Ауғанстандағы екі провинцияда парламенттік сайлау Талибандардың шабуылына байланысты кешігіп өтті.
Ресей аннексия жасап алған Қырымда теракт әзірледі деген айыппен 20 жылға сотталған украиналық режиссер Олег Сенцов "Ой еркіндігі үшін" берілетін Сахаров атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.
Халықаралық БАҚ Қытайдағы саяси лагерьлер жайлы зерттеу мақалалар жариялады. Қытай билігі саяси лагерьдегі “бақытты өмір” жайлы “жарнамаларды” жиілетті
Жаттығу орталығында көз жұмған солдат Артем Пахотиннің ата-анасы Артемнің "өз-өзіне қол жұмсағанына" сенбейді. Олар ұлдарының қазасын өздігімен зерттеп көрген.
СССР-дің бұрынғы президенті Михаил Горбачев "АҚШ-тың Орта және жақын қашықтық зымырандарын қысқарту келісім-шартынан (ОЖҚЗ) шығуға тырысуы – қателік" деп мәлімдеді.
Батыс баспасөзі Бельгия сайлауына ықпал еткен "тікұшақ дауы", қазақстандық интернет қолданушыларға шектеу күшейіп, Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға заңсыз еңбек мигранты болып баратындардың көбейгені туралы жазған.
Халықаралық "Агора" тобының сарапшылары Ресей билігі өзгерістен қорқады деп санайды.
Сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп қазанның 2-сі күні Стамбулдағы Сауд Арабиясы консулдығына кіріп, із-түссіз жоғалған саудиялық журналист Жамал Хашоггиге байланысты қорытынды жасауға асықпауға шақырды.
Қырымның Керчь қаласындағы Политехникалық колледжге жасалған шабуылдан 19 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жарақаттанған.
Ұлыбритания құқық қорғау органдары түрмедегі әзербайжан банкирінің әйелінің миллиондаған долларға сауда жасауына күдікпен қарай бастады. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен оның отбасы мүшелері де шетелдегі ықтимал мүлкіне қатысты сұраққа алынуы мүмкін.
Халықаралық Human Rights Watch халықаралық ұйымы Қытай үкіметі Шыңжаңда қамалған мұсылмандардың балаларын отбасынан алшақтатпай, жақындарына жіберу керек деп мәлімдеді. Қытай саяси лагерьлерді “жарнамалауды” үдетті.
Сооронбай Жээнбеков президенттік сайлауда жеңіске жеткелі тура бір жыл өтті.
Тағы