Accessibility links

IHS: ИМ кірісі 30 пайызға азайды


ИМ бақылауынан босаған Эл-Карьятин қаласында ИМ туын ұстап тұрған сириялық сарбаз. Сирия, сәуір 2016 жыл.

ИМ бақылауынан босаған Эл-Карьятин қаласында ИМ туын ұстап тұрған сириялық сарбаз. Сирия, сәуір 2016 жыл.

АҚШ-та орналасқан IHS зерттеу ұйымы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының табысы соңғы 15 айда үштен бірге азайғанын хабарлады. Ұйым ИМ табысының азаюы содырлардың өздері жариялаған халифатты ұзақ уақыт ұстап тұруына қауіп төндіреді дейді.

18 сәуірде таратқан ақпаратында IHS ИМ табысы өткен жылдың ортасындағы 80 миллион доллардан биыл наурызда 56 миллион долларға дейін азайғанын айтады.

Ұйым бұған қоса ИМ бақылауындағы аймақтарда тәуліктік мұнай өндіру көлемі өткен жылдың ортасындағы 33 мың баррельден наурызда 210 мың баррельге дейін азайған дейді. Бұған мұнай өндіретін бұрғылар мен құрылғылардың әуе шабуылдарынан істен шығуы себеп болған.

ИМ бақылайтын территория да 22 пайызға қысқарып, қазір қол астындағы халық саны бұрынғы 9 миллион адамнан 6 миллион адамға азайған. Бұл салықтың азаюына да әсер етіп, ИМ содырлары тұрғындарға спутник табақшасын орнатқаны үшін немесе тартымды қалаларға арналған жеке салық түрлерін енгізген.

XS
SM
MD
LG