Accessibility links

"Атамекен": Қазақстан жүк көліктері Ресей шекарасынан өте алмай тұр


Беларусьтің Ресеймен шекарасында тұрған жүк көліктері (Көрнекі сурет).

Беларусьтің Ресеймен шекарасында тұрған жүк көліктері (Көрнекі сурет).

Украинадан Қазақстанға жүк таситын ондаған көлік Ресей шекарасында бөгеліп тұр деп хабарлады "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасы. Палатаның ресми сайтында хабарланғандай, жүк көліктерінің Ресей шекарасынан бері жіберілмей тұрғанына Ресей билігі енгізген жүктерді қосымша бақылау шараларын енгізуі себеп.

Жүк көліктері Беларусь-Ресей шекарасында "Красная горка" өткізу бекетінде жиналып қалған. Жүк тасымалдаушылардың мәліметінше, көліктердің біразына ГЛОНАСС жүйесіне сай пломба салынғанымен, кеден күзетінің бірге жүруін күтіп тұр.

"Атамекен" палатасының мәліметінше, Ресей үкіметінің қаулысына сай 16 сәуірден бастап Украинадан Қазақстанға транзит арқылы жүк таситын барлық көлік құралында (теміржол мен авто көлік) ГЛОНАСС жүйесі негізіндегі пломба қойылуы тиіс. Пломба Ресей территориясына кірерде салынып, шығарда шешіледі. Бұған қоса Ресей территориясынан өтетін жүк көліктері кеден күзетімен жүруі тиіс.

Палата ГЛОНАСС есептеуіші бар пломбаны орнату ережесі "соңына дейін тексерілмегенін" және ол беларусь-ресей территориясында транзиттік көліктердің жиналып қалуына әкеп соқтыратынын айтады.

"Атамекен" бұған қоса Рсеей бақылаушы органдарының Қазақстанға жүк тасымалдаушыларға қоятын талаптары көп екенін айтады. Талаптардың арасында жүк көлігін Еуразия экономикалық одағының сыртқы шекарасында толық тексеру, Ресей кеден органдарының күзетімен жүру, Ресейден шыға беріс шекарада да көлікті қайталап толық тексеру және басқалары бар.

XS
SM
MD
LG