Түркия миграция департаментінің дерегі бойынша, Қырғызстанның 20 мыңға жуық азаматы елде ресми тіркеуге тұрған. Басым көбі әйелдер мен жас қыздар құрайтын қырғыз мигранттар бала күтуші, қарт адамдарға күтуші болып жұмыс істейді. Олар аптасына бір күн ғана демалады. Сырқаттанып қалған күннің өзінде емделуге уақыты болмайды.