Accessibility links

Лукашенко ЕАЭО келісіміне қол қойды


Беларусь президенті Александр Лукашенко.
Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Азаттықтың Беларусь қызметі "президент Александр Лукашенко Ресей және Қазақстанмен бірге Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды" деп хабарлайды.

Лукашенко заңға оны Беларусь парламенті мақұлдағаннан бірнеше сағаттан кейін қол қойған. Депутаттар заң жобасына Минскінің жеке шартын қоса отырып мақұлдаған еді. Жеке шартта Минскінің келісімді "белгілі бір тауарлар және қызмет түрлері бойынша сауда-саттықта кездесетін кедергілер мен шектеулерді жою жөнінде екі немесе үшжақты нақты келісімдер жасалған жағдайда орындайтыны" айтылған.

Сарапшылар Азаттықтың Беларусь қызметіне "бұл шарт Ресейден мұнай мен газды арзандатылған бағамен сатып алып, осының есебінен ел бюджетіне жылына үш пен бес миллиард АҚШ доллары аралығында табыс түсіру үшін қосылды" деп түсіндірген.

Ресей президенті Владимир Путин Еуразия экономикалық одағы туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңға 3 қазан күні қол қойған. Қазақстан парламенті келісімді ратификациялау туралы заңды 9 қазан күні мақұлдаған. Бірақ Қазақстан президентінің оған қол қойғаны туралы әзірге ақпарат жоқ.

Бүгін Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады.

XS
SM
MD
LG