Accessibility links

Путин: Түркия азамат соғысы жағдайында тұр


Ресей президенті Владимир Путин тікелей эфирде. Мәскеу, 14 сәуір 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин тікелей эфирде. Мәскеу, 14 сәуір 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин "Түркия іс жүзінде азамат соғысы жағдайында тұрған мемлекет" және "бұл елге сапарлау ресейліктер үшін қауіпсіз емес" деп мәлімдеді.

Мәскеуде тікелей эфирден тұрғындар сауалына жауап берген Путин Түркия басшыларын "террористермен күресуден гөрі олармен ынтымақтасып отыр" деп айыптады.

Ол "Түркияны досымыз деп санаймыз, бірақ ақылға қонымсыз іс істейтін кейбір саясаткерлерімен қатынасымыз нашар" деді.

Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасы Түркия 2015 жылы қарашада Сириямен шекарада ресейлік әскери ұшақты атып құлатқан соң нашарлаған. Ұшақ Ресейдің Сириядағы әскери операциясында тапсырмамен ұшып жүрген, бірақ Түркия ұшақ өз әуе кеңістігін әлденеше рет бұзды дейді. Ресей жағы мұны жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG