Accessibility links

Бішкек: Экстремизмге ұрынған әйелдер көбейіп барады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қырғызстан ішкі істер министрлігі елде экстремизмге тартылған әйелдердің саны артып келе жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Ішкі істер министрі Мелис Тұрғанбаевтың бүгін Баткенде өтіп жатқан діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері жөніндегі форумда айтуынша, соңғы он жылда экстремизм идеясына бой алдырған әйелдер саны ұлғайған. Олардың орташа жасы 22-25 жасты құрайды. Министр Баткен облысынан Сирия мен Иракқа 40-тан астам адам кетіп, олардың 10-ы қаза тапқанын, төртеуі Қырғызстанға оралғанын айтады.

Қырғызстан билігінің мәліметінше, Сирия мен Ирактағы содырлар қатарына тартылған Қырғызстан азаматтарының саны 500-ден асады. Қырғыз билігі Сирия мен Иракқа Ош, Баткен және Жалал-Абад облыстарынан ең көп адам кеткенін айтады. Бейресми деректер бойынша, Сирияға соғысқа кеткен қырғызстандықтар саны мың адамға жетуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG