Қытайдағы этникалық қазақтардың жаппай қысымға ұшырағаны туралы ақпараттар 2017 жылғы сәуір айынан бастап тарады. Шыңжаңда ұсталғандар арасында Қытайдан тарихи Отанына оралып, Қазақстан азаматтығына ие болғандар да бар.
Бішкектегі "Қырғыз-қазақ достық, қызметтестік байланысы" қоғамының төрағасы Нұрсыдық Жақсығұлов Азаттыққа берген сұхбатында Қырғызстан қазақтарының тарихы мен қазіргі жағдайы туралы әңгімелеп берді.
Моңғолия халқының 5 пайызынан астамы - этникалық қазақтар. Олар бұл елдің саяси-қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. «Қазақтар - әлемде» айдарының бұл жолғы кейіпкерлері апалы-сіңлілі полковниктер Анаргүл мен Жеңісгүл. Оларды жерлестері «Моңғолия тарихындағы тұңғыш полковник әйелдер» деп атайды. Медицина ғылымы докторы Анаргүл Кәусылғазықызы «Бізде қызметтік өсуге ұлттың қатысы жоқ, ең бастысы біліміңіз бен тәжірибеңіз жеткілікті болса, сосын өтірік айтпасаңыз болды» дейді.
Қазақстанның Семей қаласында дүниеге келген 26 жастағы Диаз Муссалимов қазір Нью-Йорк унверситетінде вокалдан сабақ береді. Музыкант «қазір мұнда білім алып, тәжірибе жинақтап жатырмын. Егер мен қазір Қазақстанда жүргенімде ондай мүмкіншілік болмас еді» дейді.
Макка Қаражанова 1966 жылы Ресейдің Орынбор қаласында дүниеге келген. Отыз жылдан бері Украинаның Харьков қаласында тұрады.Жеке кәсіпкер қолы бос уақытында екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақ солдаттарын іздеумен айналысатын белсенді ретінде танылған.
Қазақ тілінің латын графикасындағы әліпбиінің апострофты нұсқасына шетелдегі қазақтардың пікірі біркелкі емес. Азаттық тілшісі сөйлескен бес адамның үшеуі қазіргі нұсқаны қолдамады. Ал құптаушылардың өз уәждері бар.
Қытайдың батысында тұратын этникалық қазақтардың түрлі себеппен қамауға алыну себебі не? Си Цзиньпиннің екінші мерзімінде Пекиннің Шыңжаңдағы ұлттық саясаты қандай болмақ? Азаттық чехиялық белгілі қытайтанушымен сұхбаттасты.
Қытайдан көшіп келген оралмандар тобы Қазақстан сыртқы істер министрлігінен Шыңжаңда бірнеше айдан бері қамауда отырған туыстарының дерегін білуге жәрдем сұрайды. Министр Қайрат Әбдірахманов "шетелдегі қазақ диаспорасының мүддесі мен құқығын қорғауға" уәде етті. Қытай консулдығы бұл мәселе жөнінде комментарий беруден бас тартты.
Қытайда туған қазақ жазушысы, тарихшы, этнограф Зейнолла Сәніктің еңбектері Алматыда 15 том болып басылып шықты. Жинаққа оның алғашқы романы «Сергелдең», «Тұғырыл хан» секілді көлемді шығармалары, Қытай архивтерінен жазған зерттеу еңбектері енді. 2013 жылы Алматыда қайтыс болған жазушының өмір жолынан Қытайдағы авторитарлық режимнің 1960 жылдары қарапайым адамға көрсеткен қысымының алуан тәсілін көруге болады.
Ауғанстанда тұратын этникалық қазақ Абдулрахиб Мүслімбек 1994 жылы Құндыз қаласында дүниеге келген. Өзі туып-өскен қаладағы жоғары оқу орынында құқықтану мамандығы бойынша 3-курста оқып жатыр. Абдулрахиб Азаттыққа Ауғанстан қазақтары жайлы айтып берді.
Ирландияда ұстаздық ететін қазақ жігіті Қазақстандағы жемқорлық жайлы, ғылымға деген көзқарасы туралы пікірімен бөлісті.
Біріккен Араб Әмірліктерінде химик-инженер мамандығы бойынша жұмыс істейтін қазақстандық Бахтияр Худайбергенов «қазір жастардың көп уақыты әлеуметтік желіде өтіп жатыр. Соның кесірінен университет бітіргенде «әттең» дейтіндер көп» дейді. Ол Азаттыққа шетелдік компанияға қалай кіргенін, болашақ жоспарларын әңгімелеп берді.
Тағы
No media source currently available