БҰҰ балалар қоры - ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы жаңа өкілі болып Юрий Оксамитный тағайындалды
ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігінің хабарлауынша, Оксамитный бұған дейінгі өкіл Джун Кукитаның орнына тағайындалған.
Юрий Оксамитный бұған дейін ЮНИСЕФ-тің Беларусьтегі өкілдігін басқарған. 2002-2009 жылдары ол ЮНИСЕФ-тің Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері жөніндегі бөлімін басқарған, ЮНИСЕФ штаб-пәтерінде (Нью-Йорк) Басқарушы органдар, БҰҰ және көпжақты ынтымақтастық департаментінде аға кеңесші лауазымын атқарды.
Юрий Викторович Оксамитный - Ресей азаматы.