Қазақстандық кино өнері үшін аяқталып отырған жыл несімен ерекшеленді? AzattyqLIVE хабарында киносыншы Гүлнәр Әбікеевамен әңгіме осы жайында өрбіді.
"Еркін сөзде" саясаткер Жасарал Қуанышәлин мен саясаттанушы Есенжол Әлияров Қазақстанның 2015 жылғы саяси ахуалы туралы пікірлерін айтты.
Путиннің баспасөз хатшысы журналистерге құттықтау хатында Батыс санкцияларын мысқылдаса, әлеуметтік желі қолданушылары хат мазмұнын сынап, ондағы қателерді келекеге айналдырған.
Биыл Ресейден инвестиция күткен жобалардың бірнешеуі жүзеге аспайтыны белгілі болды. Мәскеу оның себебін «әлемдік экономикадағы қиындықтар» мен санкциядан көреді.
Алматыда жас жұбайлар үйлену тойында қалалық ақыл-ес дамыту интернатының тәрбиеленушілеріне дастарқан жайып, сыйлық таратты.
Пәкістанда жарылыстан 20 шақты адам өлді, Израильдің экс-премьері жазасын түрмеде өтемек, Испанияда мүгедек балаларға "ақылды арба" жасалды.
Астанадағы үйінде үш баласымен тұрып жатқан Мейрамовтар отбасы жаңа жыл мерекесінен кейін далада қалатын сыңайлы. Өтемақыны бөлуге қатысты туған дау олардың пайдасына шешілмеген.
Үйден шықпай соғым алғысы келетіндер үшін интернет-соғым қызметі іске қосылды. Астана маңындағы ауылдарда ірі қара мал ұстайтындар «соғым байлау жыл сайын қиындап бара жатыр» дейді.
Алматыда бір топ жұмысшы "Құмбел компаниясынан" "бірнеше миллион теңге қарызын" талап етті.
Ресей президенті Владимир Путинді өткен жылы Украинаға басқыншылық жасағаны үшін әлемнен оқшаулай бастаған еді. Оның Сирияға шабуылы Украинадағы әрекетін ұмыттырып жібергендей.
Жыл басында теңге құнсызданбайтынына бірнеше рет сендірген билік жыл соңында «сыртқы әсерлер күшейіп кеткенін» мойындады. Ал сарапшылар мұны «мұнайға сенген үкіметтен» көреді.
Моңғолия бокс федерациясы 2015 жылғы үздік 10 боксшының тізімін жариялады. Олардың екеуі – Нұрлан Асқарұлы мен Ерболат Төлекұлы – сол елде туып-өскен этникалық қазақ азаматтары.
Тағы