Accessibility links

Мамырдың 30-ынан 31-іне ауған түні Астана уақытымен сағат 3:20 шамасында Алматы маңында жер сілкінді. Алматы қаласында да зілзала әсері сезілген.

Жер сілкінісі кезінде Алматыда бөлме мен үй бұйымдарының есіктері ашылып, жабылған. Зілзала әсерінен тұрғындар оянып кеткен. Ал қаланың кейбір аудандарының тұрғындары сыртқа шығып, бірер сағат уақыт өткенде қайтадан кірген.

Құтқару қызметі әрқандай бір түсінік бере қойған жоқ. Азаттық тілшісі хабарласқанда, құтқару қызметінің кезекшілері тұрғындарға сақтану керек болса, сыртқа шыққан жөн болатындығын айтқан.

Tengrinews.kz сайтының Америка геологиялық қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, зілзала кіндігі Алматыдан шығысқа қарай 148 шақырым жерде болған. Онда 5,7 магнитуда шамасында жер сілкінген.

Мәліметтер анықталу үстінде. Қосымша тағы да хабарланады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG