Accessibility links

Украина Қазақстаннан мұнай импорттай бастады


Мұнай өндіруші компания жұмысшысы алақанына мұнай құйып тұр. Қызылорда облысы, 22 қаңтар 2016 жыл.

Мұнай өндіруші компания жұмысшысы алақанына мұнай құйып тұр. Қызылорда облысы, 22 қаңтар 2016 жыл.

Украинаға Қазақстаннан экспортталған мұнайдың алғашқы партиясы жете бастады. Украинаның "Укргаздобыча" компаниясы ресми сайтының хабарлауынша, Шбелинск мұнай өңдеу зауытына деп бастапқыда 10 мың тонна мұнай импорттау туралы келісім жасалған. Алғашқы мұнай таситын 29 вагон қазір Украинаға жеткен.

Компания Қазақстаннан ары қарайғы мұнай жеткізу кестесі алғашқы жеткізілген мұнайдың қалай өңделетініне байланысты болатынын айтады.

Қазақстаннан мұнай импорттау туралы келісім көмірсутек шикізатын сатып алу туралы өткен ашық бәсекелі конкурс нәтижесінде жасалған. Конкурсқа қатысқан төрт жеткізуші арасында ең төмен бағаны Қазақстан мұнайын жеткізуші ұсынған.

XS
SM
MD
LG