Шілденің соңынан бері Иранның ірі қалаларында билікке қарсы шеру өтіп жатыр. Көшеге шыққан ирандықтар елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауына, қымбатшылыққа және ұлттық валюта риалдың құнсыздануына наразы.
40 жылға жуық Венгрияда тұрып жатқан этникалық қазақ Оңайша Мандоки ондаған жыл бойы жергілікті тұрғындарға қазақ тілін үйретіп келеді. Лакителек халық институтында қазақ тілін оқытатын маман Азаттыққа Шығыс Еуропаға қоныстану себебі, Венгриядағы қазақтар және тіл үйрету тәсілдері туралы әңгімеледі.
Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов "алаяқтық жасады" деген күдікпен ұсталған үш қазақстандықтың аты-жөнін айтты.
Он жыл бұрын Ресей мен Грузия арасында аяқ астынан тұтанған соғыс өртінің кесірінен ондаған мың адам үйлерін тастап, бас сауғалап кетті. Солардың бірі – дәрігер Нуну Човелидзе Тбилиси маңындағы ауруханада бұрынғы ауылдастарын емдеп жан бағып жүр.
Тамыздың 5-і күні Индонезияның Ломбок аралында болған жер сілкінісінен жүздеген адам қаза тапқан.
Қырғызстандық құқық қорғаушылар елдегі жалғыз балалар колониясын жабуға шақырады. Олар бұл колония бала психикасын бұзып, болашақ қылмыскерлерді даярлайтын ғана орын деп алаңдайды.
Америкалық бір топ сенатор Конгреске Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы заң жобасын ұсынды. Құжат авторларының пікірінше, жаңа санкциялар бұрынғылармен салыстырғанда әлдеқайда қатал болмақ.
Әлемдік баспасөз осы аптада Қытай азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың ісі ол үшін сәтті аяқталғанын, Қазақстанның Eurovision байқауына қатысуы ықтимал екенін және жыныстық тәрбие мәселелерін талқылаған.
Азаттықтың тікелей трансляциясында көрермендер сұрақтарына жауап берген адвокат Абзал Құспан Қазақстаннан пана іздеуші Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайдың тамыздың 1-інде сот залынан босатылуына әсер еткен факторларды сипаттады. Панфилов аудандық соты Сауытбайды Қазақстан-Қытай шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін алты айға шартты түрде соттап, шетке шығарудан бас тартқан.
Қуғындағы "Ичкерия Шешен республикасының" мәдениет министріне айналғаннан кейін режиссер Инал Шерипов 2013 жылы Рамзан Қадыровты "Қолы иығына дейін қанға малынған жауыз" деп атаған еді.
Тағы