Маусымның 1-і күні Ресейдің Дзержинск қаласындағы химиялық зауытта жарылыс болып, 85 адам зардап шекті.
Ресейдің Сургут қаласында Сталин мүсінін орнататын жер іздеуге кірісті. Совет билігі тұсында жер аударылғандардың ұрпағы бұл бастамаға қарсы.
72-ші Канн кинофестивалінің бағдарламасында Қырым татар режиссері Нариман Әлиевтің бес жыл бұрын Ресей аннексиялап алған Қырымдағы оқиғалар жайлы сыр шертетін «Оралу» деп аталатын толық метражды фильмі де бар.
Мәскеуде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, ондаған адам опат болды. Алдын ала ақпарат бойынша, Шереметьево әуежайына апатты жағдайда қонған соң өртенген ұшақтан адамдардың бір бөлігі сыртқа шыға алмай қалған.
Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Чен Ынмен алғаш рет жүзбе-жүз кездескен соң Пхеньянға ядролық бағдарламасын аяқтамай тұрып халықаралық кепілдік берілуі керектігін айтты.
Мәскеу мен Минск арасындағы экономикалық және саяси кикілжің ушыға түсті. Ресей Беларусьтен келген алманы жерге көміп жатыр. Беларусь мұнай компаниясы 2019 жылдың соңына дейін Ресей мұнайына балама таппақшы.
Ресей президенті Владимир Путин Арктика аумағында табиғи ресурстарға бәсеке қызған шақта жаңа порттар мен өзге де нысандар салып, атом мұзжарғыш кемелерінің санын ұлғайтатынын хабарлады.
Ресей президенті Қазақстанда ұзақ уақыт дауға айналған АЭС салу тақырыбын қайта қозғап, құрылысқа жәрдем беруге әзір екенін мәлімдеді.
Жергілікті әлеуметтік желі қолданушылары тұңғыш сапарын Мәскеуден бастаған Тоқаевты «Ресейдің тиісті деңгейде күтіп алмағанын» талқылап жатыр.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы ресми шетелдік сапармен Ресейге барды. Азаттыққа берген сұхбатында саясаттанушы Досым Қазақстанның Қытай және Ресеймен қарым-қатынасы туралы айтты.
Мәскеуде билік келісім берген "Еркін интернет үшін" шеруі кезінде ұсталған ондаған адамның арасында акцияға цензураға қарсы азаматтық қозғалыс символы - көк шар ұстап шыққандар болды. Қазақстанда дәл осындай оқиға былтыр болған.
Адамзат тарихындағы жаппай қырып-жою қару түрлерінің ең алғашқысы - химиялық қарудың ірі қоймасында Орталық Азия өкілдері де жұмыс істеген. Алайда олардың дені қаза тапқаны айтылады.
Тағы