Душанбе Сирия мен Иракта "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымында болған содырлардың отбасы мүшелері - тәжікстандық әйелдер мен олардың балалары Отанына қайтқысы келсе қабылдайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Қазақстан өз азаматтарын Таяу Шығыстан елге қайтаруды жалғастыратынын айтқан.
The Washington Post басылымы Тәжікстан аумағында Қытайдың шекара бақылау-өткізу пункті орналасқанын жазды.
Тәжікстанда жүргізілген зерттеу ерте және күштеп неке қиғызудың соңы отбасылық кикілжің және ажырасумен аяқталатынын көрсеткен. Мұндай жағдайда тұрмыс құрған кейбір қыздар өз-өзіне қол жұмсайды дейді зерттеу авторлары.
Түркімен билігі мақта мен бидай бітік шыққанын мәлімдегенімен оппозициялық вебсайттар өнімнің әлдеқайда аз жиналғанын жазды.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев отставкаға жіберген мемлекеттік қауіпсіздік қызметін басқарған Ихтиёр Абдуллаев тергеліп жатыр. Бұл туралы билік маңындағы дереккөзіне сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.
Ташкент қаласының Шайхонтохур әкімшілік соты Халықаралық ислам академиясына қарасты лицей оқушысы әкесінің шағымын қарай бастады. Оқу орыны оның 17 жастағы қызына сабаққа хиджабпен келуіне тыйым салған еді. Өзбекстанда хиджаб ісі бойынша сот бірінші рет іс қозғап отыр.
Өзбекстанда Арал теңізінің Қарақалпақстандағы құрғаған орнынан тұщы су шыққаны хабарланып, бір жарым айдан бері сексеуіл егіліп жатқаны жарияланды.
Қаңтардың 30-ы күні қамаудағы Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыров түрме ауруханасына түскен.
Ирак соты "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына мүше болды деген айыппен бес тәжік азаматын соттады.
Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігінің мәліметі бойынша, Ресейде он мыңнан аса тәжікстандық қамауда отыр. Елшілік өкілдері "экстремизм" және "терроризм" айыбымен ұсталатындар көбейгенін айтады.
Сарапшылар Орталық Азияда климаттың өзгеруі әсерінен құрғақшылықтың күшеюі аймақ қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді.
Футболдан Қырғызстан ерлер құрамасы Азия кубогына алғаш рет қатысып, плей-офф кезеңіне дейін жетті. Бұл нәтижеден кейін елде футбол мектептерін ашу, халықаралық стандартқа сай стадион салу мәселесі көтерілді.
Тағы