Accessibility links

Жапонияда зілзаладан 2 адам қаза тапты


Масики қаласының тұрғындары жер сілкінісінен қираған қабырғалар жанында кетіп барады. Жапония, 14 сәуір 2016 жыл.
Масики қаласының тұрғындары жер сілкінісінен қираған қабырғалар жанында кетіп барады. Жапония, 14 сәуір 2016 жыл.

Жапонияның оңтүстігінде күшті жер сілкінісінен екі адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды. Құтқарушылар қирандылар астынан адамдарды іздеу, құтқару жұмыстарын түнде де жалғастырды. Қуаты 6 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі біраз ғимарат қираған. Жергілікті билік зілзаладан атом электр станцияларына қауіп төніп тұрған жоқ дейді. NHK телеарнасы цунами тұру қаупі жоғын хабарлады.

Құрбандардың бірі ғимарат қирағанда, екіншісі зілзаладан шыққан өрт кезінде қайтыс болған. Кем дегенде 400 адам ауруханаға түскен. Құрбандар саны артуы мүмкін деген болжам бар. Кумамото қаласы билігінің өкілі тоғыз адам қаза тапқаны туралы дерек барын мәлімдеді. Зілзала Кюсю аралында да болып, мыңдаған адам үй-жайын тастап кеткен.

XS
SM
MD
LG