Батыс баспасөзінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Циндаодағы саммиті қарсаңында Орталық Азиядағы Қытай ықпалы туралы бірнеше мақала шықты. Оларда Пекиннің өз перифериясы ретінде қарастыратын елдердің элитасына қолданатын "қамшы мен арбау" саясаты туралы да жазған.
Мамырдың 15-і күні Еуропарламентте Қытайдағы этникалық қазақтардың қысым көріп жатқаны туралы мәселе талқыланды. Азаттық жиынға қатысқан Еуропада тұратын этникалық қазақ Өмірхан Алтынмен сұхбаттасты.
Украина басшылығы ресейлік журналист Аркадий Бабченконы "қастандықтан аман алып қалу" үшін ұйымдастырылған операция кезінде "атылатын адамдар тізімін" тапқанын жариялады. Алайда, журналисті "өлтіру" операциясы тәрізді бұл тізім де жалған болар деп күмәнданатындар да бар.
Бес жасынан бастап Мәскеуде тұратын прозаик әрі драматург Олжас Жанайдаров Ресей астанасындағы қазақстандық мигранттар тақырыбын шығармашылығына арқау еткен. Оның пьесалары тек Ресейде емес, қазақстандық театрларда да сахналанып жүр.
Қырым татарлары белсенділері Ресей 2014 жылы түбекті аннексиялағалы бері Қырымға бір миллион адам қоныстандырған деп мәлімдейді. Сарапшылар мұның қаншалық нақты екеніне көз жеткізу қиын, әйткенмен Мәскеудің даулы аймақтың демографиясын әдейі өзгертіп жатқаны анық дейді.
Украина арнайы қызметі ресейлік журналист Аркадий Бабченконың өлімі қолдан ұйымдастырылғанын хабарлады. Арнайы қызмет ұйымдастырған баспасөз мәслихатына Бабченконың өзі де қатысты.
Ресейлік журналист Аркадий Бабченкоға жасалған қастандықты халықаралық құқық қорғаушылар мен баспасөзді қорғау ұйымдары айыптады. Журналисті мамырдың 29-ы күні Киевте әлдекім атып өлтірмек болған. Қазақстандық сарапшылар бұл қылмысты "қорқыту актісі" деп атайды.
АҚШ әлемнің ондаған елінде діни бостандықтың қатты шектеуге ұшырағанын, олардың ішінде Қазақстанның бар екенін мәлімдеді.
Иранның әйгілі актері әрі режиссері Насер Малек Мотидың жұмыс істеуіне ұзақ жылдар бойы тыйым салынып келді, баспасөз құралдарына да ол туралы жазуға шек қойылды. Кино шебері өткен аптада 88 жасында дүниеден озған соң ғана оған салынған тыйым алынды.
Тағы