Халықаралық ұйымдардың зерттеуіне қарағанда, Қазақстан 2012 жылы бірнеше рейтингіде кері кетіп, бірнеше сала бойынша жоғарылаған.
Белсенділер Қазақстан билігін Ресейдің ығына жығылып отыр деп кінәлады.
«Қарсылық жиынына» қатысқаны үшін әкімшілік жазаға тартылған азаматтар айыппұл төлеуден бас тартып отыр. Құқық қорғаушылар шағын айыппұлды төлемегені үшін адамды пәтерінен айыруға мүмкіндік беретін Қазақстан заңдарында үлкен кемшіліктер барын айтты.
«Келіспейтіндердің» ақпан айының 25-і күні митинг өткізуіне тыйым салған Иманғали Тасмағамбетов пен қала әкімшілігіне қатысты сот отырысы Астанада басталады дегелі үшінші айдың жүзі болды. Оппозициялық саясаткер Зәуреш Батталова, азаматтық белсенділер Болатбек Біләлов пен Ардақ Бижігітов биліктің қаулысын заңсыз деп тануды және ақшалай өтемақы талап етеді.
Қазақ оқымыстыларының форумында қоғамдағы "авторитарлы-репрессивті үрдістерді" тоқтату туралы қарар қабылданды. Жаңаөзен оқиғасына сараптама жасаған қоғамдық комиссия мүшесі оны өткен ғасырдың басында болған Ресейдегі «қанды жексенбіге» теңеді.
Ақпанның 25-і Алматыдағы Абай ескерткіші маңында "Қарсылық жиыны" өтті. Бұл шараға келерде бірнеше саяси белсенді ұсталды. Жиынға жүздеген адам жиналып биліктің әрекеттерін айыптады. Митинг екі сағатқа созылды. Жиында "Назарбаев, кет!" деп ұрандағандар болды. "Қарсылық жиыны" басқа да қалаларда өтті.
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис пен журналист Тоқнияз Күшіков бүгін сағат 11-де Шығыс Қазақстан облысы Саратовка елді мекеніндегі ОВ-156/13 қоныстандыру колониясынан рақымшылық заңы бойынша бостандыққа шықты. Жовтис пен Күшіков екі жарым жылдан астам уақыт түрмеде болды.
«Интернет-клубтарға арналған жаңа ережелер адамның ақпарат алу құқын шектейді әрі жеке өміріне қол сұғады» деп есептейді сарапшылар. Олардың пікірінше, үкіметтің бұл жаңалығы интернет-кафе бизнесін жүргізбей тастайды.
Билік және билікке жақын партиялар 2012 жылғы парламент сайлауы қарсаңында интеллигенцияны (танымал ақын-жазушыларды) депутаттыққа үміткер ретінде партия тізіміне кіргізіп, үгіт-насихат науқанына белсенді пайдаланды. Бірақ кейін ол партиялардың тізіміндегі зиялылардың ешбірі парламентке өткен жоқ.
Тағы