Accessibility links

Австрия соты Мұсаев пен Кошлякқа қатысты істі қарайды


Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев.

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев.

Бүгін Австрияда 2007 жылы "Нұрбанктің" екі топ-менеджерінің ұрланып әкетіп, өлтірілуіне қатысы бар деп айыпталған Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев пен Рахат Әлиевтің көмекшісі Вадим Кошляктің үстінен сот басталады.

Бұл іс бойынша басты айыпталушы, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиев биыл ақпанда Венада қамауда отырған түрмеде асылып қалған күйі табылған.

Рахат Әлиев 2007 жылы Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметінен босатылған. Кейін Қазақстанда ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалды деген айыптармен сырттай 40 жылға сотталған. Әлиев өзіне қатысты айыптардың саяси астары бар деп мәлімдеген.

Астана Австриядан Әлиевті экстрадициялауды сұрағанымен, Вена өтінішті орындаудан бас тартып, өзі дербес тергеу жүргізе бастаған. Кейін Асвтрия билігі оған қазақстандық екі банкирді өлтіруге қатысы бар деп айып таққан.

Разат Әлиев өткен жылы маусым айында Австрия билігіне өз еркімен берілген.

XS
SM
MD
LG