы11,1 %
Қостанай облысы12,8 %
Маңғыстау облысы9,7 %
Павлодар облысы11,4 %
Солтүстік Қазақстан облысы14,2 %
Түркістан облысы14,5 %
Нұр-Сұлтан қаласы10,3 %
Алматы қаласы4,1 %
Шымкент қаласы11,9 %

Қазақстанда сайлауға дауыс беруге құқығы бар 11 814 019 адам бар.

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл наурыздың 19-ы күні президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат спикері болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Ал сәуірдің 9-ы күні Тоқаев Қазақстанда биыл маусымның 9-ы күні кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.​

Қазақстанда президент сайлаулары 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылы өткен. Олардың үшеуі кезектен тыс болды. Барлығында елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеңген. Батыс бақылаушылары Қазақстандағы президент сайлауларының ешқайсысын халықаралық стандартқа сәйкес өтті деп таныған жоқ.

Кандидаттар Рахымбеков пен Ахметбеков дауыс берді

Қазақстан президенттігіне кандидат Төлеутай Рахымбековтің немересімен бірге дауыс берген сәті. Нұр-Сұлтан. 9 маусым, 2019 жыл.

9 маусым онға таман Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелерінде "Ауыл" партиясы атынан сайлауға түсіп жатқан үміткер Төлеутай Рахымбеков пен "Қазақстан коммунистік халық партиясы" кандидаты Жамбыл Ахметбеков дауыс берді.

Бұған дейін кандидаттар Амангелді Таспихов, Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берген.

Тағы

XS
SM
MD
LG