Accessibility links

MH17 апаты құрбандары туыстары Стрелковты сотқа берді


Өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасының" қорғаныс министрі Игорь Гиркин.
Өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасының" қорғаныс министрі Игорь Гиркин.

АҚШ-та Украинада атып түсірілген малайзиялық "Боинг" ұшағыннда қаза тапқандардың туыстары өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасының" "қорғаныс министрі" Игорь Гиркинді сотқа берді. "Стрелков" деген бүркеншік атпен де танымал Гиркинді сотқа апатта құрбан болған 18 адамның туыстары берген.

Туыстары Гиркинді шағымда жолаушылар ұшағын атып түсіруді ұйымдастырды деп айыптап, одан 900 миллион АҚШ долларын өндіріп беруді сұрайды. Олардың пікірінше, Стрелков "ұшақты зымыранмен атуға бұйрық беріп, ықпал еткен, немесе осы қылмысты жасауға айдап салған я сөз байласқан". Шағымданушылар Кремльді де "қылмысқа қатысы бар" деп айыптайды. Олар "Боингті" атып түсірген зымыран кешені Украинаға Ресейден әкелінген деп санайды.

Адвокат Флойд Виснер "Шағым ақша өндіру үшін емес, Гиркиннен жауап алу және Ресейге халықаралық трибуналмен ынтымақтасуына ықпал ету үшін берілді" деген Гиркин The Telegraph басылымына.

2014 жылы шілденің 17-і күні Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатқан Malaysia Airlines әуе компаниясының Boeing 777 жолаушылар ұшағы Украинаның Донецк облысындағы Торез қаласы маңына құлап, ұшақта болған 298 адам түгел қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG