Accessibility links

Астанада жер дауы жайлы жалғыз адам пикеті өтті


Қарағандылық белсенді Ғалымбек Акулбеков үкіметтің жер сату жоспарына қарсы бір адамдық пикет ұйымдастырып тұр. Астана, 20 сәуір 2016 жыл

Қарағандылық белсенді Ғалымбек Акулбеков үкіметтің жер сату жоспарына қарсы бір адамдық пикет ұйымдастырып тұр. Астана, 20 сәуір 2016 жыл

Бүгін Астанадағы парламент ғимаратының алдында қарағандылық белсенді Ғалымбек Акулбеков үкіметтің ауыл шаруашылық жерлерін аукцион арқылы сату жоспарына қарсылығын білдіру үшін жалғыз адамдық пикет өткізді.

- Депутаттардың атына топтап хат қалдыруға болмайды екен. Сондықтан тек Мұхтар Тінікеевке үндеу жазып, мәжілістің хат бөліміне қалдырдым. Енді шетелдіктерге жер сатуға, жалға беруге қарсылығымды осылай ашық түрде көрсеткім келді, - деді ол Азаттықтың тілшісіне.

Белсенді парламент пен үкімет үйінің ортасында Ақорданың маңында «Жер сатылмасын» деген жазуы бар қағазды бес минуттай ұстап тұрды. Осы уақыттың ішінде оған арнайы жасақ киіміндегі қызметкерлер ескерту жасады. Ғалымбек Акулбеков ескертуден кейін қолындағы қағазын жинап қоюға мәжбүр болды. Белсенді арнайы жасақ қызметкерлеріне жалғыз адамдық пикет өткізу заңға қайшы еместігін түсіндіруге тырысты. Бірақ белсендіні полиция көлігі Есіл аудандық ішкі істер бөліміне алып кетті.

2016 жылғы наурыз айының соңында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев шілденің 1-інен бастап Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерлерінің аукцион арқылы сатылатыны туралы мәлімдеме жасаған соң бұл жоспарға қатысты қоғамдық наразылық жиіледі.

XS
SM
MD
LG