Алматыдағы Еуразия экономикалық қауымдастығы мемлекетаралық кеңесінің кезекті 9- отырысы жабық есік жағдайында өтті. Үкімет басшылары деңгейіндегі бұл жолғы отырысқа қауымдастыққа мүше мемлекеттер Белорусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан мемлекеттерінің үкімет басшылары түгел қатысты. Онда талқыланған негізгі мәселелер Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде аталған қауымдастыққа мүше елдердің іс- әрекеттерін үйлестіріп отыру, энергетика саласындағы әріптестік, оның қатарында , сондай-ақ, Тәжікстан мен Қырғызстан республикаларының гидроэнергетикалық ресурстарын ұтымды пайдалану, қауымдастыққа мүше елдер арасында ортақ кедендік кеңістік құру жоспарлары жөнінде болды.