Жыл өткен сайын Түркіменстандағы қазақ диаспорасының саны азайып барады. Олардың көбі іргелес Қазақстанға көшіп, қазір жасы үлкендер қалған.
Наурыз мейрамын Орталық Азия елдері жаңа жыл ретінде тойлайды. Бірақ әр елде бұл мейрамды атап өту дәстүрі мен арнайы дайындалатын тағамдар бір-біріне ұқсамайды.
Биыл құрылғанына 65 жыл толған Азаттық радиосының қазақ бөлімінде ұзақ жыл жұмыс істеген Талғат Қосжігіт өзі қызмет еткен жылдардағы көрген-білгендерімен бөлісіп сұхбат берді.
Қазақ диаспорасы көп шоғырланған елдердің бірі - Өзбекстан. Осы елде тұратын қазақтар Шавкат Мирзияев билікке келгелі жағдайлары жақсара бастағанын айтады. Бірақ кейбір сарапшылар бұл пікірмен келіспейді.
Азаттыққа сұхбат берген халықаралық құқықтанушы Есбол Өміржанов Қытай билігінің этникалық қазақтарға жасап жатқан қысымы мен Қытай қазақтарының көші-қоныс туралы айтып берді.
Италияның Аппенин түбегіне қазақтар үшін тур ұйымдастыратын Диана Эспозито енді еуропалық туристерге Қазақстанды аралататын экскурсиялар жобасын іске қосуды жоспарлайды. Атырау тумасы Азаттыққа берген сұхбатында өзге елде қалай өмір сүру жатқаны, италиялықтардың Қазақстан туралы ойлары және елге келетін еуропалық туристер неге аз екенін айтып берді.
Қарағандыда туған биатлоншы Динара Әлімбекова Беларусь биатлон командасы сапында Пхенчхан олимпиадасының жеңімпазы атанды.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытайда ұсталған қазақстандық азаматтардың мәселесімен айналысып жатқанын айтты. Сарапшылар Қытайдың адам құқықтары туралы халықаралық шарттарды орындайтынына күмәнді.
Азаттық тілшісі Шыңжаң университетінің профессоры Лю Бинмен екі ел арасындағы экономикалық байланыс туралы сұхбаттасты. Сарапшы Үрімжі аймағындағы этникалық азшылық топтардың жағдайына қатысты да ойын айтты.
Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында бүркіт салып, саят құратын жасөспірім қазақ қыздар көбейе бастады. Солардың бірі Әйгерім Әскерді әке-шешесі «ең жас бүркітші» деп атайды.
Ирандағы қазақ диаспорасы өкілдері орамал тартуда өз ерекшеліктері бар екенін айтады.
Қақаған аязда қиналған Баян-Өлгийдегі қазақ отбасыларына Франция қазақтары көмір түсіріп беріп, киім-кешек таратты. Көмек алған отбасылар әлеуметтік желіде алғыс жаудырып жатыр.
Тағы
No media source currently available