Accessibility links

Мәскеу соты екі оппозиционерді айыпты деп тапты


Ресейлік оппозиционер Сергей Удальцов өзінің ісін қарап жатқан сотта. Мәскеу, 24 шілде 2014 жыл.

Ресейлік оппозиционер Сергей Удальцов өзінің ісін қарап жатқан сотта. Мәскеу, 24 шілде 2014 жыл.

Бүгін Мәскеу қалалық соты 2012 жылы 6 мамыр күні Мәскеудің Болотный алаңында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырған деп айыпталған ресейлік оппозиция өкілдері Сергей Удальцов пен Леонид Развозжаевты кінәлі деп тапты.

Бейсенбі күні судья Александр Замашнюк «Солшыл майдан» («Левый фронт») қозғалысының үйлестірушісі Сергей Удальцов пен белсенді Леонид Развозжаевқа қатысты үкімін жариялауға кіріскен болатын. Екеуі де сотқа қатысып отыр.

Айыптаушы тарап сотталушылардың екеуін де кінәлі деп танып, әрқайсысын 8 жылға бас еркіндігінен айыруды және шекараны заңсыз өткені үшін Развозжаевқа 150 мың рубль көлемінде айыппұл салуды соттан сұраған.

Бұған дейін сот шешімі бойынша Удальцов үйқамаққа алынып, Развозжаев тергеу абақтысына қамалған еді. Оларға Ресейдің басқа қалаларында да тәртіпсіздіктер ұйымдастырмақ болған деген айыптар тағылған.

Удальцов пен Развозжаев өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG