Желтоқсанның 14-і парламент сенаты қабылдаған құжатта «ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін дәйексіз ақпаратты әдейі бұрмалау және тарату арқылы қоғамның және жеке адамның сана-сезіміне ақпараттық әсер ету» қауіп-қатер ретінде аталған.
Азаттық радиосы желтоқсанның 8-інде Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған бұрынғы Жоғарғы Кеңес төрағасы Серікболсын Әбділдиннің онлайн-конференциясын өткізді.
Әлеуметтік желілерде Нұрсұлтан Назарбаев пен Кәрім Мәсімов есімі ең танымал «фейк-аккаунттарға» айналып барады.
Президенттік сайлау алдында құрылған «Конституцияны қорғайық» комитеті Қазақстан халқын «елдегі ірі стратегиялық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару шарасына» қосылуға шақырды.
Қазақстанда енді заңды тұлғалар моральдық шығын өндіруді талап етіп, баспасөз құралдарын сотқа бере алмайды. Алайда жеке тұлғалар ұнамаған басылымды бұрынғысынша жапқызып тастай алады дейді журналистер.
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезінде Қазақстанда адам құқықтары шектеле түсті деп санайды нью-йорктік журналист. Бұл мәртебенің Украинадағы автократия жолына түскен билікке 2013 жылы берілетіні жөн бе?
Сәуірдің 12-і Кәрім Мәсімов президент тағайындаған облыс әкімдерін таныстыруға кірісті. Ал қайта жасақталған жаңа министрлікте алты министр ауысып, қалғандары қызметтерінде қалды.
Астанада адамдарға толы бірнеше автобус бірінен кейін бірінен барып бірқатар сайлау учаскелеріне аралап шықты. Сайлау кезіндегі технологиялардан хабардар жұрт мұны «карусель» әдісі деп атайды.
«Голос республики» газетін шығарушы компанияның директоры Данияр Молдашев күдікті жағдайда жоғалып кетті дейді оның әріптестері. Алматы полициясы бұл мәліметті жоққа шығарады.
«Уральская неделя» газеті жабылып қалуы мүмкін. Жергілікті компаниялардың бірі «іскерлік беделге нұқсан келтірді» деген айыппен газеттен ірі моральдық өтемақы талап етіп отыр. Ал баспасөз қорғау ұйымдары болса, моральдық өтемақы көлемінің дәлелденбегінін айтып отыр.
Желтоқсанның басында Афиныда Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық мәселесі талқыланады. Осы орайда халықаралық «Хьюман Райтс Уотч» ұйымы Қазақстандағы адам құқықтары жағдайын саралай келіп, өзі қойған сауалдарға өзі жауап береді.
Қоғамда, билікке балама күш ретінде халықпен жұмыс істеп жүрген оппозициялық топтардың жұмысты жақсы бастағанымен, кейіннен сыйыспай жататындығы туралы жиі айтылып жүр.
Тағы