Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев отставкаға жіберген мемлекеттік қауіпсіздік қызметін басқарған Ихтиёр Абдуллаев тергеліп жатыр. Бұл туралы билік маңындағы дереккөзіне сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.
Ташкент қаласының Шайхонтохур әкімшілік соты Халықаралық ислам академиясына қарасты лицей оқушысы әкесінің шағымын қарай бастады. Оқу орыны оның 17 жастағы қызына сабаққа хиджабпен келуіне тыйым салған еді. Өзбекстанда хиджаб ісі бойынша сот бірінші рет іс қозғап отыр.
Өзбекстанда Арал теңізінің Қарақалпақстандағы құрғаған орнынан тұщы су шыққаны хабарланып, бір жарым айдан бері сексеуіл егіліп жатқаны жарияланды.
Қаңтардың 30-ы күні қамаудағы Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыров түрме ауруханасына түскен.
Ирак соты "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына мүше болды деген айыппен бес тәжік азаматын соттады.
Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігінің мәліметі бойынша, Ресейде он мыңнан аса тәжікстандық қамауда отыр. Елшілік өкілдері "экстремизм" және "терроризм" айыбымен ұсталатындар көбейгенін айтады.
Сарапшылар Орталық Азияда климаттың өзгеруі әсерінен құрғақшылықтың күшеюі аймақ қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді.
Футболдан Қырғызстан ерлер құрамасы Азия кубогына алғаш рет қатысып, плей-офф кезеңіне дейін жетті. Бұл нәтижеден кейін елде футбол мектептерін ашу, халықаралық стандартқа сай стадион салу мәселесі көтерілді.
Түркіменстанда жоғары оқу орындарының басшылығы студенттерге қысқы каникулда жеке меншік көлік қызметін пайдалануға тыйым салған. Жастардың ата-аналары бұған наразы.
Ирак түрмесінде жазасын өтеп жатқан тәжік әйелдерінің кейбірі кәмелетке толмаған балаларын отанына қайтарудан бас тартып отыр. Тәжікстан дипломатиялық өкілдігінің мәліметінше, Ирактан Тәжікстанға қайтару мақсатында тіркеуге алынған 95 бала бар.
Жогорку Кеңеш қырғыздың ұлттық бас киімі - ақ қалпаққа мәдени мұра мәртебесін беру туралы заң жобасын қарап жатыр. Депутаттар оны мақұлдайтын болса, ақ қалпақ мемлекеттік символға айналмақ.
Тәжікстан салық комитеті тұрғындар жиі пайдаланатын мессенджерлер байланысын қымбаттататын жаңа төлем тәртібін енгізгісі келеді.
Тағы