Accessibility links

Ресей Украинадан Қазақстанға жүк транзиті тәртібін белгіледі


Украинаның Ресеймен шекарасындағы жазу. (Көрнекі сурет.)

Украинаның Ресеймен шекарасындағы жазу. (Көрнекі сурет.)

Ресей президенті Владимир Путин өз елінің аумағы арқылы Украинадан Қазақстанға тасымалданатын жүк транзитін реттейтін жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Ресей федерациясының құқықтық ақпараты ресми порталында жарияланған құжатқа сәйкес, енді Украинадан Қазақстанға жүк тасымалдау тек Беларус аумағы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, жаңа тәртіп жүк тасымалдаушыларды идентификациялық құралдар, соның ішінде ресейлік ГЛОНАСС навигациялық жүйесіне негізделген құралдарды пайдалануға міндеттейді.

Жаңа, 2016 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Ресей мен Украина арасында еркін сауда аймағы туралы келісім күші тоқтатылды. Ресей бұған дейін Украина мен Еуропа Одағының өзара еркін сауда аймағы туралы келісім жасасуына жауап шара ретінде осындай шешім қабылдаған.

XS
SM
MD
LG