Accessibility links

Назарбаева "сараңданбай, салық төлеуге" шақырды


Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева.

Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева.

Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева қазақстандықтарды салықтан жалтармауға, "сараңданбай", табысынан бюджетке бөліп беруге шақырды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Бүгін Астанада өткен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің алқа жиынында сөйлеген Назарбаева халықтың "өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп, табыс табатын" бөлігінің "бюджетке бір тиын төлемей тегін медициналық көмек алып, қартайғанда әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы алуға ұмтылатынын" әділетсіздік деп атады.

"Ар-ұят болу керек, сараңданбай, бөлісу керек, президентіміз айтқандай, салығын төлеп, ұйқың тыныш болуы қажет" деген Назарбаева.

Назарбаеваның пікірінше, Қазақстанда 2017 жылға қарай өтуді жоспарлап отырған медициналық сақтандыру жүйесі өзін-өзі қамтамасыз ететін азаматтарды көлеңкеден шығаруға көмектеседі. Себебі өзін-өзі қамтамасыз ететін тұрғындарға сақтандыру полисі берілмейді.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 2015 жылдың соңында 2 миллион 339 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететіндер ретінде тіркелген. Ал экономикалық белсенді тұрғындар саны тоғыз миллионнан асқан. Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін тобына тұрақты жалақысы жоқ, сауда-саттықпен айналысушылар мен ұсақ саудагерлер жатады. Статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылдың үшінші тоқсанында ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер көрсеткіші 4,2 пайызды құраған.

XS
SM
MD
LG