БҰҰ есебінше, Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылықтан жыл сайын 400 әйел көз жұмады. Елде әлімжеттік көргені жайлы полицияға арызданатын әйел көбейген. Сарапшылар қоғамда әйелдің рөлін арттырып, отбасында зәбір көрсету қылмысқа теңестірілгенде ғана қол жұмсауды азайтуға болады деп санайды.