«Аман-саулық» қоғамдық ұйымының зерттеуіне қарағанда, жеті ай бойы ереуілдеткен Маңғыстау мұнайшыларының үштен бірінің ғана жеке үйі бар болып шыққан, басқалары пәтер жалдап тұрады. Олардың 20 пайыздан астамының төрт баласы, 12 пайыздан астамының бес, я одан да көп баласы бар. Ереуілшілердің 41,4 пайызы – отбасындағы жалғыз асыраушы.