Accessibility links

Британдықтар Ирақтан өз әскерінің кетуін қаламайды.


Ирақтағы одақтастар күштеріне шабуылдардың тиылмауынан, британдықтар онда жайғасқан өзінің 10 мыңдық қолының тағдырына алаңдаулы күйде.

Бірақ көптеген ағылшындардың айтуынша, жергілікті демократиялық үкімет құрылмайынша батыстық қосындар мен азаматтық әкімшілік "өз жұмыстарын аяғына дейін " жеткізулері тиіс. Әйтседе талдаушылардың айтуынша, егер қосындарға шабуылдар жалғаса берсе, онда жорыққа қолдау кеми түседі.

Мамырдың 1-і күні АҚШ елбасы Джордж Буш соғыс аяқталды,- деп жарияғалы бері Ирақта 45 одақтас қосыны опат болды. 45-тің алтауы британдық, бұған қоса 4 ағылшын соғыс емес жағдайда жазатайым болды. Өлім-жітімнің көбейуі мен Ирақ жорығына қатысушы қолдың ұзақ мерзімге қалып қою мүмкіндігі британдықтарды екіұдай күйге түсіруде.. Әйтсе де көптеген ағылшындар одақтастар қолы елде тұрақтылық орнап және демократиялық жолмен таңдалған үкімет орнамайынша бола тұруы тиіс деп санайды. Бірақ талдаушылардың айтуынша, егер одақтастар қолына шабуылдар тиылмаса және Британия үкіметі төнген қауіпті соғыс ашу үшін асыра насихаттағаны анықталса, онда бұған көзқарас мүлде басқаша болуы мүмкін .

Лондонда орналасқан Экономикалық барлау орталығының Таяу Шығыс пен Африка бөлімінің ақылманы Нейл Патрик:

-Бұл өте қызық жағдай. Мен АҚШ-тың жекелеген шабуылдардың артында ұйымдасқан күш тұр деген дәлелдемелерінен хабардармын. Кейбір шабуылдардың асқан ептілікпен жасалуынан, оларды жекелеген адамдар жасап отыр деуге қиындау. Ирақтың Республикандық ұландары және қауіпсіздік сақтау орындарының басқа да бұрынғы режимнің мүшелері жүйелі түрде бір орталықтан басқарылып отыр деген ақылға сияды,-дейді.

Патриктің пікірі Ирақтағы соғыс қимылдарын басқарып отырған АҚШ генералы Джон Абизайттің, "бұл соғыс дәстүрлі партизандық түрде жалғасын тауып отыр" деген мәлімдемесімен ортақ. Таяу арада қосындар әкетіледі деген нышан байқалмайды, өзінің Ирақтағы 10 мыңдық қолын ұстап тұру үшін Британия , ай сайын мөлшермен 100 миллион доллардың қаржысын жұмсап жатыр. Патриктің айтуынша, Ирақ жорығына қатысушы қолға байланысты қалыптасқан жағдайға қоғамдық пікір өзгеруі мүмкін. Ол екі сценарийді атап отыр :

-Егер біршама тұрақтылық орнап, саяси өркендеу болып, одақтастар билік орындарымен кейбір оппозициялық топтар арасында тілдесу болып ол қауіпсіздікке өзінің ықпалын жасар болса онда, алаңдаушылық тудырып отырған жағдай біршама сабасына түсер еді. Бірақ менің ойымша, егер қауіпсіздік жағдайы нашарлай түсер болса онда соғысты қолдау мен онда қала беруге күмәндар туындайды.

"Азаттық" тілшісінің соғысқа байланысты пікірін сұраған бірнеше лондондықтың қатарында бір 34 жасар қаржыгер:

-Жақсы, менің ойымша біз қазір мынандай жағдайдамыз, біріншіден, біздің онда болуымыздың қажеті жоқ, бірақ біз оған шамалы киліктік. Егер сіз қажетті қауіпсіздік шараларын жасамасаңыз, онда кету оңай емес. Және бұл жетіңкіремейді, сондықтан мен білмеймін. Олар қазір сонда болғандықтан бұл қиын,-деген..

Бір 60 жастардағы тіркеуші әйел Британия қазір өзінің Шығанақтағы соғысты аяғына шейін жүргізбеуінің сазайын тартып отыр дейді:

-Біз бұл қателікті бұның алдында жасадық. Біз тым ерте кетіп қалдық емес пе ? Менің пікірімше, қосындар құдайға қажет істерді атқарулары үшін сонда бола тұрулары керек. Мен кейбір бұрынғы үкіметке берілгендердің төңіректе қарсылық танытып жүргендігінен хабардармын. Менің ойымша, біз онда дұрыс істер атқарып жатырмыз. Мен оның көп уақыт алатындығын білемін. Сіз білесіз бе, біз де, американдықтар да онда мүкіндігінше көбірек қалуымыз қажет. Мен қосындарға ауыр екендігін ұғынамын. Олар үйге оралуды қалайды, бірақ біз тым тез шегінсек ол болмас.

Ал лондондық 34 жасар заңгер мұсылман жігіті, одақтастар қолы тек Саддам Хусейін мен Баас партиясы үкіметінің белсенділерімен шайқасып жүр деп қалыптастырылған сенімге күмән танытады:

-Мен британдық мұсылман, әрі либерал ретінде таң қаламын, кез келген шабуыл жасау әрекеті Саддам Хусейнді қолдаушылар деп көрсетіледі, бірақ оны кім айқындады. Олардың көзқарасында шетелдік диктаторлық күштер елін басып алған болып көрінеді. Менің ақпарат құралдарынан беріліп жатқан хабарларға көңілім толмайды, мен Таяу Шығыстағы әртүрлі елдердегі жора-жолдастарыммен сөйлескенімде олардың хабарларында олар тәуелсіздік үшін күресуші жауынгерлер деп танылады. Ал бұндағы барлық хабарландырулар ондай адамдарды жаппай Саддам Хусейнің қолдаушылары ретінде суреттеуде.
XS
SM
MD
LG