Қырғызстан жуық арада энергетикалық тәуелсіздікке жете қоймайтын тәрізді. Ел үкіметі Ресеймен бірігіп су электр станциясын (СЭС) салу туралы келісімнің күшін жойды.
Тәжікстандағы дін істері бойынша сарапшы Абдулло Мухаккик ел президенті Эмомали Рахмонның зайыбы Азизамо Рахмонованы «мұсылман әйелдердің лидері» деп жариялауды ұсынды.
Тәжікстанның Куляб аймағы ішкі істер басқармасы басшылары «Давлат Чоловтың Сирияда үкімет әскерімен қақтығыс кезінде қаза тапқанын» мәлімдеді. Оның туыстары қазір қара жамылып отыр.
Өзбекстан үкіметі Еуропа банктерінде бұғатталып жатқан 1 миллиард доллардан астам ақшаны қайтару жоспарына кірісті.
Тәжік парламенті конституцияны өзгертуді ұсынды. Сайлауға түсетін адамның жасы төмендетіліп, Рахмонның президенттік мерзімі ұзармақ. Сарапшылар «президент мұны өзі мен ұлы үшін жасайды» дейді.
Қырғызстан депутаттары неке қиғаны үшін молдаға жауапкершілік жүктеуді ұсынады. Кейбір бақылаушылар мұндай бастама бұрын да көтеріліп, бірақ аяқсыз қалғанын айтады.
Қырғызстан Еуразия экономикалық одағына кіріп, кеден кедергілеріжойылды. Бірақ 2015 жылы бұл елдің Қазақстанмен арадағы тауар айналымы екі есе кеміген.
Ресей «Газпром» компаниясы көмегімен Орталық Азия елдерінің арасына от салып, «бөлшекте де билей бер» саясатын жүргізгісі келетін тәрізді.
2015 жыл Орталық Азия елдері үшін қиын жыл болды. Экономикасы күрт құлдырағаны байқалған аймақ елдерінде қауіпсіздікке қатысты проблемалар да көбейді. Ал 2016 жылы аймақты не күтеді?
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзін «ұлт көшбасшысы» етіп бекіте сала тәжік ақындарының «Пешво» («Көшбасшы») деп аталатын өлеңдер жинағы жарық көрді. Кітапта 30-дан астам ақынның өлеңі бар.
Аяқталып отырған 2015 жыл Орталық Азия елдерінде биліктің кереғар, кейде тіпті ақылға сыймайтын жарлықтар шығарғанымен де есте қалады.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзіне «Ұлт көшбасшысы» мәртебесін беретін заңға қол қойды. Оның бұл әрекетін Тәжікстандағы кейбір белсенділер «демократияны мазақ ету» деп бағалады.
Тағы