Дағыстан астанасы Махачкалада жұрт әлі «Ленин даңғылы» деп атайтын Расул Гамзатов даңғылы жолақ лентамен қоршалған, қалаға Ресей тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин, бас прокурор Юрий Чайка сияқты жоғары шенділердің келуі жиілегендіктен, жүргіншіден полицей көп. Республика басшылығындағы ауыс-түйіске байланысты Дағыстан бес айдан бері жаңалықтар таспасынан түспей тұр.