Accessibility links

АҚШ әскері Қарши-Ханабад базасын тастап шықты, бірақ Орта Азиядан біржола кетті ме?


ТАШКЕНТ. Кеше Өзбекстанның Ханабад қаласында АҚШ-тың әскери әуе базасын жабу рәсімі болып өтті. АҚШ армиясы “Қарши-Ханабад” әуе базасын 2001-інші жылдың күзінен бері қарай Ауғанстандағы соғыс қимылдарын іске асыру үшін пайдаланып келді. Осы шілде айында Өзбекстан президенті И.Кәрімов АҚШ күштерінен Қарши-Ханабад базасын 6 айдың ішінде босатуды талап етті. И.Кәрімов мұндай қадамға ресми Вашингтонның мамыр айындағы “Әндіжан қырғынына” өткір сын айтуынан кейін барып отыр.
XS
SM
MD
LG