Accessibility links

Ақтөбеде 12 адамның үкімі өзгеріссіз қалды


Айыпталушы тараптың адвокаттары сот үкімін тыңдап тұр. Ақтөбе, 14 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Айыпталушы тараптың адвокаттары сот үкімін тыңдап тұр. Ақтөбе, 14 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Ақтөбеде лаңкестік топтың мүшелері ретінде сотталған 12 адамның үкімі апелляциялық алқада қайта қаралып, соттың алдыңғы шешімі өзгеріссіз қалды.

Тек Рахымжан Мақатов былтыр мамырдың 17-сі күні ҰҚК ғимаратында өзін-өзі жарып жіберген соң заттай айғақ ретінде тәркіленген көлігі мұрагері ретінде әйеліне берілетін болды.

2011 жылы желтоқсанда Ақтөбе қаласында қылмыстық кодекстің «лаңкестік топ құру», «лаңкестікті насихаттау» «қару сақтау» секілді ауыр баптарымен жастары 25 пен 42 аралығындағы 12 адамға сот үкімі шыққан.

«Облыстық ҰҚК департаменті ғимаратында өзін-өзі жарған Рахымжан Мақатовпен сыбайлас болды» делінген Есет Мақуов – 17 жылға, Алмас Жолбаев пен Асхат Бегаманов – 10 жылға, Әнуар Сүйінтаев – 8 жылға, Игілік Сағынаев пен Марат Палтоев – 5 жылға, Жанболат Сәрсенбаев, Нұрлыбек Мусин, Ғани Еңсепов, Біржан Алдамжаров, Хабидолда Жаңбыршин, Әлібек Бердібаев – 3 жылға сотталған еді.
XS
SM
MD
LG