Accessibility links

ТЖК: тасқын қаупінен мыңға жуық адам көшірілді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстанда көктемгі тасқын салдарынан мыңға жуық адам мекен-жайынан көшірілген деп хабарлайды Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті (ТЖК).

Комитет дерегі бойынша, қазіргі кезде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында 43 елді мекенді су басқан. Көктемі тасқын басталғалы бері 513 тұрғын жайды су басып, 201 үй суда қалды деп хабарлайды ТЖК. Тасқын автокөлік жолдарындағы 190 учаске мен екі көпірді бүлдірген.

Төтенше жағдай аймақтарынан 961 адам көшірілген, 464 адам қазіргі уақытта өз үйлеріне қайтып оралған, 468 адам туыстарының үйін, 29 адам – эвакуация орындарын паналған деп хабарлайды ТЖК.

Комитет төтенше жайдайлар аймақтарында тасқыннан қорғану мақсатында уақытша бөгеттер орнатылып, су басқан жерлерде оны сорып шығаруға арнайы техника пайдаланылып жатқаны туралы хабарлайды.

XS
SM
MD
LG