Accessibility links

Гюмриде әскери сот Ресей сарбазын 10 жылға соттады


Ресейлік солдат Валерий Пермяков сотта отыр. Гюрми. 12 тамыз 2015 жыл.

Ресейлік солдат Валерий Пермяков сотта отыр. Гюрми. 12 тамыз 2015 жыл.

Арменияның Гюмри қаласында орналасқан ресейлік әскери базаның гарнизондық соты ресейлік сарбаз Валерий Пермяковты әскери базаны өз бетімен тастап кеткені және қару ұрлағаны үшін айыпты деп танып, он жылға бас еркіндігінен айыруға үкім шығарды.

Енді 19 жастағы Пермяковтың ісі Армения үкіметіне беріледі. Армения Пермяковты Гюмриде Аветисян отбасын өлтіргені үшін сотқа тартады.

Биыл қаңтардың 12-сі күні Гюмридегі Ресей әскери базасынан өз бетімен кетіп қалған Валерий Пермяковке сол қаладағы Аветисяндар отбасының жеті адамын бірдей өлтірген деген айып тағылған. Пермяков сот алдындағы тергеу кезінде айыбын мойындаған.

XS
SM
MD
LG