Мәскеуде ондаған мың адам биліктен әділ сайлауды талап етіп жатыр. Мемлекеттік арналар мен билікшіл БАҚ наразыларды елдің шырқын бұзып, Қырымды Украинаға қайтаруды қолдайтын, дәстүрлі құндылықтарға қарсылар ретінде, кейбірін тіпті шеруге музыка тыңдау үшін келген деп көрсетуге тырысады.