Accessibility links

Ақ үй мен Анкараның арасы салқын тартуы мүмкін


АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының халықаралық істер комитетінде бүгін Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Осман империясындағы жаппай армян қырғыны бойынша қарардың жобасы бойынша дауыс беру өтеді. Жобада армян қырғынын геноцид деп мойындау ұсынылады.

Түркия үкіметі ресми вашингтонды егер осы қарар қабылданатын болса, онда екі елдің арасындағы қарым-қатынас ұшығуы мүмкін деп ескертті.

Ресми Анкара түріктер мен күрдтер сияқты жүздеген мың армян да азаматтық қақтығыстардың құрбаны болды деп мәлімдеп, армян қырғынын геноцид деп мойындамайды.
XS
SM
MD
LG