“Проект” басылымы Дональд Трамптың сайлау штабының бұрынғы жетекшісі Пол Манафорттың Қырғызстандағы "қызғалдақ" революциясынан кейін сол елге барып, Ресей мүддесі үшін жұмыс істегенін жазды. Зерттеу материалында Манафорт пен оның әріптесі Константин Килимниктің іс-сапарын ресейлік олигарх Олег Дерипаска қаржыландырған деп айтылады.
Жуырда Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков президент аппараты жетекшілігіне Досалы Эсеналиевті тағайындады. Ол 2018 жылғы сәуірден бері президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды. Ал оның орнына Бішкек қалалық кеңесінің төрағасы Алмаз Кененбаев барды. Жұрт бұл шешімді қызу талқылап жатыр.
Өзбекстанның ұлттық телерадиокомпаниясының құрамындағы барлық телеарналарға эфирде елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің есімін атамау жөнінде бұйрық берілген.
АҚШ сотының өзін айыпты деп тануы президент Дональд Трамптың сайлау штабын басқарған Пол Манафортқа қатты тиді. Бірақ кезіндегі ықпалды республикашыл лоббист үшін соттың үлкені - әлі алда.
Жүздеген қонақ қатысатын ірі тойлар көп өзбектің отбасы бюджетін ойсыратып, қарызға батырып жатыр. Ал президент Шавкат Мирзияев осындай тойларға заң жүзіндетыйым салмақ.
Ресейшіл саяси басшылығы үнсіз қалса да, чехиялықтар 1968 жылы Варшава пактісіне қол қойған елдердің СССР-дің нұсқауымен Прагаға қалай басып кіргенінен хабардар.
К чему приведет гонка вооружений в Черном море
Владимир Путин Берлинге 2016 жылғы қазаннан бері, ал оның алдында Германияға екі жылдан аса бармаған еді.
Арадағы ұзақ үзілістен соң Тәжікстан президенті Өзбекстанға ресми сапармен барды. Мұның алдында Өзбекстан президенті Тәжікстанға барып қайтқан.
Иран баспасөзі Ақтауда өткен Каспий саммитіндегі Тегеран ұстанымын біресе ақтап, біресе сынап жазып жатыр. Иран қоғамында Каспий конвенциясы қатты сыналып, ресми басшылардың оған қайта-қайта түсінік беруіне тура келді.
Батыс баспасөзі осы аптада тамыздың 12-і Ақтау қаласында өткен Каспий саммиті қорытындыларын талдаған. Бұған қоса, Қытайдың Шыңжаң ауданындағы аз ұлт өкілдері мен ондағы қазақтарды қудалау мәселесін тағы қозғаған. Халықаралық баспасөз мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өлімінің қоғамда құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігіне қатысты күмәнді қоюлата түскені туралы да жазған.
Тамыздың 17-сінде Астанада билік өкілдері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылған Ақтау саммитін қорытындылап,арнайы жиын өткізді.
Тағы