Accessibility links

Сейітқазы Матаевтың үйқамақта отыру мерзімі ұзарды


Қазақстан журналистер одағының жетекшісі Сейтқазы Матаев.

Қазақстан журналистер одағының жетекшісі Сейтқазы Матаев.

Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың үйқамақта отыру мерзімі 22 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы Азаттыққа Матаевтың адвокаты Андрей Петров хабарлады. Үйқамақта отыру мерзімін ұзарту мәселесі бүгін түстен кейін Алматының Медеу аудандық сотында өткен. Петров сот шешіміне шағымданатынын айтады. Бұған дейін адвокаттар соттан Матаевты кепілге босатуды сұраған.

"Сот жедел тергеу тобының жетекшісі Сәкен Таубалдының Сейітқазы Матаевтың үйқамақта отыру мерзімін 22 мамырға дейін ұзарту өтінішін қанағаттандырды. Үйқамақта отыратын орын мен қолданыстағы шектеулер өзгертілмеді" деп хабарлайды Медеу аудандық сотының судьясы Бауыржан Күншаевқа сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі.

Сейітқазы Матаев 24 ақпаннан бері үйқамақта отыр. Оның ұлы, ҚазТАГ агенттігінің жетекшісі Әсет Матаев та үйқамақта. Олар мемлекеттен ақпараттық саясатқа бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша күдікті ретінде танылып, қамауда отыр. Матаевтар өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарып, істі үкіметтік емес бірлестік пен ақпарат құралына қысым деп бағалайды.

XS
SM
MD
LG