Орталық Азиядағы бұрынғы советтік бес елдің барлығында да мемлекеттің саяси-экономикалық өрлеуіне тұсау салатын тамыр-таныстық пен жемқорлық өршіп тұр.
Ауғанстанның солтүстігінен Орталық Азия елдеріне көз тіккен «Өзбекстан ислам қозғалысы» енді осы аймақта ылаң салғысы келетінін аңғартты. Әзірге бұл жерде олар кімдердің қолдауына сүйенері белгісіз қалып отыр.
«Өзбекстан ислам қозғалысы» қайта жанданып келеді. Бұл бағыттағы исламистік топтар Орталық Азия елдерінде тамырын тереңге жібере бастады дейді бұл ұйымды зерттеп жүрген журналистер.
Биыл Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында жаңа жыл мерекесіне байланысты біраз шектеу қойылды. Қала басшылығы қауіпсіздікті алға тартып, қоғамдық жиындар өткізуге, отшашу атуға тыйым салып отыр.
Желтоқсанның 20-ы күні Алматы соты өзбек босқындарының тағы бірі – Тұрсынбай Сулаймоновты Отанына экстрадициялау жөнінде шешім шығарды. Туыстары босқынды Өзбекстан билігі азаптайды деп, оны еліне қайтармауды сұрап отыр.
«Амнести Интернэшнл» ұйымы маусым айындағы қақтығыстарға байланысты Қырғызстанның билік орындарын сынап отыр. Ұйымның жаңа баяндамасында «қырғыз билігі елдің оңтүстігінде 4 күнге жалғасқан қақтығыстарда құқықтары тапталған мыңдаған адам үшін әділеттік орната алмады» делінген.
Ақтөбе облысында жаңа туған балаға шетел сериалдары кейіпкерлерінің атын қоюға құмар жұрт әлі де бар. Бірақ ата-аналар қазір мұсылман есімдерін көбірек таңдайтын болды. Ұлға қоятын саяси есімдердің арасындағы танымалы – Нұрсұлтан болып тұр.
Азаттық радиосы өзінің кезекті пікірсайысында желтоқсандықтардың 1986 жылғы және бүгінгі қоғамдағы орны мен рөлін саралайды. Дөңгелек үстелге қатысушылар бейбіт шеруді кім ұйымдастырды және оның мақсаты не болды деген сауалдарға жауап іздейді.
АҚШ Үкіметі Ауғанстанда тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өз әскерін жіберуге келіскен Қазақстанның ниетін оң бағалайды. Десе де, АҚШ шикізат өңдеушілермен жасасқан келісім-шарттарды қатаңдатпақ боп отырған қазақ үкіметінің әрекетіне алаңдаулы да көрінеді.
Соңғы бірнеше апта бойы әлемдік ақпарат құралдарында қызу талқыланып жатқан «Уикиликсті» Қазақстандағы кейбір мамандар АҚШ-тың өз ішінде жүріп жатқан саяси ойындардың көрінісі деп атайды.
Алматыда босқын мәртебесін сұрап жүрген бір топ Өзбекстан азаматтарының шағымдары қаралып жатыр. Әзірше ешқайсысының өтініштері қанағаттандырылған жоқ. Құқыққорғаушылар босқындарды Өзбекстанға бермеуге шақырып отыр.
Алматыдағы өзбек босқындарының шағымы бойынша сот процесінде жұма күні үш өзбек азаматының арызы қаралды. Сотқа арызданушылар қатыстырылмады, есесіне әйелдері елдерінде күйеулері мен өздері көрген қысым мен қыспақ туралы айтып берді. Бірақ судья бәрін тізбектемей жалпылама сөйлеуді сұрады.
Тағы