Тәжікстандағы жастардың басым көпшілігі жұмыссыздық қамытын киген. Осыны пайдаланған экстремистер жастарды өз жағына тартып алуы мүмкін деген қауіп бар.
Саяси тұрақсыздық белең алған Қырғызстанда халықтың басым бөлігінің тұрмысы қиын. Жүздеген мың қырғыз елінен кетіп, шетелде жұмыс істеп жүр. Өткен жылғы 10 ай олардың үйлеріне жіберген ақшасы шамамен миллиард долларға жуықтады.
Батыс баспасөзі Қытайдың Орталық Азиядағы ықпалы артып бара жатқанын айтады. Қытай бұл аймақты ең алдымен өзінің энергетикалық қауіпсіздігі, сауда-экономикалық экспансиясы, этникалық тұрақтылығы және әскери қорғанысы үшін маңызды аймақ деп біледі.
Лондон университетінің ғалымы доктор Гүл Берна Өзжан Азаттық радиосына Орталық Азия мен Қазақстанда енді қалыптаса бастаған капиталистік жүйе мен базарлардың саяси экономиясы туралы сұқбат берді.
Орталық Азиядағы бұрынғы советтік бес елдің барлығында да мемлекеттің саяси-экономикалық өрлеуіне тұсау салатын тамыр-таныстық пен жемқорлық өршіп тұр.
Ауғанстанның солтүстігінен Орталық Азия елдеріне көз тіккен «Өзбекстан ислам қозғалысы» енді осы аймақта ылаң салғысы келетінін аңғартты. Әзірге бұл жерде олар кімдердің қолдауына сүйенері белгісіз қалып отыр.
«Өзбекстан ислам қозғалысы» қайта жанданып келеді. Бұл бағыттағы исламистік топтар Орталық Азия елдерінде тамырын тереңге жібере бастады дейді бұл ұйымды зерттеп жүрген журналистер.
Биыл Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында жаңа жыл мерекесіне байланысты біраз шектеу қойылды. Қала басшылығы қауіпсіздікті алға тартып, қоғамдық жиындар өткізуге, отшашу атуға тыйым салып отыр.
Желтоқсанның 20-ы күні Алматы соты өзбек босқындарының тағы бірі – Тұрсынбай Сулаймоновты Отанына экстрадициялау жөнінде шешім шығарды. Туыстары босқынды Өзбекстан билігі азаптайды деп, оны еліне қайтармауды сұрап отыр.
«Амнести Интернэшнл» ұйымы маусым айындағы қақтығыстарға байланысты Қырғызстанның билік орындарын сынап отыр. Ұйымның жаңа баяндамасында «қырғыз билігі елдің оңтүстігінде 4 күнге жалғасқан қақтығыстарда құқықтары тапталған мыңдаған адам үшін әділеттік орната алмады» делінген.
Ақтөбе облысында жаңа туған балаға шетел сериалдары кейіпкерлерінің атын қоюға құмар жұрт әлі де бар. Бірақ ата-аналар қазір мұсылман есімдерін көбірек таңдайтын болды. Ұлға қоятын саяси есімдердің арасындағы танымалы – Нұрсұлтан болып тұр.
Азаттық радиосы өзінің кезекті пікірсайысында желтоқсандықтардың 1986 жылғы және бүгінгі қоғамдағы орны мен рөлін саралайды. Дөңгелек үстелге қатысушылар бейбіт шеруді кім ұйымдастырды және оның мақсаты не болды деген сауалдарға жауап іздейді.
Тағы