Ресейшіл саяси басшылығы үнсіз қалса да, чехиялықтар 1968 жылы Варшава пактісіне қол қойған елдердің СССР-дің нұсқауымен Прагаға қалай басып кіргенінен хабардар.
К чему приведет гонка вооружений в Черном море
Владимир Путин Берлинге 2016 жылғы қазаннан бері, ал оның алдында Германияға екі жылдан аса бармаған еді.
Арадағы ұзақ үзілістен соң Тәжікстан президенті Өзбекстанға ресми сапармен барды. Мұның алдында Өзбекстан президенті Тәжікстанға барып қайтқан.
Иран баспасөзі Ақтауда өткен Каспий саммитіндегі Тегеран ұстанымын біресе ақтап, біресе сынап жазып жатыр. Иран қоғамында Каспий конвенциясы қатты сыналып, ресми басшылардың оған қайта-қайта түсінік беруіне тура келді.
Батыс баспасөзі осы аптада тамыздың 12-і Ақтау қаласында өткен Каспий саммиті қорытындыларын талдаған. Бұған қоса, Қытайдың Шыңжаң ауданындағы аз ұлт өкілдері мен ондағы қазақтарды қудалау мәселесін тағы қозғаған. Халықаралық баспасөз мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өлімінің қоғамда құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігіне қатысты күмәнді қоюлата түскені туралы да жазған.
Тамыздың 17-сінде Астанада билік өкілдері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылған Ақтау саммитін қорытындылап,арнайы жиын өткізді.
Территориясы шағын Финляндияда соңғы бір жылдың ішінде Ресейден қашып барған 200-ден аса Иегово куәгері діни баспана сұраған. Ресейдің жоғары соты 2017 жылы "экстремистік ұйым" деп таныған қауым мүшелері "қылмыстық қудалауға ұшыраймыз" деп қауіптеніп, елден қашып жатыр.
Билікке монополия орнатса да, Ердоған, Хаменеи мен Путин сияқты автократтар кінәні аударатын сырт тарап іздеуге мәжбүр.
Каспий жағалауындағы елдер Қазақстанда өткен саммитте бұрыннан шешілмей келе жатқан шекара мәселелерінің біразын реттеп алды. Алайда Иран мен оған көрші елдер – Әзербайжан мен Түркіменстан арасындағы бірқатар мәселелер сол күйінше қалып қойды.
Тамыздың 14-і күні АҚШ Конгресі сайтында Ресейге қарсы санкцияларды күшейту туралы заң жобасы жарияланды. Жобаны сенатор Линдси Грэм бастаған бір топ Республикалық және Демократиялық партиясы өкілдері ұсынған.
Ереванда наразы топ экс-президент Роберт Кочарянды қайта қамауды талап етті.
Тағы